Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3292 0 пікір 3 Қазан, 2013 сағат 10:21

Мұхтар Шерім. «Жағымпаз» газетіне жазылдық...

  Біздің қоғам «қызы-ық кино» сияқты... Қалай басылымдарға жазылу басталды, билік білегін түріп, әкімдер «әңгіме» айтып кетеді. Амалсыздан «базар жоқ!» деп жазыла кетесің! Көз алдыңызға «бөебік» кинодағы атысып-шабысып жүретін  кейпкерлерді елестетіп көріңізші?  Онда мен мына сатираны басқаша жазамын: Әне, облыс әкімі мұздай қаруланып алған, пистолетін шығарды да, кабинетіндегі мектеп директорлары мен басқарма бастықтарына бағыттап:

- «Жағымпаз» газетіне жазылым басталды. Облыс бойынша мемлекеттік басылымға  елу мыңнан аса адам жазылатын болсын! Өліп кеткен аталарың мен әжелеріңнің аттарынан да жаздыра беріңдер, сауабы тиеді...-деді.

- «Жас Алаш» газеті шындықты жазады, соған жазыламын дегендер көп...-деп қалды біреу.

- Кімнің аузы жыбырлады?-деп сұрады әкім. Менің қасымда «Талан-тараж» басқармасының бастығы отырған. «Менің аузым айтып қалды..» деп міңгірлегені сол, облыс әкімі оны атып салды. Оқ жүрегіне кіре алмай, майысып, көйлегін жыртқаны болмаса, басекең басын изеп, әкімнен кешірім сұрап жатты. Содан кейін әкім жазылым жоспарына кірген мемлекеттік басылымдардың тізімін оқып берді. Жекеменшік газеттерге бүйрегі бұрылмайтынын айтты. Осы жиылыстан соң бір мектеп директоры   гранат алып, автомат асынып, мұғалімдерді  мәжіліс залына жинап алыпты да: «Бәрің «Жағымпаз» газетіне жазыласыңдар!»-дейді ғой. «Айлығымды толық алғым келіп еді...» деп міңгірлеген әдебиетші қыздың басына гранат лақтырған екен, қасындағы құрбысы етегімен қағып үлгеріпті әйтеуір... Гранат жарылып, көйлегінің етегі жана бастаған екен. Оны өзгелер түкіріктеп әрең өшіріпті. Сол екен, мұғалімдер жаппай «Жағымпаз» газетіне алты айға жазыла бастаған, жұмыстан шығып кетуден қорыққан  мәтемәтика пәнінің мұғалімі дауыстап: «Газет со-ондай «қызық!» Қазақстан жағымпаздары туралы бірден бір басылым. Мен бұл газетке бірден елу жылға жазыламын!»- дейді.

- Ойбай-ау, қазір өзің қырықтасың. Сонда не, тоқсан жас жасаймысың?-деген директор автоматымен атып жібергенде, оқтар әшейін көбелек болып ұшыпты! Мұның бәрін маған әйелім айтып келді. Тарих пәнінен сабақ беретін әйелімнен айналайын, «Жағымпаз», «Биліктің бантигі», «Шенеунік», «Үкілі үкімет», «Сен ары тұр», «Сенатор», «Жасыл экономика» «Қызыл инфрақұрылым» «Көкпеңбек құрылыс», «Қоңыр нарық»  газеттеріне жазылғанын айтқанда, аузым «О» әрпіндей болып ашылып, қайтып жабылмай қалды! Бір ай айлық алмайды енді... Жетпіске келген әжеміз бар еді, пенсиясын алуға барса, пошташы «Жағымпаз» газеті мен «Секс» журналына күштеп жаздыртыпты. Әкем де «Жағымпаз» газетіне еріксіз жазылған.  Универде оқитын ұлым мен қызым да «Жағымпазға» жығылыпты. Бір кезде бірінші сыныпта оқитын қызым келді арсалаңдап.

- Әке ақша берші!

- Е?

- Апай айтып жатыр, «Жағымпаз» газетіне жазыласыңдар деп.

- Ойбай-ау, бұл газетті түсінбейсіңдер ғой?

- Мектепте перәшкі жегенде қолдарың май болмайды, осы газетке орап аласыңдар дейді...

 «Қалайда «Жас Алашқа» жазыламын!» деп тістеніп, ертеңіне бастығымның алдына кірдім.

- Біздің үйге алты  «Жағымпаз» газеті келеді екен. Мен бұл газеттің орнына  «Жас Алаш» газетіне жазылайыншы...—деп өтіндім.

- Не, оппозицияға кеттің бе? Мен де өлгеннің күнінен «Жағымпазға» жазылып отырмын. «Газеті көп үй-- береке, газеті жоқ үй—келеке!»—деп келесі бөлмеге жетелеп апарды. Зеңбірек тұр екен. Қорыққанымнан екінші мәрте «Жағымпаз» газетіне жазылып кеттім. Бір айдан кейін біздің үйге газет жауады! Газеттен сорпа қайнатып ішеміз! «Газет көрпе» жамылып жатамыз! Келінім босанайын деп жатыр. Құдай қаласа, немеремнің атын Газетбек қоямын! Біздің үйге келіңіздер, жабыла газет жинаймыз... Айтпақшы, «Жас Алаш» газетін ала келіңіздерші, «мүжіп» оқиық!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1984
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1957
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575