Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Өзгелер 2129 15 пікір 28 Желтоқсан, 2023 сағат 14:52

Польша үлгісі. Дуда мемБАҚ-тан бас тартуда...

Польшаның социалистік мұрадан қалған БАҚ-ты мемлекеттік меншіктеуден бас тартуы 2023 жылдың соңындағы ең басты жаңалықтардың біріне айналды.

«Polska Agencja Prasowa» басылымы Польша мәдениет және ұлттық мұра министрі Сенкевичтің мемлекеттік БАҚ-ты тарату туралы мәлімдесін жариялады.

Польша президенті Анжей Дуданың қаржыландыруды тоқтату туралы шешімінен кейін, Варшава барлық мемлекеттік БАҚ-ты жоюға ниетті екенін Польшаның мәдениет министрі және ұлттық мұра Бартоломей Сенкевич:

«Польша Президентінің мемлекеттік БАҚ-ты қаржыландыруды тоқтату туралы шешіміне байланысты мен «Польша теледидары», «Польша радиосы» және «Польша ақпарат агенттігі» компанияларын тарату рәсімін жалғастыру туралы шешім қабылдадым», - деп, жаһанға жар сала жеткізді.

Сенкевичтің айтуынша, аталған шешім қаржыландыру тоқтатылғаннан кейін «осы компаниялардың одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оларда қажетті қайта құрылымдауды жүргізуге және аталған компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеуге» мүмкіндік береді.

Бұған дейін Дуда жаңа үкімет бақылауға алуға тырысып жатқан мемлекеттік БАҚ-ты қаржыландыру туралы заңға вето қойған болатын. Осындайда Мемлекеттің қолжулығына айналған БАҚ дәстүрінен бас тарту Орталық Азияда қашан туады деген ойға қалады екенсің?!

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар