Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5085 0 пікір 31 Қазан, 2013 сағат 05:49

Одақ әлдекiмдердiң меншiгiндегi ұйым емес!

Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға

АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!

Сiздiң шешiмiңiзбен Жазушылар одағының төр­ағасы Нұрлан Оразалин Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты болып тағайындалғанда, бұл хабарды әркiм­нiң әртүрлi қабылдағаны рас. Бiрақ мәселе ол туралы емес. Депутаттыққа кiм­дi тағайындаймын десеңiз де, ол өзiңiздiң құзыры­ңыз­дағы нәрсе. Оған төре­лiк айтқалы отырған жоқпыз.

Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға

АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!

Сiздiң шешiмiңiзбен Жазушылар одағының төр­ағасы Нұрлан Оразалин Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты болып тағайындалғанда, бұл хабарды әркiм­нiң әртүрлi қабылдағаны рас. Бiрақ мәселе ол туралы емес. Депутаттыққа кiм­дi тағайындаймын десеңiз де, ол өзiңiздiң құзыры­ңыз­дағы нәрсе. Оған төре­лiк айтқалы отырған жоқпыз.

Мәселе қазақ әдебиетi­нiң қара шаңырағы болған Жазушылар одағының бүгi­нi мен келешегi жайында. Жазушылар одағының төр­ағасы сайланатын, өткен екi сайлаудың екеуiнде де дау-дамайдың көп болғаны, тiптi кейбiр  қаламгер­лердiң Одақтан бөлiнiп кету туралы да ой-пiкiрлерi ортаға салынғаны мәлiм. Ол туралы Сiзге хабар жетпедi деп ойламаймыз. Негiзгi наразылықтар Одақтың белгiлi бiр топтың меншiгiндегi ұйым секiлдi болып қалуы, бүгiнгi әде­биеттi жасап жүрген қа­рымды қаламгерлердiң одаққа бас сұғуды қойғаны,  шығармашылық атмосфераның жоқтығы, құрылтайлардың өз мезгiлiнде өткiзiлмейтiнi, әр сайлаудың жан алысып-жан бе­рiс­кен тақ таласына айналып, жазушылардың екiге жарылып, дүрдараз топқа бөлiнуi, сайлау алдында топ жинау мақсатында қа­та­рынан 42 адамға “Алаш” сыйлығын берiп, жазушылар ұйымын мазаққа ұшыратқаны, ұйымның жарғысына өз мүдде­сi­не лайықталған өзгерiс­тер енгiзуi, одақтың шаруашылығына байланысты есеп-шоттардың құпияға айналуы,  шығармашылық үй­де жазушылардың демалуды қойғаны  тағы сол сияқ­ты келеңсiз­дiктер төңiрегiнде болып отыр. Осы келеңсiздiктер Н.Оразалиннiң басқару iсiндегi кеткен қателiктер екенi және кезiнде олар туралы сын пiкiрлердiң көп айтылғаны белгiлi. Алайда төраға бұдан ешқандай қорытынды шығармады, одақтағы атмосфераны жақ­сартуға шамасы жетпе­дi, құлқы да болмады.

Осының бәрiне көз жұ­мып өткенге салауат деуге де болар едi, бiрақ алдымыздан тағы бiр даулы мәселе шығып отыр.

Н.Оразалиннiң, Парламентке  ауысуына қарамастан, бұрынғы төрағалық қызметiнде қалуы туралы Сiздiң тарапыңыздан ше­шiм қабылданғаны мәлiм болды. Бiз бұл шешiмнiң қабылдануына Сiзге жеткен бiр жақты дәйексiз ақпараттардың ықпалы болды деген пiкiрдемiз. Сондықтан да Сiздiң атыңызға ашық хат жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Өйткенi Сiз – елiмiздегi Конституциялық заңдылықтың жалғыз кепiлiсiз. Ол заң бойынша: “Парламент депутаты... оқытушылық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметтен басқа, еңбекақылы қызметтер атқаруға... құқығы жоқ.” Ал Одақтың төрағасы – шығармашылық емес, басшылық қызмет. Одақ – қоғамдық ұйым, оның төрағасы тағайындалмайды, жарғы бойынша сайлау арқылы анықталады. Бұл жұрттың бәрiне белгiлi ақиқат. Жарғы бұзылса, Одақтағы жағдайдың одан әрi ушыға беретiнi өзiнен өзi белгiлi нәрсе. Ақыр аяғы белгiлi жазушылардың жеке одақ жасап бөлiнiп кету қаупi бар  екенiн де еске салғымыз келедi.

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Бiздiң ойымызша, жазушылар арасындағы атмосфераны сауықтыру қажет. Оған бiз ғана емес, Сiз де ерекше мүд­де­лiсiз деп бiлемiз. Ол үшiн заңды түрде  кезектен тыс құрылтай өткiзiп, Н.Оразалинге рахметiмiздi айтып, жаңаша ойлайтын, топшылдықпен күресе алатын, жазушылардың басын қоса алатын жаңа төраға сайлауымыз керек.

Осыған ықпал етуiңiздi сұраймыз.

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерi: Қабдеш Жұмадiлов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Герольд Бельгер, Төлен Әбдiков, Әшiрбек Сығай, Мұрат Әуезов, Бигелдi Ғабдуллин, Қастек Баянбай, Қайрат Жұмағалиев, Темiрхан Медетбек, Тынымбай Нұрмағанбетов, Әубәкiр Нiлiбаев, Құрал Тоқмырзин, Сапабек Әсiпұлы, Есенжол Домбаев, Табыл Құлиясов, Бейбiт Қойшыбаев, Ұзақбай Доспанбетов, Аян Нысаналин, Жарыл­қап Бейсенбай, Исраил Сапарбай, Ибрагим Исаев, Ханбибi Есенғараева, Әмiрхан Меңдеке, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Мырзан Кенжебай, Ғұсман Жандыбаев, Төрежан Мәндiбаев, Айсұлу Қадырбаева, Құдияр Бiләл, Жұмаш Сомжүрек, Кәрiм Айнабеков, Амантай Ахетов, Мылтықбай Ерiмбетов, Сәндiбек Жұбаниязов, Болат Жетекбай, Әбжан Әбiлтаев,  Рахат Қосбармақов, Жеткерген Әбдiрей, Сая Исса, Серiкқали Хасан және т.б.

 

 

0 пікір