Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1644 3 пікір 29 Желтоқсан, 2023 сағат 13:32

Астанада 37 адам мейрамхана тамағынан уланып қалды

Елордада «Okadzaki» қоғамдық тамақтану нысандарының бірінде жаппай тағамнан улану жағдайы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Бастапқыда әлеуметтік желілерде «Okadzaki» мейрамханасынан тамақтанып, уландық деген жазбалар жариялана бастады.

«Алғашқы екі күн қатты ауырдым және жаңажылдық іс-шараларға қатысқандықтан, вирус жұқтырған шығармын деп ойладым. Дене қызуы, әлсіздік, 5 күн тоқтамастан диарея болды. Жедел жәрдем қызметін шақырғанда, олар «инфекциялық улану» диагнозын қойды. Соның алдында «Okadzaki» мейрамханасына суши жеуге барғанбыз. Менімен бірге мейрамханаға барған тағы екі құрбымда улану белгілері байқалды. Біреуі жұқпалы аурулар орталығына барып қаралды. Ондағы дәрігерлер де тамақтан уланып түскен пациенттер көп екенін айтқан», - дейді зардап шегушілердің бірі Әмина Сұлтанғазы.

Бұл мәселе жөнінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді.

«Okadzaki» мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсанда орын алды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны 37 адамды құрады. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2022 жылы да «Okadzaki» қоғамдық тамақтандыру нысандарында 90-нан астам адам уланған еді. Аталған нысандарға қатысты полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады және сот 1 110 900 теңге көлемінде айыппұл салды. Бір объектінің қызметі тоқтатылды.

«Қазір «Okadzaki» мейрамханасында жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Қылмыстық іс қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылған жағдайда, департамент 425-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасайды және шешім қабылдау үшін сотқа жолдайды», - дейді департамент.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2176
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2481
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675