Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2767 0 пікір 18 Қыркүйек, 2013 сағат 05:05

Маңғыстаудағы мұнай компаниялары қазақ етінен неге жиренді?

 

 
Шетпе-Маңғыстау ауданынының орталығы. Былай қарасаң тоғыз жолдың торабында тұр. Ол бір кездері Маңғыстауды мыңғыраған малымен асыраған аудан. Әрине бұрынғыдай бел қайысып тұрмағанымен әлі күнге қораларында маңырамасыз үй жоқ. Мұнда 30 мыңның үстінде адам тұрады. Түтін саны 6 мыңға жуық. Ауылда жұмыс жоқ. Жергілікті ел күндерін сол малмен көріп отыр. Ал жастар жағы табыс іздеп қалаға қарай кетуге тырысады немесе қолдары жеткендері вахталық ауысыммен жұмыс істейді. Шетпе тұрғындарының басындағы проблема тек Маңғыстау облысына ғана емес жалпақ Қазақстанға тән құбылыс. Онымен ешкімді таңқалдырмайсың. Халық та соған көнген. Бірақ бұл мұнайлы аудан ғой. Оның маңында «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Жетібаймұнайгаз» тәрізді ірі мұнай компаниялары мен өндірістері шоғырланған. Ендеше елдің кетеуі неге кетіп отыр? Бұл сауалға жауапты «Не хабар?!» тілшісі шетпеліктердің өзінен сұраған.

ЖҰПЫНЫ ҮЙДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

 

 

 
Шетпе-Маңғыстау ауданынының орталығы. Былай қарасаң тоғыз жолдың торабында тұр. Ол бір кездері Маңғыстауды мыңғыраған малымен асыраған аудан. Әрине бұрынғыдай бел қайысып тұрмағанымен әлі күнге қораларында маңырамасыз үй жоқ. Мұнда 30 мыңның үстінде адам тұрады. Түтін саны 6 мыңға жуық. Ауылда жұмыс жоқ. Жергілікті ел күндерін сол малмен көріп отыр. Ал жастар жағы табыс іздеп қалаға қарай кетуге тырысады немесе қолдары жеткендері вахталық ауысыммен жұмыс істейді. Шетпе тұрғындарының басындағы проблема тек Маңғыстау облысына ғана емес жалпақ Қазақстанға тән құбылыс. Онымен ешкімді таңқалдырмайсың. Халық та соған көнген. Бірақ бұл мұнайлы аудан ғой. Оның маңында «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Жетібаймұнайгаз» тәрізді ірі мұнай компаниялары мен өндірістері шоғырланған. Ендеше елдің кетеуі неге кетіп отыр? Бұл сауалға жауапты «Не хабар?!» тілшісі шетпеліктердің өзінен сұраған.

ЖҰПЫНЫ ҮЙДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

 

-Кеңсемізде күтіп отырмыз,- деді телефон шалғанымда Жәкең. Жәкең деп отырғаным белгілі қоғам белсендісі Жәнібек ҚОЖЫҚ. Ол Шетпеге ғана емес, республикаға белгілі азамат. Шетпенің мұңын жалғыз шертіп жүр десек артық айтпаймыз. Өйткені ел есінде «Жаңаөзен оқиғасы» деген атпен мәңгі қалған сұрапылда, оған және күні бүгінге дейін шетпеліктердің табыс үшін емес намыс үшін, ел амандығы үшін наразылық танытқандарын айтудан жалыққан емес. Аяқ асты болған дөңгелек үстел басына Жәнібек Қожықтан өзге Сегізбай ӘНЕС, Жетібай ЖЫЛҚЫШИЕВ ақсақал, Нұрсұлтан МӘШРҮПОВ, Дүйсен ЕРМАҒАМБЕТОВ, Айсұлу БЕКТІБАЕВА келіпті. Құлақдар болған басқа да ауыл адамдары бірінен соң бірі келіп жатты. «Бұл осы жердегі саяси көзқарасы бар адамдардың бас қосатын жері. Себебі екі үш ниеттестер сыртта біріге қалсақ ілік іздеген билік үшін «митинг» немес «пикет» болып кетуі мүмкін. Мұнда жеке шаруамызды емес, елдің жайын ақылдасуға келеміз» десті жиналғандар.

Маңғыстау ауданына сырттан келген адам жоқ. Жаңаөзенге немес Ақтауға сыймай жатқан оралмандар мәселесі мұнда қозғалмайды. Себебі жұмысы жоқ ауылға олар ат басын бұрмайды.

 

МАЛДЫҢ МАШАҚАТЫ

 

 

Жиналғандардың айтуынша ауданда 270 мыңдай қой ешкі бар. Қазақтың малдың санын нақтыламайтынын ескерсек 350 мың бас ұсақ, 70 мың ірі қара мал бар деп әбден айтуға болады. Малды асырау оңай емес. Оны баптаудың бейнетін былай қойғанда жем-шөбінің өзі неге тұрады? Шетпеліктердің айтуынша қыстан алып шығудың өзі бір азап. Жем жоқ, ал қауқары жоқ кебектің өзін 25 мөшектен амалсыз сатып алады. Бағасы да удай -800 теңге. Кебекті сатып пайда көріп отырғандар оның қымбаттылығын ары бері кететін жол кіреге сілтейді. Шөптің жыры бөлек әңгіме. Ол да Маңғыстау ауданы үшін мұнайдан да қымбат тауар. Малы үшін ауыл адамдары шөпті200 шақырымнан астам жол жүріп Үстірттен әкеледі. Не себепті екені белгісіз жем- шөп үшін субсидия бұл аймаққа берілмейді. Қыстан малын аман алып шығу үшін 60мың теңгеге әр үй шөп сатып алады.

 

ЕТ САТУ

 

«Қызықтың көкесі сол малды саудалауға базарға апарғанда басталады, -дейді жиналғандар.-Тірлік болған соң не балаң үйленеді, не үлкен кісіңді жөнелтуге тура келеді. Алдымен «Газельді» 30 мың теңгеге жалдап аласың. Таң бозынан келсең де ет сатып алушы әйелдер сенің жаныңа бірден жолай қоймайды. себебі олардың өз клиенті бар, бөтенді анадайдан таниды. Біреуі етіңді семіз деп, біреуі арық деп менсінбегенсиді. Содан соң «жанашыр» біреуі келіп, «япырмай ә,  сізге қиын болыпты. Сәл күтіңіз, біреуде қарызым бар еді» деп ел аяғы басылғанда бір келеді. Сөйтіп етіңді750 теңгеден әзер сатып алады да, артынша 1 500 теңгеден сатады. Қысы-жазы баққан сенің еңбегің далада қалады, базардағы судагердің бағы жанады. Барына разы болып, ауылға келесің. Осыны ескеріп «бөлік сатамын» деп ауылдастарыңа жария етесің. Олар да қарсылық танытпайды: «аламыз, бірақ ақшасын екі айсыз дәметпейсің» деп шарт қояды. Уақыты жеткенде тиісті ақшаңды сұрасаң: « сата алмай жүргеніңде алып едім, не қылқылдап қоймайсың, бекер алыппын, соған қарап қалдың ба» деп үйдей өкпе естисің. Бұл осы Маңғыстаудағы малы бардың бәрінің басындағы жағдай. Және ол жыл өтсе де өзгермейді» деді олар ел жайын айтқанда.

 

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

 

Бұл сауалға шетпеліктердің жауабы жайын. Олар тіпті тығырықтан шығудың сызбасын да ұсынды. Ауылда дайын мал сою пункті де бар. Бірақ ол әзірге Шетпенің  кіре берісінде тұрған ескерткіш іспетті. Салынғанына бес жылдың жүзі болған бұл орынға жұмсалған шығын да аз емес- 60 миллион теңге. Бірақ оның қызығын не халық, не оны иелігіне алған кәсіпкер Бекайдар  ҚАПАШЕВ көріп отырған жоқ. Оның айтуынша осыншама ақша жұмсалғанымен айдалада  адыра қалып тұрған ғимаратты бес жылға сенімді басқаруға алғанына бірсыпыра уақыт өткен. Бір жағынан елге көмектесіп, екінші жағынан табыс тапқысы келген кәсіпкер жігіт Маңғыстау ауданы әкімінің «3миллион теңге грант береміз» деген емексіткен уәдесіне де үміт артпай біраз қаражат салған. Ішінде талапқа сай жабдықталған ветеринарлық зертханасы бар. Су, газ, ток жүргізуге де аз ақша кетпеген. «Ең бастысы жиырма шақты адамға жұмыс орынын ашамыз» дейді кәсіпкер. Оны қолдаған Жәнібек Қожықтың да айтуынша «малдың терісі де бүлінбей пайдаға асар еді. Ал малды соятын, ішек қарынын тазалайтын, колбаса, басқа да ет өнімдерін дайындайтын, тері илейтін  цех кластерлер ашылар еді. Ел малын сатып еңбегінің жемісін көрер еді». Орынды ұсыныс. Бірақ жиналғандардың айтуынша аудандағы «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнайдың» және іргедегі «Өзенмұнайгаздың» елмен шаруасы жоқ. Нақтылап айтсақ олар шетпеліктер өсірген малмен шаруасы жоқ. Сонда бұл компаниядағылар ет жемей ме? Жейді әрине, бірақ Американың, Австралияның, Белоруссияның, еттерін жейді. Жәнібек Қожықтың есебінше аудандағы ірі кәсіпорыны «Маңғыстаумұнайгаз» күніне 2000 тоннаға жуық ет жейді. -«Қаламқасмұнайгаздағылар» бір күнде 90 қой жейтінін білем. Сонда олар айына 2 700қой жейді екен. Олар тұтынатын еттерінің бәрін емес тек 10 тоннасын бізден алсын.Себебі бәрін алсын деуге Астанада тендер ұтып отырған дөкейлердің балаларынан ұят болар. Біз оларға 1 100 теңгеден ақ берер едік,- дейді ол.

 

СУНЬ СУНЬЮНЬ «ОК» ДЕГЕН

 

Қожықтың сөзінің жаны бар. Жартысы Қытайға тиесілі «Маңғыстаумұнайгаздың» ресми сайтында тендер бойынша 2012 жылы тек 10 күнге 166 кг сиыр етін- 903 245 640,00теңгегеге, ал дәл осы мөлшердегі қой етін -166 476 102,00 cұраныс барлығыкөрстеілген. Ал биылғы жылдың жоспарына сай сұраныс 166 кг сиыр етін- 856 799 260,00 теңгеге, ал қой етін -110 200 000,00 теңгеге сатып алу. Бұл цифрларды айға, одан әрі жылға көбейтсек бұл компанияның шетелдіктерді қалай жарылқап жатқаны айтпаса да түсінікті. Басқа компаниядағы, ал жұмысшы саны ең көп «Өзенмұнайгаздағы» тұтыну есебінің қаншалықты екенін ішіміз сезеді. Бекайдар Қапашев болса жаңа сойылған  малдың етін дайындап беретінін айтып қақпаған есігі қалмаған. Тіпті қыркүйек айы басталғалы 250 адам хабарласып, малын алуды өтінген.

-Олардың тізімін жасап қойдым. Балалардың оқуы басталды, киім- кешекке қаражат керек қой,- дейді ол.

Оның айтуынша жергілікті халықтың малын алу жөніндегі ұсыныстарына байланысты«Маңғыстаумұнайгаздың» бас директоры Сунь СИНЬЮНЬМЕН де әңгіме болған.

-Қытайлық басшы «ок,ок» дегенмен артынан ұстатпай кетті. Екі рет  іздеп бардық орнында жоқ, үшіншісінде «жиналысым бар» деп қабылдамады,- дейді Бекен Қосшиев.

 

ӘКІМ ТОЙДА ЖҮР

 

Естуімізше «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаржамбасмұнайгаз» тәрізді бірнеше мұнай өндірісі орындары басшыларымен жергілікті билік арасында меморандум жасалған. Яғни мұнай компаниялары жергілікті елдің өнімін тұтынуы тиіс болатын. Бірақ бұл туралы түсініктеме айтуға Маңғыстау ауданы әкімі Жармағанбет  АЙТУАРОВТЫҢқолы тиген жоқ. Ол елдің жағдайыннан гөрі маңыздырақ ауданның 85 жылдық мерей тойымен әуре. Аудан әкімшілігіне арнайы барған  «Не хабар?!» -дың тілшісін «басқа уақытта келсін, қолым бос емес» деп кері қайтарды. Ал аппарат басшысы ауыл  әкіміне жолық деп ақыл айтты.

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯЛАР

 

Биліктен жарытып жауап ала алмаған соң мұнай компанияларына қоңырау шалдық.

«Қарақұдықмұнайдың»  өкілі Ирина БЕЛИЧЕНКО жұмысшыларды тамақпен қамтудың бәрі былтырғы ойналған тендерге сай жүргізіліп жатқанын айтты. «Ұтып алғаны тойды басқарып отыр» дейді. Сұрастыра келе бұл компанияға тамақтандыру қызметін көрсетуді тендерден «Бас Маңғыстау» ЖШС ұтып алғаны анықталды. Мұнайшыларды қайдан алынған тағамдармен  тамақтандыратынын сұраған сауалымызға компания директоры Хаджиден ИЗМАИЛОВ бухгалтері Галина ГУСАРОВА арқылы « коммерциялық құпия, айта алмfймын» деген сәлемін жолдады.«Маңғыстаумұнайгаздың» департамент директоры Хоу Тэн Вэ мырза меморандум туралы естігенде мүлде таң қалды. -Мен ол туралы білмеймін. Ол менің шаруам емес,-деді Ноу Тэн вэ мырза «Не хабар?!» тілшісінің сауалына. Ал «Қаражамбасмұнай» АҚвице-президенті Тарас ХИТУОВ әлдебір жиналыста жүргенін көлденең тартып,  қолы тимейтіндігін айтты. Сонымен ол қандай ешкім білмейтін меморандум екенін біз де түсінбедік.

 

P.S. Бет қатталып жатқанда редакциямызға қоңырау шалған қаражамбастық мұнайшылар тамақ сапасының сын көтермейтініне шағым айтты. Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген олар сапасыз тамақтан шілде айының 1-і мен тамыз айынын 30-ы аралығында 50-ге жуық жұмысшының уланып қалғанын да хабарлады.

-Бірақ ол жайт жария етілмеді. Біз ашып айтсақ жұмыстан қуыламыз. Тамағымыз сапасыз, етін жей алмаймыз, сыпырып алып тастаймыз. Жұмысымыз ауыр, бізге құнарлы, сапалы тамақ керек,- деді олар телефон арқылы.

 

«Не хабар?!» мұнайшылар тағамына қатысты зерттеу материалын әрі қарай жалғастыратын болады. Әзірге белгілісі Маңғыстау ауданы ауылдары тұрғындары мұнай компанияларына өтініш айтып хат жазып жатыр.

 

ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті мәліметіне сүйенсек 2012 жылғы қаңтар маусым айларымен салыстырғанда биыл жаңа сойылған, мұздатылған, салқындатылған еттерді сырттан әкелу 3,1%, яғни

 71,9  мың  тоннаға артқан. Оның ішінде Қазақстанға ең ірі ет жеткізушілер:АҚШ–40,7мың тонна (-12,6%), Украина – 17,1 мың тонна (+76,5%), Польша – 3,5 мың тонна (+1,1%), Канада – 1,6 мың тонна (-12,9%), Бразилия – 1,3 мың тонна (+54,9%), Парагвай – 1,3 мың тонна (+158%), Австралия – 1,1 мың тонна (+11,6%), Бельгия – 0,9мың тонна (+119,3%).

 

 Дереккөзі: "НЕ ХАБАР?!" газеті,  №1 18 қыркүйек 2013 жыл

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670