Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1670 2 пікір 29 Желтоқсан, 2023 сағат 13:43

Экс-әділет министрі Бекетаевты қамақта ұстау мерзімі ұзартылды

ҚР экс-әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды.

— Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты, делінген Астана сотының Kazinform сауалына жауабында.

Сот ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректерді жариялауға болмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысының заңсыз жолмен шығарылған активтерді іздеу және қайтару тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.

Ведомство ақпараты бойынша, ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.

Кейінірек Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.

Бас прокуратура күдікті Қазақстаннан шығып кетпек болған жерінен ұсталғанын мәлім етті.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672