Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Абай.tv 7685 19 пікір 21 Желтоқсан, 2023 сағат 12:50

Экс-депутат: Президенттен Құдай жасағанды қою керек!

Қазір қазақ саяси сахнасында өзіндік пікірі жоқ жандар жан-дәрмендікпен депутат болу үшін барын салады. Бірақ олардың не депутат, не қарапайым адам, әлде кім екенін алаш баласы біле бермейді.

Теларналар Парламент отырысынан жаңалықтар берген шақта қалғып-мүлгуушілерді көз шалады. Әрі олардың кім екеніне назар аударып жатпаймыз.

Кезінде Ақорда төсінде ойнақтап, Парламент депутаты төсбелгісін өңірінде жарқыратқан экс-тер жетіп артылады. Оның депутат болғанын білеміз де, сол депутат болған шақта не істеп, не қойғанын еске түсіре алмай жататынымыз да жасырын емес.

Осы жайлы экс-депутат, «Ақ жол» фракциясы аппаратының жетекшісі Берік Дүйсембиновтің журналист Нұргелді Әбдіғани жүргізген «Сәрсенбідегі сауалдағы» подкастында айтқан пікірлері көпшілікке ой саларлық.

«Президенттерден Құдай жасағанды қою керек! Ол бізге қызмет ететін ақылды адам. Жиырма миллионның ішінен үздік боп шыққан бір жақсы адам бізге қызмет етуі керек. 7 жыл ма? Жақсы, келістік, жеті жыл қызмет ет. Сонан соң басқасы ауыссын...

Президенттер ауыса берсін, ал елдің мүддесі, елдің жағдайын жасау бағыты ауыспасын! Бір Президенттің билігін жиырма жылға жалғай беретін ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын!

Бүгін ас үйде отырып айтылған нәрсе, ертең көшеге шығады. Мүмкін сондай қателік Президенттің айналасындағы адамдардан кеткен шығар, бірақ Президенттен Құдай жасағанды қою керек!

Адам деген пенде ғой. Құлағына «сен ғұламасың», деп құя берсең, әрине ғұлама болады.

Елімізді бүгінгі қиян-кескі, геосаяси аласапыраннан аман алып шыққымыз келсе, біз бүгін шындықты айтуымыз керек. Әділдік болуы керек! Сайлаудағы әділдік, биліктегі әділдік, соттың әділдігі болуы керек!», - дейді экс-депутат.

Сұхбаттың толық нұсқасын төтендегі сілтемеден көріп шығыңыздар...

;t=59s

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар