Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2483 0 пікір 12 Қазан, 2013 сағат 08:43

Сарапшы: «Самұрық-Қазына» мемқоры екі жылда ауқымды жұмыстардың басын қайырды

17 қазан күні мемлекеттік холдинг – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылғанына бес жыл толады. Мемлекеттік қордың қызметіне Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов (суретте) өз бағасын берді.

Мемқор соңғы 2012-2013 жылдары ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды: шығындар қысқарып, профильдік емес активтер иеліктен шығарылды, деген пікірде Құдайбергенов. «Рентабельділік және тағы басқа жағдайды таразылауға тырысуға мүмкіндік беретін белгілі бір көрсеткіштер бар. Бұл көрсеткіштер бойынша «Самұрық-Қазына» жайлы жағдайда отыр. Персоналды қысқартуды да өздігінше, персонал қысқарғанымен, жұмыс көлемі бұрынғыдай қалады деген сыңайда салмақтауға болады», - деп бағалайды сарапшы.

Бұдан бөлек, О.Құдайбергенов мемқорға бағынышты құрылымдардың бірнешеуінің қызметінде байқалған ахуалдың жақсаруын оң бағалады.

 «Активтер туралы әңгіме қозғасақ, олардың саны еншілес құрылымдарды есептегенде, 500 компанияға жуықтайды. Алайда ірі кәсіпорындар 10-12 ірі активтен тұрады. Олардың ішінде өрлеу өзгерістеріне келсек, бұл Қазмұнайгаз бен Даму банкіне қатысты айтылып отырған дүние», - деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ, О.Құдайбергенов, қорға әрі қарай да алға жылжып, жұмысты жақсарта беруге талпыну керектігін еске салды.

«Егер алпауыт трансұлттық компаниялармен салыстырсақ, бұл тұста «Самұрық-Қазына» олардан шешімдер қабылдауда жеделдік және тиімділік жағынан едәуір қатты қалыс қалуда», - деп түйіндеді сарапшы маман.

Анықтама: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылы «Орнықты дамудың «Қазына» қоры» және «Мемлекеттік активтерді басқару бойынша «Самұрық» қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру нәтижесінде пайда болды.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1959
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1863
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1550