Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3341 0 пікір 3 Қазан, 2013 сағат 10:28

Абылайдың асында шаппағанда...

Дархан даламыздың кеңдігін дана да дара туылған бабаларымыз ерлігінен бөліп қарау қай кезде де әбестік болып саналмақ. Өйткені көк байрағын күн сүйген азаттығымыз сол баһадүр бабаларымыздың сан ғасырлық арманы екені даусыз.

         Осындай алмағайып кезеңдерде өзінің ерлігімен де, ақыл-парасат кеңдігімен де көзге түскен айтулы тұлғалардың бірі де бір егейі Абылай хан еді. Ат ойнатып жеткен ата жауы Шарыштың басын алып, шаршы топтың намысын қорлатпаған Әбілмансұр ерлігіне тарих куә.  Ал  Абылай атанып таққа отырып, алты алашқа ұран болғаны да боямасыз ақиқат еді.

         Жасырпатыны жоқ, соңғы жылдар бабалар ерлігіне бас сұғып, аруақ аттап ақыл айтатын «басбұзарлар» көбейіп кетті. Нақтырақ айтсақ, өткен жыл бойы басылым беттерінде Әбілқайыр ханды ардақтап Абылай ханды жамандап, болмаса керісінше жауап қайтарып жұртшылықты жаулыққа жетелеген жандайшаптар додасы болғанын көзқарақты оқырман жақсы біледі. Әлде қашан рухтары әлем шарлап, топырақтары тозған бабаларымыздың аруағын қозғап, мазасын алған мисыздардың көздегені не екен сонда?! Таңым бар. Қалай болған күнде де тарих сахнасына көтерілген бұл екі тұлғаның  ғасырлар бойы қан кешкен қазақ тарихынан алар орны ерекше.

         Абылай ханның туылғанына 300 жыл толды. Бұл туралы тарихын түсініп, тұғырлы тұлғалар туралы ойланатын зиялылар айтып та, жазып та жатыр. Өкініштісі, он жыл сайын ұлықталып отыратын «ұлылар» қатарында үш ғасыр толып отырған Абылай ханның болмағаны. Шын мәнінде Абылай хан елеусіз ғана еліміз көлемінде емес, ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын бір туар ұлы перзент. Ащы да болса айтайын, атам қазақта «Абылайдың асында шаппағанда...» деген сөз бар ғой. Тартысқа түскен тексіздер ұлттың ұлысын ұлықтаудан гөрі өз бабасын ұлы атандыруға тырысқан мына заманда Абылай ханды әлемдік деңгейде тойлауға жете алмайтынымыз хақ. Сондықтан азат мемлекет тарапынан тектілік жасалып, ұлт болып ұйысып Абылайдың асында шапсақ бәріміз үшін мәртебе болар еді. Сөзімнің соңын өткен жылы дау-дамайға түсіп, хан құлағын шулатқан «білгіштерге» арнап жазған «Абылайды ақтау» атты өлеңіммен аяқтағым келеді. Баба рухы бәрімізге жар болғай.

А, құдайлап атқа қонған алаштан,

Абылайдан артық ұл жоқ бағы асқан.

Ерлігіне үн қоспаған ерлердің,

Ездерім-ай, есіміне таласқан.

Аруақтан аларың не азғандар?!

Керек болса ұлт рухын қозғаңдар.

Өлісіне өкпе артпаған ел едік,

Керісумен тозбаңдар.

Алаш үшін Абылай не көрмеген,

Сүрінсе де сырын жатқа бермеген.

Ақтаңгерге оқ тиіп, сасқан кезде,

Көк дөненін Жәнібек,

Тартқан екен көлденең.

Тақымында көкдөнен көкке атылған,

Батырына жүгінді есті ақылман.

Өрлігіңді сағындым баққа туған,

Үшкірінсең үш жүзің сапқа тұрған.

Жаудан аман құтылып дауда қалдың,

Қылығына кектенем қай наданның?!

Мойындаған баласы бар ғаламның,

Өзі куә ісіңе сар далаңның.

Азаттық ед арманың, талғамың да,

Жау анталап тұрғанда жан-жағыңда.

Көкбар етіп додаға салғанымда,

Тыныш жата алмассың тар қабырда.

Есіміңді қорласам есіргенім,

Көсілгенім Сарыарқа, төсінде елім.

Жетесізге жөн айтып жекірмедім,

Алашыңды Абылай «кешір» дедім.

Талапбек Тынысбекұлы

Ақын,

М.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институтының

кіші ғылыми қызметкері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577