Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3549 0 пікір 25 Қазан, 2013 сағат 04:12

Серікжан Мамбеталин. Құрылтай "Халық рухын" негіз етпесе, Шахановтың жақтаушылары бөлек құрылтай өткізеді

Ғабиден Жәкеев мен Мақсат Нұрыпбаев Құрылтай өткіземіз деген бастамаларын естіген кезде, бірден қолдадым! Өйткені бүгінгі күні қазақ патриоттарының саяси күш болып жұмылуының алғышарттарты - халық қалауы, әрі заман талабы. Сонымен бірге, көпшілікке әлі таныла қоймаған жігіттердің шығуына қуандым, себебі аты шыққан көшбасшыларымыз бір-бірімен айтысып, Құрылтайды шақыруға кім құқылы екенің даулап жатыр.

Құрылтайды бастап шыға алатын жалғыз адам Мұхтар Шаханов екенін түсіне тұра, Ғабиден (Жәкеев) мені сол жөнінде келіссөз жүргізуді сұрады. Өткізілетін Құрылайдың резолюциясында «Халық Рухы» партиясының құрылуы туралы пункт болатыны туралы келістік. Содан кейін, мен ауруханада жатқат Мұхтар Шахановпен кездестім де, Құрылтайды «Халық Рухы» заңдылығын қамтамасыз ететін тетік ретінде қолдауын сұрадым.

Бүгін Құрылтай төңірегіндегі жағдай қатты шатасып кеткен тәрізді. Біріншіден, аспаннан алынған себептерге қарап, «Құрылтай» атауын «Жиналысқа» өзгертіліп тасталды, ал онда “Дөңгелек үстел” деп неге атай салмаймыз ба? Немес Конференция? Құрылтайды өткізудің ешқандай ресми нормалары жоқ (қатысатын делегаттардың саны, Құрылтайға шығарылатын сұрақтар мазмұны т.б.). Сондықтан Құрылтайды өткізуде ешбір кедергілерді көріп тұрған жоқпын, түгел Қазақстаннан және шетелден қазақтарды шақырайық.

Екіншіден, «ұлттық-демократиялық» деген атау бірден арамызды ажыратып тастайды, өйткені демократияға әркімнің көзқарасы әрқилы. Ал Мақсаттың (Нұрыпбаев) ұсынып отырған құжатын ескертпе ретінде қарыстырып, қажетінше қолдансақ болады, бірақ мұны Құрылтай нәтижесінің деклорациясы етіп қабылдауға жарамайды. Бұл документте жазылған дүниелер әлі «шикі», әрі билікке Мұхтар Шаханов бастаған Біздерге ұлтшылдылық мінін жабуға мүмкіндік береді. Егер біз мұндай бағыттағы құжаттарды Мұхтар Шахановтың және оның жақтастарының қатысуымен қабылдайтын болсақ, «Халық Рухының» тіркелуі туралы ұмытсақ та болады, себебі бұл Конституцияға қарсы келеді. Айтылғандарды назарға алсақ, Құрылтай бастамашыларының билікпен келіссөз жүргізіп, лезде әрекеттерін ауыстыра қойғаны бар сияқты.

Ең басты сұрағым – Құрылтайдың нәтижесінде не болады? Соншама адамды не үшін жинап жатырмыз? Тағы да бір рет жиналып, өтімі жоқ мәлімдеме қабылдау үшін өткіземіз бе? Соқырдың өзі биліктің ауысып жатқаның байқайды, Назарбаевтың саяси аренадан кетуі жақындап қалды, сондықтан қазақ қоғамын біріктіріп, артынан ерте алатын саяси күшті күтіп отыр. Бұл күш міндетті түрде саяси партиямен дәрежесі пара-пар болып, бізден бөлек жетіп жатқан қоғамдық ұйымның көлемінде қалмауы тиіс.

Алғаш рет мұндай дәрежедегі күшті ұйымдастыру әрекеті 2007 жылы жасалды. 1300-ден астам делегат жиналып, «Халық Рухы» партиясының съезі өткізілді. Осынша делегатты жинап, съезд өткізу бүгін кімнің қолынан келеді? Партияны тіркеуде бастамашы топ үлкен жұмыс атқарып, 65 мың қол жинады. Бұл дегеніміз, кем дегенде 65 мың адам Мұхтар Шахановтың партия құра алатынына сенді. Енді өзіміздің жақтастарымыздың әрекеттерінен мыңдаған азаматтардың сенімін бұзуға барамыз ба?

Екінші рет ұлтжандылардың басын қосудағы амалымыз 2011 жылдың желтоқсанында болды. Сол кезде Руханиятты бастап, мен деген ұлтжандылармен жеке сөйлесіп, партия тізіміне кіруге шақырдым. Жалпы 27 адамнын тұратын тізімді біз сайлауға тіркеп, барлық кедергілерден өттік. Кейін алты облысты аралап, халықтың үлкен қолдауына ие болғанымызды көрген билік, қауіптеніп, бізді сайлаудан заңсыз алып тастады. Ресми алғанда біздерді кворумның болмағандығы үшін сайлаудан алып тастады, бірақ Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінде өткен съезде бос орын болмағанын көрген боларсыздар?! Ақыры партия барда патриоттар үлкен күш, әрі келесі сайлауда жеңе алатынын түсініп, партияны тартып алуда барын іске қосты.

Күрделі өзгерістер уақыты таяды. Барлық тәуелсіз БАҚ-тың көзін құртып, билік, “Нұр Отанды” күшейтіп жатыр. Бігінгі күні елімізде БІРДЕ-БІР (!) оппозициялық партия жоқ. “Азатты” жойдыруға жіберді, “КПК” қатарынан екі мезгіл сайлауға қатысқан жоқ, “Алғаны” сол беті тіркемей қойды. Халық дауыс бергісі келсе де, барып берер партия қалмады. Ертең аяқ астынан сайлау жарияласа, Мұхтар Шаханов, Рысбек Сәрсенбаев, Әміржан Қосанов, Мереке Құлкенов, Зәуреш Батталова және басқа мықты азаматтар сайлауға қалай қатысады? Нақты қадамдар жасаудың орнына Құрылтайда сөз таластырып қойсақ, халық бізге қалай сенеді? Бәрінен шаршаған халық, Құрылтайдың нәтижесіз өткенін көрсе, Мұхтар Шахановты да, оны жақтаған ұлтжандыларды да келешекте қолдамақ түгіл көргілері де келмей қалады. Ал мұндай жағдайды билік пайдаланып, тағы да бір рет ұлтжандылар билікке таласуды қойғанда, ауыз бірлікке келе алмады деуге негізі бар.

Сондықтан Құрылтай қарастыратын басты мәселелерінің бірі ретінде «Халық Рухы» партиясының құрылуы және биліктен оның ресми тіркелуін талап ету болуы қажет. Осыған қатысты Бас Прокуратураға арналған мәлімдеме дайын. Сол Құрылтайда біздер халықаралық құқық қорғаушы ұйымдарға партияның тағдырына зер салуды сұраймыз. Тіпті билік тіркемесе де, мұнда ешбір қиындықты көріп тұрған жоқпын. Барлығымыз білетін Алға партиясы тіркелмей-ақ, ұзақ уақыт бойына жемісті жұмыс жасаған болатын. Ал уақыты келгенде, билікті, халықтың өзі «Халық рухын» мойындатқызады, себебі оның қатысуынсыз ешбір сайлау заңды болып қабылданбайды. Партияны құруда 99% жұмыс жасалып қойды: съезд өтті, қолдар жиналды, сайт ашылды. Енді қалғаны Құрылтай кезінде Саяси Кеңес құрамын, жергілікті бөлімше басшыларын сайлап, іске кірісу. Уақыт жіберіп алсақ, ұлтжандылар партиясын Ақ Орда лезде құрып жібереді. Жұмыссыз жүрген Ерлан Қарин және Берік Әбдіғали сияқты патриоттар ондай жұмысты бастап шыға алады

Барлығымызды партия басшысы кім болатыны туралы сұрақ толғандырып тұр деймін, көшбасшымыз – Мұхтар Шаханов!

Сондықтан бірден айта кетейін, өз басым билікке ешқандай ұмтылысым жоқ. Партияның Саяси Кеңесіне кіретін Рысбек Сәрсенбаев және Әміржан Қосанов сияқты азаматтар тізімін ойластыруды ұсынамын. Ертең олар Мәжіліске барып, нақты жұмыстармен айналысады. Барлықтарыңызды осыны қолдауды сұраймын, болмаған жағдайда, Мұхтар Шахановтың жақтаушылары бөлек «Халық Рухының» құрылтайын өткізеді. Бұл біздің қуатты саяси партия құрудағы соңғы мүмкіндігіміз!

0 пікір

Үздік материалдар