Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4516 0 пікір 2 Қазан, 2013 сағат 12:21

Ауыт Мұқибек. Ата-баба аманатына адал болайық!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абылай ханның 300-жылдығына арналған сөзінде Ханның «...Ақтық сәтінде: «Хан ием, не арманыңыз бар?» деп сұраған Бұқар жырауға Абылай хан: «Үш арманым бар. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. Екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым» (http://www.egemen.kz/kz/basty-ma-alalar-2/27600-n-rs-ltan-nazarbaev-aza-stan-respublikasyny-prezidenti-abylaj-a-sa-an-azatty) деген үш арманын тілге тиек ете келіп, «Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті» депті. Жете қойған жоқ әлі! Қазіргі таңда, Құдайға шүкір, қазақ халқының Абылай армандаған алғашқы екі арманға жеткені рас.

Ал, «ҮШІНШІ АРМАНЫНА» ше?

Бұл жағынан, әрине, Қазақстан ұятты!  Еліміздің Тәуелсіздігіне 22 жыл болды. Қазақ билігі қазір алыстағы ағайынды ұмытты. Жақында «Ақжол» париясы жетекшісінің депутаттық сауалына берген Үкімет басшысы Серік Ахметовтың «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде» (http://old.abai.kz/node/40310) деген жауабы жағамызды ұстатты.

Негізі, Абылай хан «Үшінші, елдің басын біріктіре алмадым» дегенде тек ұлтаралық тату-тәтті ынтымақты, Қазақстан халқы ассамблеясын айтып отырған жоқ. Жер бетіне тарыдай шашыраған өз халқымды бір шаңырақ астына жия алмадым деп аһ ұрған болатын. Демек, Ұлы Ханың аманатын ешкімнің де жайдақтатуға, түлкі бұлаңға салуға хақысы жоқ! Қайта, Қазақ көшін қалпына келтіріп, шеттегі бес миллион қандасымыздың Атажұртқа кедергісіз келуіне жол ашуымыз, сол арқылы Ұлы баба аманатын қалтқысыз орындауымыз керек!

Еңбастысы, АТА-БАБА АМАНАТЫНА АДАЛ БОЛАЙЫҚ!!!

0 пікір

Үздік материалдар