Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2668 0 пікір 5 Қазан, 2013 сағат 05:05

Шығыс ауылы етік шығарып жатыр

 Өскеменге іргесі тиіп жатқан Шығыс ауылында тұратын ағайындардың арасында он саусағынан өнер тамған жас жігіт бар дегенді елден естіп, солай аттандық. Ойымыз - екінің-бірінің еншісіне бұйыра бермейтін етікшілік өнерін, онда да дүңгіршекте отырып табаны түскен аяқ-киімдерді тас-түйін қылатын қатардағы жөндегіш емес, кәдімгідей қазақстандық өнімдерді өз қолымен шығарып жатқан қандасымызбен тілдесу, бәрін көзбен көру еді.

Новоявленка ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының екінші қабатында бір бөлмеге кірдік, қазақтың өрімдей жас екі жігіті бас көтеруге мұршалары, келмей қызу еңбек үстінде екен. Есікті ашқан сәтте былғарының мүңкіген иісі танауды жарып кетті. Тарсылдаған балға мен сақылдаған тігін мәшинесінің дыбысы естіледі құлаққа. Мойынға ілген фотоаппарат пен қолға ұстаған қағаз-қаламды байқап қалған болуы керек, екеуі де жұмыстарын сәл тоқтатып сәлем берді. Қазақы әдеппен «төрлетіңізді» айтуды да ұмытқан жоқ. Хош сонымен, танысып-біліскен соң, келген мақсатымызды түсіндіріп, жас кәсіпкерді әңгімеге тарттық.

– Бұл өнер маған әкемнің қанымен, анамның сүтімен берілді. Оқыған-тоқыған түгім жоқ. Негізгі мамандығым - техникалық саланың қызметкері. Сөйтсе де, қолдан келетін іс болғандықтан, осы кәсіппен айналысуды жөн көрдім. Мұндағы ең басты мақсат - ұлттық нақышы бар заман талабына сай сапалы аяқ киімдерді тігу арқылы ұлттық брендті қалыптастыруға үлес қосу. «Шетелдік өндірушілердің бәрі шығарып жатқан дүниеге біздің неге шамамыз жетпейді?» деген намыс жігерімді қамшылап, ақыры іске бел будым, - дейді Самғау Нәсіпханұлы.

Талапты жастың бұл талпынысын жергілікті атқарушы билік жерде қалдырмай, қолдау білдіріп, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 2 миллион теңге несие алуға көмектесіпті. Осы қаржыға ол Қытайдан тігін мәшинесін және кәсібіне қажетті басқа да құрал-жабдықтар сатып алып, іске кіріскен. Бастапқыда былғарыны Қытайдан әкеліп жүріпті, бірақ кейін ол жақта шикізат бағасы көтеріліп кеткендіктен, Семей мен Алматыдан тасымалдай бастаған. Ал етіктің табандарын (Ресейде жасалған өнімдер) Өскеменнің өзінен сатып алып жүр.

Негізінен мұнда ер адамдар мен әйелдердің аяқ киімдері тапсырыспен тігіледі. Себебі енді ғана аяқтанып келе жатқан кәсіп иесіне тапсырыссыз өнім шығару пайдасыз. Бұрынғыдай емес, қазір кез-келген базарда, сауда орындарында етік-бәтеңкелердің түр-түрі сықап тұр. Қалағаныңызды алып киесіз. Олармен бәсекелесу үшін, әуелі өз өніміңіздің жоғары сұранысқа сай келетіндей танымалдығын арттыру керек.

Самғаудың тіккен етіктері сапалы екен

Міне, осыны бек түйсінген кәсіпкер бірінші кезекте тауардың сапалы, ал бағасының қолжетімді болуына ден қойса, екіншіден, ұлттық нақышта безендірілуін мұрат тұтады. Оның айтуынша, етіктердің ең төменгі бағасы 3,5 мың теңгеден бастап өзіндік шығындарына байланысты жоғарылай береді. Еш қоспасы жоқ таза былғарыға бейнеленген қазақтың ою-өрнегі заманауи үлгідегі аяқ киімдердің сәнін ашып, тамаша үйлесім тапқан. Жуық арада «Арлан» тауарлық белгісімен өнімдер өндіруді қолға алмақшы.

– Бұйыртса, алдағы күндері «Арлан» деген жазуы бар аяқ-киімдер сериясын шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін қаржы да, мүмкіндігіміз де жеткілікті. Алдыңғы несиеге алған қаржының үстіне тағы қосымша облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының көмегімен БҰҰ-ның грантын алдым. Басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаев ағамыз мені өзі іздеп келіп, жас кәсіпкерлерге қандай қолдаулар көрсетілетіні туралы түсіндірді. Соның нәтижесінде 1,5 млн. теңге көлемінде қаржыға ие болдым, - деп сөзін жалғастырған ол кәсіпкерлікті дамытуға облыс басшысынан бастап, барлық жауапты өкілдер жете көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғанын жасырмады.

Айтпақшы, бұдан былай «Арлан» атауымен аяқ киімдермен қатар былғары материалдан тігілетін белдіктер және сағат баулары да сатылымға түспек. Тауар белгісін «Арлан» деп таңдап алудың өзіндік себебі бар екен. Түркілер пір тұтқан көк бөрі қазақ үшін қашан да қастерлі аң дейді ол.

Келешек жоспарымен бөліскен Самғау әңгіме арасында, үлкен бір фабрика ашсам, адамдарды жұмысқа тартсам, ел нарығында отандық өнімдердің ойып тұрып орын алуына үлес қоссам» деген ойын жеткізді. Қазір тігін цехында төрт адам еңбек етуде. Олар алатын айлық табыстың ең төменгі мөлшері - 35-40 мың теңге.

Дұрыс, құптарлық ой. Бір жақсысы, жас кәсіпкердің бұған талап-жігері, ең бастысы, қабілеті жетіп тұр. Қаржы тауып беріп, қолтығынан сәл демеп жіберсе, болғаны. Олай дейтінім, әлемге әйгілі брендтік етіктердің көшірмесін көз алдыңызда айнымастай етіп тігіп беретін оның қолынан әлі талай ерекше дүниелердің шығатынына сенім мол.

Серік Әбілхан, арнайы Abai.kz ақпараттық порталы үшін. Шығыс Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2045
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595