Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3170 0 пікір 18 Қазан, 2013 сағат 05:12

М.Әуезов театрының 88-маусымы тың жаңалықтармен ашылды

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының  88-маусымы Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасымен салтанатты түрде ашылды. Маусымның ашылуына республикалық БАҚ өкілдері және өнердің белгілі азаматтары қатысты.  Сағат 16:00 басталған маусымның ашылуына келген қонақтарды театр жаңалықтармен таныстыратын  арнайы экскурсия жасалынып, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатына театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек, ҚР халық артисі Есмұхан Обаев, ҚР халық артисі Құман Тастанбеков,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Темірсұлтанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс және театрымыздың жас актері Еркебұлан Дайыров қатысты.  Баспасөз мәслихатынан кейін театрдың  ақсақалы ҚР халық артисі Сәбит Оразбаев бастаған  артистердің салтанатты шеруі өтті. 

Биылғы маусымның басты жаңалықтарына тоқталып өтсек: театрға жас актерлер, режиссерлер қабылданып, спектакльдердің  жоғары деңгейде шығуына ат салысатын мамандар тартылды. Көрерменге жасалатын жағдай  бүгінгі талапқа сай болу  үшін театрдың үлкен залындағы  800 кісілік  орындықтар жаңаланды. Театрдың алдына 24 сағат бойы театр қойылымдары мен актерлерді жарнамалап, ақпарат беріп тұратын  5х3 көлемдегі үлкен LED экран қойылды.  Театрдың, жалпы өнер адамдарының  қалың көрерменмен  тығыз байланысын  орнату мақсатында   «Баспасөз қызметі» бөлімі  және театр спектакльдерінің  үздік қойылымдарын бейнетаспаға кәсіптік деңгейде сапалы жазылуын қамтамасыз ететін «Дыбыс және бейнежазу» студиясы  ашылып, оған да  кәсіби мамандар тартылды. Ең негізгісі театрдың 45 жылдық тарихы бар музейі кеңейтіліп, жаңадан жабдықталды. Театрдың екінші қабатында қара шаңырақтың 90 жылға жуық тарихын қамтитын экспонаттар  орналастырылды. Осы жазда Алматы қаласы әкімшілігінің  қолдауымен  театр ғимараты алдындағы субұрқақ күрделі жөндеуден өтіп, іске қосылғандығында атап өтсек болады. Сондай-ақ, 2014 жылдың қаңтарынан бастап театр билетін  электронды жүйемен сату қолға алынады.

Жаңа маусымнан бастап, әрбір көрермен театрдың тек спектакль көріп қана қайтатын орын емес, үлкен рухани танымдық сана сыйлайтын киелі орда екенін сезінуі үшін, көрермендерді  күндізгі сағат  15-00 ден бастап қабылдай алатын, кешкі қойылымға дейінгі уақытын барынша әсерлі өткізуіне жағдай  жасауда...

Қара шаңырақ театрдың таяп қалған 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ерекше ынтамен жұмысқа кірісті.  

"Абай-ақпарат"

0 пікір