Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2537 0 пікір 12 Қазан, 2013 сағат 05:07

Б. Палымбетов: Мемлекеттік қор қызметін бастағанда жағдай ауыр болғанымен, қиындықтар еңсерілді

Б. Палымбетов: Мемлекеттік қор қызметін бастағанда жағдай ауыр болғанымен, қиындықтар еңсерілді. Мемқор құрылған кез дағдарыс кезеңіне тұспа-тұс келді. Менеджменттің екшелген шешімдерінің арқасында, жобалардың ғұмыры баянды болып қана қоймай, табысты белеске шыға білді. Мұндай пікірді мемқордың 5 жылдығы қарсаңында «Самұрық-Қазына Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов айтты.

«Бұны мен өзіме қатысты тұрғын үй бағытына байланысты айта аламын. Менің ойымша, құрылыс нарығында қаншама адамның алданғанын, ауыр ахуалға қаншама компанияның тап болғанын көптеген адам есінде мықтап сақтап қалғаны анық. Түйткілдердің күрмеуі күрделі болғанымен, олардан өттік. «Самұрық-Қазына» холдингінің 5 жылда бағындырған белестері оңайға соқпады, алайда лайықты атқарылды. Ендігі сәтте алынбайтын қамалдың жоқтығына сенімдімін», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылы «Орнықты дамудың «Қазына» қоры» және «Мемлекеттік активтерді басқару бойынша «Самұрық» қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру нәтижесінде пайда болды.

Дереккөз: ZAKON.KZ АА

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2322
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1902
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1561