Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2644 0 пікір 12 Қазан, 2013 сағат 06:05

Келісім-шарт: 15 миллиард теңге

 Шығыс Қазақстанның Алматыдағы күндері басталып кетті. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған біздің делегация Достық үйінде өткен екі аймақ кәсіпкерлерінің «Бизнес диалогы  аймақтарды дамыту серпілісі» атты бизнес-форумына қатысты. Басқосу алдында ғимараттың ауласы мен кіреберіс залында облысымыздың өндірістік орындары өнімдерінің ауқымды көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан ЕСІМОВ аталмыш бизнес-форумның бұрыннан жоспарланған шара екенін айтып, ел өңірлерінің экономикасы бірін-бірі толықтырып отыруы қажеттігін ерекше атап өтті.
 Мен Шығыс Қазақстан облысын өте жақсы білемін, онда жиі жолым түскен-ді, бірнеше мәрте болғанмын. Ол  қарқын ала дамып келе жатқан әлеуеті зор, әл-ауқаты мықты өңір. Шығыста экономиканың барлық салалары өркендеп, жаңа инновациялық өндіріс орындары ашылуда. Сол себепті, Шығыс Қазақстан Алматы қаласының іскер топтарын маңызды және тиімді серіктес ретінде ерекше қызықтыра бермек,  деді шаһар әкімі.
Ол, сонымен қатар, облыс басшылығына тамаша ұйымдастырылған көрме үшін өз ризашылығын білдірді.

 Алматының орны баршамыз үшін әрдайым бөлек, ол Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы болып қала береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша өңірлер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуымыз қажет. Бизнес-форумды өткізудегі басты мақсатымыз  сіздерге облысымыздың мүмкіндіктерін тағы бір мәрте паш етіп, әріптестігімізді одан әрмен жалғастыру. Аймақтар неғұрлым бір-бірімен жұмыла жұмыс істесе, халықтың әл-ауқаты да арта түспек,  деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін түрлі басы артық құжаттарды азайту бойынша қанатқақты жобаның жүзеге асырылып жатқанын да атап көрсетті. Бұдан соң аймақ басшысы қала әкімдігіне шақыртулары үшін алғысын айтып, жиналғандарға облысымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, әлеуеті туралы, аймақтағы ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша қолға алынған тың жобалар жайында кеңінен баяндады.
Ел аймақтарының өзара ықпалдастығы аясындағы аталмыш форум барысында обысымыздан өндірісшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Юрий Швайченко, «СемАЗ» кәсіпорнының басшысы Әсемхан Досқожанов, «КМК» холдингінің бас директоры Кирилл Польский сөз сөйледі, олар өз жобаларын таныстырып, алматылық іскер азаматтарды әріптестікке шақырды.

Өңір жетістіктерінің көрмесіне Шығыстан 50 жеке кәсіпкер мен 25 ірі өндіріс орнының өкілдері қатысты, атап айтар болсақ, «Азия Авто» АҚ, «Семей асбест цемент бұйымдары зауыты» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Қазақцемент» ЖШС, «Фаворит» ЖШС, «СЗНП-Промсервис» ЖШС, «Қаражыра ЛТД» ЖШС, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «Май» АҚ және басқалар.

Осы күні-ақ екі аймақ кәсіпорындары арасында 15 миллиард теңгенің он шақты келісімшарты жасалды. Оның ішінде 10 миллиард теңгенің екі келісіміне облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ және Алматы қаласының әкімі Ахметжан ЕСІМОВТІҢ қатысуымен қол қойылды. Олар  алматылық «Темірбетон-1» ЖШС мен Семей цемент зауыты арасында және алматылық «Ақсай-Нан» мен Шығыс Қазақстан ұн тарту комбинаты арасында жасалған меморандумдар. «Ақсай-нан» Алматының жартысын нан өнімдерімен қамтиды, олар енді Шығыстың ұнын тұтынатын болады.
 Біз Семейдің цемент зауытымен бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз, кәсіпорынның өнімінің сапасы және олардың тез жеткізілуі көңілімізден шығады, осы тиімді ынтымақтастықты одан әрі өркендетуге мүдделіміз,  дейді «Темірбетон-1» серіктестігінің бас директоры Мұрат Бискультанов.

«Фаворит» серіктестігі  жұқа тақтай шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Олар енді ағаш қалдықтарынан тіс шұқығыштар шығаруды қолға алмақ, мұндай қажетті бұйымды елімізде ешкім өндірмейді екен, жоба құны  22,8 миллион теңге. Өндіріс орнының менеджері Наталья Агафонованың айтуынша, кәсіпорын мұнда өз өнімдерін өткізетін жаңа нарық табу үшін келіп отыр. Нәтижелері де жоқ емес. Олар биыл Алматыда орналасқан «Қазақстан темір жолы» компаниясының бөлімшесіне 66 миллион теңгенің, ал Алматы вагон жөндеу зауытына 47 миллион теңгенің дайын өнімін, негізінен тақтайлар мен фанераның бірнеше түрлерін сатыпты. Форум барысында олар аталмыш кәсіпорынмен ұзақмерзімді келісімдер жасасып, өздеріне жаңа серіктестер тапты.

 Әрине, мына көрмеге қатысып отырған кәсіпорындар  өңірдегі барлық өнеркәсіп орындарының шағын ғана бөлігі. Шығыс Қазақстанның жалпы аймақтық өнімі қазір 1 триллион 300 миллиард теңгеге жақындап келеді. Бізде өндірістің барлық дерлік саласы бар және олар қарқынды дамуда. Ендігі міндет  солар шығарған өнімді өткізу, өзге өңірлермен бірлескен кәсіпорындар құрып, ортақ жобаларды қолға алу, инвестиция тарту. Әсіресе, біз Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарымен, сонымен қатар Алматы шаһарымен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ден қойып отырмыз,  деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтығұтов.

Көрмеге келген жергілікті кәсіпорын өкілдері мен іскер азаматтар облысымыздың өндірістік орындарына, тауарларына және біздегі іске асырылып жатқан іргелі жобаларға асқан қызығушылық танытты. Аталмыш бизнес-форумның әлеуеті зор өңір екі арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарға соны серпін беріп, келешегі кемел шаралардың бастауы болғаны анық.

Бүгін Шығыс Қазақстанның ауылшаруашылық тауарлары жәрмеңкесі өтіп, өңірден шыққан зиялы қауыммен, спортшылармен, студенттермен кездесулер, өнер шеберлерінің концерті болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1856
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548