Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3601 0 пікір 2 Қазан, 2013 сағат 06:47

Интернет-конференция: Жарылқап Қалыбай

Интернет-конфренциямыздың кезекті қонағы Жарылқап Қалыбай мырза оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап бере отырып қазақ тілінің мемелкеттік мәртебесіне лайық болуына қасарысып қарсылық танытып жүрген күштерді әшкерелеп, ашық айыптай сөйледі. «Олар, - дейді Жарылқап мырза, - жетпіс жеті атасының ділі мен тілін сатқан «қара орыстар». «Сондықтан, - дейді ол, - қатары азайып бара жатқанымен айласы мол топтың айтағына көнбей тіл мәселесін тегеурінді түрде тала ете беруіміз керек».

 

–     Жарылқап аға, ұшақ ішіндегі өміріңізді кейін қайтаруға болатын болса, сондағы болған жағдайды (ол жерде нақты не болғанын өзіңіз білесіз) қайталар ма едіңіз?

–     Иә. Тек «Скат» бортсеріктерінің теріс пиғылдарын  білсеммемлекеттік тілде қызмет көрсету талабын у-шу қылмай, мәдениетті түрде ескертіп, куәлер тауып, ертесіне аталған компанияның әкімшілігіне барып, арызданып арызымды тастап қана қайтар едім. Бірақ, менің болмысым ондай зымияндыққа жол бермейді.

Интернет-конфренциямыздың кезекті қонағы Жарылқап Қалыбай мырза оқырман тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап бере отырып қазақ тілінің мемелкеттік мәртебесіне лайық болуына қасарысып қарсылық танытып жүрген күштерді әшкерелеп, ашық айыптай сөйледі. «Олар, - дейді Жарылқап мырза, - жетпіс жеті атасының ділі мен тілін сатқан «қара орыстар». «Сондықтан, - дейді ол, - қатары азайып бара жатқанымен айласы мол топтың айтағына көнбей тіл мәселесін тегеурінді түрде тала ете беруіміз керек».

 

–     Жарылқап аға, ұшақ ішіндегі өміріңізді кейін қайтаруға болатын болса, сондағы болған жағдайды (ол жерде нақты не болғанын өзіңіз білесіз) қайталар ма едіңіз?

–     Иә. Тек «Скат» бортсеріктерінің теріс пиғылдарын  білсеммемлекеттік тілде қызмет көрсету талабын у-шу қылмай, мәдениетті түрде ескертіп, куәлер тауып, ертесіне аталған компанияның әкімшілігіне барып, арызданып арызымды тастап қана қайтар едім. Бірақ, менің болмысым ондай зымияндыққа жол бермейді.

Ал, қазақшаны талап ету жөнінен келетін болсақ, соңғы 22 жыл ішінде тіл мәселесін әр жерде талап етіп келе жатқан қазақтың бірі менмін. Мемлекеттік тілдің мәртебесі аяққа басылып жатқан жердің барлығында немқұрайлылық танытпай, өз наразылығымды білдіріп, ескерту жасауды әдетке айналдырғанмын. Бірақ бұл талап етулерімнің барлығы қазақшалап бопсалаудан әріге бармайды екен.

Осы орайда, қазақ тілінің жанашырларына айтар ойым: бұдан былай, біз тек ескерту жасап қоймай, мемлекетік тілді аяққа басып жатқан мекеме мен ұйымды немесе жекелеген тұлғаны міндетті түрде сотқа беріп, жазаға тартып, басқаларға сабақ етіп көрсетуіміз керек екен. Біздің «Жұлдыздар отбасы» журналының редакциясы дәл осындай жұмыстар атқаратын азаматтарға ақпараттық қолдау көрсететін болады. Осы үлгіні республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары да одан ары таратып алып кетсе, нұр үстіне нұр болатын еді. Себебі, қазақ тілін мемлекеттік тіл ету жұмысы өте ауқымды шара және 22 жылда ең негізгі тіл жоқшысы болып келе жатқан - менің журналист әріптестерім. Бұл біздің тікелей қызметтік функциямызға кірмейді деместен, өзіміз жұртқа үлгі көрсетуіміз керек.

–     Жәке, әнеубір қыздың Сіз туралы айтқан"...автобусты адамдарымен тосқызып қойды, т.с.с" сөздерін қалай түсіндіресіз. Осы шындық па?

–     Жартылай шындық, жартылай өтірік. Гүлмира Анталиядан Алматыға ұшардан екі күн бұрын туристік топтың құрамында бізбен бірге Ыстамбұлға барған. Шындығы керек, біздің отелдің демалушылары таңғы сағат бес жарымдағы автобусқа жиырма минуттай кешігіп келгеніміз рас. Себебі, біздің гид-аудармашы жігітіміз бес жарым мен алтының арасында автобус келетінін айтқан. Біз автобусқа алтыға он минут қалғанда кірдік. Сондықтан автобусқа кешігіп кіргенімізді білгеніміз де жоқ.

Ал Ыстамбұлдың «Топкапы» мұражайын аралаған сәтте жартысына ғана жетіп, ары қарай бала көтеруден шаршап, кішкентайымыз жылаған соң топтан қалып, мұражайды аралауды тоқтатып, шайханада оларды күтіп отырдық. Гид қызымыздың шығарда қай жерге жиналатынымыз туралы ескертуін ұмытып кетіппіз. Сондықтан сыртқы есікке асықпай келе жатсақ, біздің топтың адамдары бізді күтіп тұр екен. Гид бізге ренішін білдіріп, ескерту жасаған кезде біз кешірім сұрадық.

Енді Гүлмираға келетін болсақ, ол –өзінің 12-13 жасар қызымен тек қана орыс тілінде сөйлесіп отырған әйел. Қасындағы құрбысы да қызымен ана тілімізде сөйлеспейді. Маған бұзақылық жасады деп куәгер ретінде түсінік берген де сол Ләззат деген құрбысы болуы керек. Ал, Гүлмира СКАТ компаниясының өтініші бойынша, оларға телефонын беріп, интернет сайт пен баспасөзде мені қаралап, тіпті жала жауып, куәлік-түсініктеме жазып беріпті. Атап айтқанда, ол менің ауырып тұрған баламды ауырмады деп  арсыздыққа бір барса, екіншіден, ұшақтағы бір жігіт төрт бортсерік қыздың барлығы жолаушыларға қазақ тілінде қызмет көрсетті деп екінші рет жалған айтып тұр. Және бір қызығы, интернеттегі СКАТ компаниясының ұйымдастыруымен маған қарсы сөз айтқан аты-жөні көрсетілмеген аноним куәгерлердің бірі ретінде Гүлмира да өзінің атын жазып, тегін және мекен-жайын көрсетпеген.

Төрт бортсерік қыздың екеуі қазақ, екеуі орыс және Хабибулаев деген бір жігіт бар. Осы бесеуінің маған арыз берген Айжан Абильдиева деген қызынан басқа бір ауыз қазақша сөйлеген бортсерік болған жоқ. Айжанның өзі менің ескертуімнен кейін, Анталиядан Алматыға қарай төрт сағат ұшып шыққанда барып қазақша шала-пұла сөйлей бастады. Ал, қалған төртеуінің менің ескертуімнен кейін де бірауыз қазақша сөйлеуге сөздік қоры жетпеді.

Ал, менің бір жасар ұлым Махамбеттің ауырғанын біз жатқан «Сирена» отелінің медбикесі де жоққа шығармайды. Және сол Ыстамбұлдан қайтып келе жатқанда Махамбеттің қалай жылағанын  сәл ұяты болса, Гүлмира мен оның құрбысы да жоққа шығара алмас. Екіншіден, оларға дәлелдеу үшін емес, баламның денсаулығы үшін Алматыға ұшағымыз қонған соң түн жарымы болса да, бірден қалалық инфекциялық балалар ауруханасына қаралдық. Диагнозын қойып, бірнеше күн ем қабылдады. Ол туралы медициналық анықтамамыз бар. Осыдан кейін Гүлмира сияқты өзінің балаларын орыс тілінде тәрбиелеп отырған аты ғана қазақ ата-ананың қаншалықты ұлттық мүддеге қызмет етіп отырғаны айтпаса да түсінікті шығар. Ең бастысы, СКАТ сияқты қазақтың мемлекеттік тілін ондаған жыл бойы аяққа басып келген компанияның PR бөлімшесінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отырған орыс тіліндегі баспасөз бетіндегі ақпаратқа қаншалықты сенуге болады?  Олар өз мүддесін қорғап отыр емес пе?!

Жалпы, мен де бұрын бір қазақты – нағыз қазақ және шала қазақ деп екіге бөлуге қарсы адамдардың бірі едім. Өкінішке орай, кейінгі кезде мен Қазақстандағы орыстілді басқа халықтан емес, дәл осы шала қазақтардан қорқайын дедім. Өйткені бір данышпанның айтқанындай, «балаң қай ұлттың мектебінде оқыса, өскенде сол ұлтқа қызмет етеді» деген қанатты сөздің дұрыстығына жыл өткен сайын көзім жетіп келеді. Екінші мысал: «іштен шыққан жау жаман» деп ескертеді қазақ атам. Орыстілді басқа халық өз мүддесінің ұтылғанын өз жерінде тұрмағаннан кейін түсіністікпен қабылдаса да, ал, өзіміздің «қара орыстар» бұрынғыдай біздің қожайынымыз болғысы келеді. Үшіншіден, «қара орыстар» өздерінің жүрегінің түкпірінде 77 атасынан бері қарай келе жатқан ата дәстүрі мен ана тілін сатқаны үшін өздерін жайсыз сезінетіні сөзсіз. Тілін сатқан адам – Отанын сатқан опасыздан да қауіпті. Сондықтан да өздерін ақтау үшін ештеңеден де тайынбайды. «Құдайдан қорықпағаннан – қорық» дейді қазақ. Бұлар сондай деңгейге жетіп қалған рухани азғын адамдар. Олар өздерін ақтау үшін және тілі мен дәстүрі орыстанып кетсе де, тіпті Қазақ жерінің территориясы«Кедендік одақ» немесе «Бірыңғай экономикалық кеңістік» деген айла-шарғымен Ресей империясының қол астына қайта кіріп кетсе де, түңілетіндей ештеңе болған жоқ деп, қалайда өзін-өзі ақтап, өзін-өзі алдап, ары қарай да қазақ жерінде қалып қойғысы келетін рухани азғын, садаға кеткір қазақ-сымақтар болып табылады. Бүгінгі таңдағы қазақ халқының ішіндегі ең қауіпті топтар – діни экстремистер де емес, басқа да емес, дәл осы «қара орыстар». Көзіңді аш, қазақ! Сенің жауың басқа емес, осы орыстанып кеткен топтар. Орыстанған қазақтарды үш деңгейге бөлуге болады: біріншісі – қазақшаны білетін, түбі қазақ ауылынан шыққан, бірақ билік пен бизнеске өсудің ең оңай жолы орыс тілінде білім алу ғана емес, отбасында да, еңбек ұжымыңда да, қоғамдық орындарда да – орыс тілінде сөйлеп, заманауи тұлға болып көрінуді – өмірлік мақсат етіп қойған адамдар; екіншісі, қалаға қоныстанғанына екінші ұрпақ ауысқан, жартылай қазақ, жартылай орыстанып кеткен қазақтар; үшіншісі – екі-үш ұрпақ бойы урбанизацияға бой ұрған және қазақ пен қазақ дәстүрін дүниедегі ең артта қалған көшпелі өркениет есебінде қабылдайтын өзі де, ата-анасы да таза орыстілді қазақтар. Олар үшін қазақ тілін үйрену қиямет-қайым. Бірінші және екінші топқа жататын қазақтар ұлттық қалпына қайтса да, үшіншісі қайтпайтын шектен өтіп кеткен. Екіншісі, 50-де – 50 пайыз жағдайда жүрген, өтпелі шекте тұрған қазақтар. Бұлардың санының көбейіп кетуіне соңғы 22 жылда өкіметіміздің кешегі Кеңес Одағының ұлт мәселесі жөніндегі идеологиясын айнытпай қайталап келе жатқаны кінәлі. Олар үшін «ұлтшыл» деген ұғым – қазіргі таңдағы «террорист» деген ұғымнан да қауіптілеу. Және ең бастысы, олар үшін Желтоқсан көтерілісі кезінде «махровый националист» деген сөз сияқты «ұлтшыл» деген сөз де ең ауыр үкім. Бұл ұғымдардың саясат ауысқан сайын өзгеріп тұратын уақытша, өтпелі ұғым екендігін түсінбейтіндер де осылар. 

Ал, бір қызығы, соңғы жүз жылдың ішінде бүкіл дүние жүзінің ең үздік 7-8 мемлекетіне кіретін елдер – тек ұлтшылдық бағытта дамып келеді. Мемлекеттер дамуының ең соңғы жаңа үрдісі – ұлттық бағытта! Олар ақымақ па, әлде космополиттік – кешегі советтік интернационалистік саясаттың инерциясында отырған біз ақымақ па?!Сырты советтік интернационалистік дегенмен, шын мәнінде, бұрынғы Ресей империясының отарлау саясатын одан әрі жалғастырып отырған Ресей Федерациясының тәтті сөзіне алданып немесе әдейі алданғансып, біржола орыстанып кете береміз бе?! Ең болмаса, жан-тәсілім ететін жануар тұяқ серіппей ма?! Қазақ 1932 жылы соғыссыз-ақ аштан қырылса, 1991-2013 жылдардың арасында ешқандай соғыссыз-ақ, айдың-күннің аманында жаппай бейбіт түрде орыстанып кете береміз бе? Айналайын, оқырман, қай жолын таңдайсың?

–     Көшеде кетіп бара жатқан он адамның сегізі орысша сөйлеп бара жатады. Аулада балалар өзара немесе аналарымен тек орысша сөйлеседі. Дүкендерде сатушылар, дәмханаларда даяшылар бәрі, бәрі, бәрі орысша сөйлеседі. Ғылымның тілі орысша. Орыс тілді ғылым адамдары қазақ тілді диссертацияларға сенімсіздікпен қарайды. Әскердің тілі әлі орысша. Құжаттар (әскердегі) қазақшаға көшіріле бастап еді, қазір кері кетті. Өзіміз де алдымен орысшасын оқимыз, өйткені қазақшасы аударма, көп жағдайда сапасыз. Сіздің де шыдамыңыз таусылыпты. Бұл нені білдіреді, қазақ тілінің күні бітті ме шынымен?

–     Қазақ тілінің саяси әдіспен тұншықтырылуына қазақ халқының қарсы бой көтеруі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен басталды. Өкінішке орай, қазақ халқы о бастан еліктегіш халық. Бұрын арабша сауаттанып, арап-парсы мәдениетіне еліктесе, тіпті, арабша оқып, арабша сөйлесе, соңғы жүз елу жылда орыс тіліне жаппай бой ұрды, енді ағылшын тіліне көшуге іштей дайындалып жатырмыз. Қытай тілін меңгеруді де ойға алдық. Мықты ұлттар қандай жылтырақ модалар келсе де, консервативтік пиғылын өзгертпей, әліптің артын бағып барып, шешім қабылдайды. Ал, қазақ отқа түскен көбелектей кинодағы«спецэффектілерге» алданып, бірден дүрмекке еріп кетеді.

Қазақ ұлтының екінші кемшілігі – өз тарихында «мың өліп, мың тірілген» қиындықтарды көп көргендігі. Жалтақ, бейімделгіш қасиеті осыдан болар. Күрескерлік қасиеті маған өліп қалған сияқты көрінеді.

Үшінші кемшілігіміз – өте енжар, немқұрайлы, салғырт халықпыз. Ұлттың намысы жерге тапталып жатса да, жекелеген әр қазақ ол үшін шырпының басын сындырғысы да келмейді. Бәріне көнбіспіз, бәріне шыдаймыз. Олар «өкімет өлтірмейді» деп ойлайды және барлық жауапкершілікті өзіне емес, өкіметке арта салады.Мәселен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы өкімет Ата Заңға да жазды, арнаулы заңда қабылдады. Тұтынушы құқығы туралы заң және бар. Бірақ, әрбір қазақ қазақ тілінің тұтынушысы ретінде өз функциясын орындап, құқын қорғап жүр ме екен?! Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанғанға дейін орыс тілінде білім алып, қызмет етіп, өмір сүріп келген қазақ арада 22 жыл өтсе де, әлі күнге дейін «мен кінәлі емеспін, Кеңес Одағының саясаты кінәлі. Ал, мен соның адасқан ұрпағы, жарамсыз жемісімін» деп ақталғысы келеді. Құдай-ау, 22 жылда өзінің ана тілін үйренбек түгілі, кейбіреулер екі айда ағылшын тілін үлкен ақша төлеп, күндіз-түні ұйықтамай, үйреніп жүр емес пе?! Ал, 22 жылда адам түгілі Аю мен Маймыл да «тіл» үйренеді ғой. Бұларды қайтып «өз қағынан өзі жеріген» шіріген жұмыртқалар демессің?!

Екінші топтағылар қазақ тілін үйрене алмай жүргеніне оқулықтар мен оқытушылардың сапасы төмен деп сылтауратады. Қазақстанның тіл үйрету орталықтарының қызметімен танысқан шетелдіктер олардың (әлгі орталықтардың)  өзге елдерден төмен төмен еместігін айтып, «Тілді үйретпейді – Тілді үйренеді!» деп қортынды жасап берді. Яғни, тілді үйрену мәселесі әркімнің өзіне байланысты екен.

Ал, енді сұрақ қойған азаматтың сауалына тікелей жауап берер болсам,қазақ тілін тұтынушы ретінде егер мен талап етпесем, құрметті ағайын, егер сен талап етпесең, егер ол талап етпесе, қазақ тілі өз Отанында қалай мемлекеттік тілге айналады?! Тіл туралы заңның қағаз жүзінде қалып, іс жүзіне аспай жатқанына оны талап етпеген, оның орындалуын тек жоғарыдағы өкіметтен күтіп отырған сіз бен біздің өзіміз де кінәлі емеспіз бе?!. Осыны да бір ойлап қояйық...

Әрине, бүгінгі таңда, тіл дегеніміз – жай қарым-қатынас құралы ғана емес, ең алдымен, ғылым мен білімнің қайнар көзі. Қазақ тілі ұзақ жылғы отаршылдық пен саяси қысымның салдарынан заманауи ғылым-білім тілі болудан аздап қалып қойды. Бірақ оны толықтыруға шындап кіріссек, шылқыған байлықтың  үстінде отырған Қазақстан сияқты мемлекет үшін ол неге тұрады?! «Халық қаласа – Хан астындағы атын сойып береді».Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ талап етсе, оның өзіне қызмет етсін деп сайлаған өкіметі бүкіл дүниежүзінің ғылым-білімін аздаған жылдың ішінде-ақ қазақ тілінде сайратады. 

Қазақ тілінің күні біткен жоқ және оның бетін аулақ қылсын! Алайда егер қазіргі қазақ енжарлығы мен намыссыздығын қоймаса, рухани азғындықтың қалың ұйқысынан оянбаса, онда тағы бір 40-50 жылда қазақ тілінің жаназасын шығаратынымыз анық.

–     Жәке, орыс тілді басылымдардан Сіз туралы оқыған кезде «хамовитый» адамның бейнесі көз алдыға келді. Өтірік екендігін дәлелдей кетіңізші, сенгіміз келмейді.

–     Бір-екі ауыз уәжбен дәлелдейін. Біріншіден, бүкіл Қазақстан қазақ тілді қоғамға айналып кетсе, мұнда орыстілді басылымдардың оқырманы азайып жабылып, тұқымы құрып кетпей ме?! Сондықтан да олар мемлекеттік тіл сияқты шешуші мәселеде – ең алдымен, өз мүддесін қорғап бағады. Ал, оған жақтас болып, мені қаралап, тапсырыс орындап отырған қазақтар да ең алдымен өз балаларының болашағын ойлап «жанұшырады». Ертең бүкіл халық қазақшаға бет алса, олардың орыс тілінде білім алып, қазақшаны білгісі де келмей өскен шала қазақ балалары иә дұрыс қызметке тұра алмай, иә дұрыс табыс таба алмай, қор болып қала ма деп қорқады олар. Бұл жерде де олардың өз мүддесін қорғап отырғанын байқау қиын емес. Олар Желтоқсанда «қазақ Қонаевты қызметтен алып тастап, Ресейдің орысын неге бізбен санаспай, алып келіп басшылыққа қоясың?», – деп бас көтерген ауылдан келген қазақтың студент жастарын нашақор, ішкіш, бұзақы деп тапса, бүгін 22 жыл Тәуелсіздіктен кейін «қазақшаңды түсінбеймін, маған орысша сөйле!» деген отандасынан мемлекеттік тілді талап еткені үшін оның 50 грамм виски ішкенін пайдаланып, оны «ішкіш, бұзақы» деп айыптап,«Время» сияқты газеттердің аузымен айтқанда, ауылдан келген қазақ жастарының маргиналданып артта қалғанын көлденең тартады. Саналы ғұмырының 32 жылын Алматыда өткізіп үлгерген, жоғары білімді, белгілі журналист, ғылым кандидатын осылай деп айыптауға олардың аузы барса, басқа қарапайым қазақты қалай етерін бір Құдай білсін! Ең жанға бататыны – олар  қазақша бірауыз ләм-мимі жоқ прокурордың аузымен (Г.Тазабеков) жасы 54-тегі Жарылқап Қалыбайды айыпты санап, масқарасын шығарып, қамауға отырғыза алады.Ахмет Байтұрсынов:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес, дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны, – деп еді-ау.

Сонда Тәуелсіз қазақ соты мені қорғаудың орнына, 1986 жылдағыдай әлі де Мәскеудің сойылын соғып отыр емес пе?!

«Время» газетіне берген сұхбатында коммунист-депутат Жамбыл Ахметбеков:«Жарылқап Қалыбай ұшақтағы бұзақылығымен бүкіл қазақ зиялыларының атына кір келтірді, біздің бортсеріктердің бәрі сыпайы, қазақша біледі. Сосын, Конституцияға қараңыз, қай тілде сөйлеу әркімнің өз еркінде. Мәселен, мен қазақша ойлайтын адам болсам да, орыс газетін сыйлап сіздерге сұхбатты орыс тілінде беріп отырмын», - деп «мәдениеттілік» танытыпты. Ауылдан келген қазақ жастарының маргиналдық қылығына қатты қынжылатынын да жасырмапты.

Оу, Жамбыл мырза! Егер сіз секілді «халық қалаулысы» Ата заңда жазылған қазақ тілінің мемлекеттік мартебесін өзі қорғамаса, мемлекеттіліктің ең басты символы болып табылатын мемлекеттік тілдің қолданылуына 22 жыл бойы өзі кепіл болмаса, онда қайтып қазақ тілінің бағы жанады?Егер оны қорғауға тиіс Өкіметтің өзі қорғамаса, әрине онда мен сияқты азаматтар әрқайсысы әр жерде жеке-жеке қорғаймын деп басы дауға қалып жатады. Мемлекеттік тілді қорғау - ең алдымен мемлекет басындағылардың тікелей міндеті емес пе?! Қазірге дейін Билік өз міндетін өзі атқармай отыр және заңның пәрменді түрде орындалуын қолдамайды да!

 

–     Жарылқап аға, жарайсыз! Арты абыройлы болсын!Ұшақта осы әңгіме туғанда сізді мас болды, дөрекілік көрсетті деген ақпарат таратты. Рас па сол!? Әлде, қазаққа жаны қастардың таратқан дақпырты ма ?

–     Бұл сұраққа мен жоғарыда жауап бердім деп ойлаймын.

–     Жәке, тілдің қолданыстағы аясын пәрменді ете түсу үшін тағы не істеуге болады? Сіз басқарып отырған журналдардың жалпы тиражы қанша?

–     Тілдің қолданыстағы аясын пәрменді ету үшін – ең алдымен қазаққа енжарлықтан айығу керек. Әр қазақ өзінен бастасын, өзінің отбасынан бастасын, өзінің еңбек ұжымынан бастасын, өзінің жүрген ортасынан бастасын! Солардың бәрін де өзі қазақша сөйлеп, отбасы мен достарынан қазақша сөйлеуді талап етсін! Қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде өзінің тұтынушы ретіндегі құқығын қорғап, өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап етсін! Ұрыспай-таласпай, мәдениетті түрде және табанды түрде заң бойынша талап еткен ісін аяғына жеткізсін!

«Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бір жолғы таралымы жүз мыңнан асады, бір айда – екі жүз мың. Журналдар негізінен ауыл-аймақ, аудан халықтарына тарайды. Қаланың мұғалімдері мен ғалымдары, оқушылары мен студенттері де қалт жібермей оқиды.

–     Балаларыңыз қай тілде оқиды? Сөйлесу тілі, жұмыс тілі қай тілге жатады?

Төрт ұл, бір қызым бар. Бесеуі де ана тілін сөз жүзінде емес, іс жүзінде ардақтайды. Үшеуі жоғары оқу орындарында оқиды.  Олар «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген қағидамен өсіп келеді. Қазақ мектебін бітіріп, АҚШ-та оқып жатқаны да бар.  Үш тілді меңгерген. Қазақ тілінде кез келген саяси жарыста өз пікірін еркін жеткізе алады. Екі балам – сәби жаста. Олардың тілі – ана тілінде шықты.

–     Неге қазақ балалары күнделікті көріп жүрген нәрселерін пайдаланып, қарапайым, түсінікті тілде білім алмайды? Былай қарасаң, қазақ тілі тек аграрлық фермерлік бағытта жұмыс істейтін сияқты. Қазақ тілінің алға жүрмеу себебі өзгеде емес, өзімізде деп ойламайсыз ба?

–     Абай атамыз соншалықты данышпан бола тұрып, неге қазақтың сыншыл ақыны болды? Себебі, халқын жақсы көрді. Оның жаман қылықтарын түзетуге күш салды. Бірақ халық жеке адам емес, оның мінез-құлқын ғасырлар бойы ғана түзеуге болар. Маған да қазақтың еліктегіш қасиеті, дарақылығы ұнамайды.

Екіншіден, дәл сол «Абай жолы» эпопеясын оқып отырып, бұдан 150 жыл бұрынғы қазақ халқының тек ауыл-аймақ деңгейіндегі болыстық билікке ғана таласып, өздерінің тәуелсіз ең жоғарғы билігі – мемлекеттік билікке таласа алмағанын байқау қиын емес. Яғни, бізде соңғы екі жүз жылда мемлекетшілдік сана шайылып кетті. Ұзақ уақыт бодан елдің болыстық, рулық билігінің дәрежесіненәріге өсе алмай қалдық. Жетпіс жылдайКремльдің Компартиясына бағынып өз мемлекетімізді өзіміз басқару тәжрибесінен тыс қалдық.21 ғасырдың қазағы да Қазақстан Республикасын «мынау менің елім, менің жерім» деп мақтана алмайды. Патриоттық сана да өшіп кеткен. Өкімет отыр «біз көп ұлтты мемлекетпіз, бұл сенің ғана елің емес» деп. Өзге халыққа «шаңыраққа қара» деудің орнына, қайта қазаққа «әй, қазақ, әуелі орысты жарылқайық, Мәскеуге қара» деген сыңай танытады.

Міне, осының барлығы тәуменді халықтың тәуелсіз ой-санасын қалыптастыра алмай отыр.

–     Сіз, мысалы, басқасын айтпағанда, кешегі Шеңгелдідегі оқиғадан да тыс қалдыңыз. Ал қазағыңыз сіз үшін өліп кете жаздады! Кішкене ыңғайсыздау сезінбейсіз бе, осы жерде өзіңізді?Ұлықбек(Есдәулетов емес!)

–     «Мен  қазаққа ең үздік екі журнал шығарып беру арқылы қазақ тілін дамытып отырмын, қазақ оқырманының санын көбейтіп отырмын» деп есептеймін. Сондықтан, мен қазақ үшін қолымнан келетін іс – жақсы журнал шығару болса, бар көмегімді осы журналистік шығармашылығым арқылы жасауым керек деген принциппен өмір сүріп келемін. Күнделікті саяси күреске 1986-1991 жылдардың арасында бір кісідей атсалыстым. Ол кезде жас едім. Қазір жігіт ағасы жасына жеттім.Сондықтан Шеңгелдідегі сияқты оқиғалардан тыс қалдым деп өзімді ыңғайсыздау сезінбеймін.

Бірақ, екінші жағынан, жасым келді деместен, мұндай жайттерге орайы келгенде қатысу керек екенін де сезе бастадым. Менің құрдастарым, біздің толқынның ұрпағы – ел тәуелсіздігін алғаннан кейін сәл тоқмейілсіп, қазақ – тәуелсіз ел болды, қазақ тілі –  мемлекеттік тіл болды, мен де енді өзім жастайымнан армандап келген шығармашылық қызметіммен айналысайын, қалған істі өкімет жүзеге асырар деп саяси істен шет қалғанымыз рас. Қарап тұрсам, бұл да қазақтың енжарлығы мен немқұрайдылығы. Және «Неге ылғи мен? Басқаларға тәуелсіздік пен мемлекеттік тіл керек емес пе?» деген қоғамдық сананың салқыны маған да тиюі мүмкін. Сосын біз–  совет өкіметінің «жемісіміз» ғой. Ол кездегі коллективтік сана «өкімет өлтірмейді», « мен үшін де, сен үшін де, ол үшін де Өкімет істеп береді» деген сыңаржақ санаға барып тірелетін. Бізге де «тәуелсіздікті алып бердік, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды, енді қалғанын өкімет атқарар» деген ой келді. 22 жыл өткенде барып, алданғанымызды біліп, тағы да «Ай, қап!» деп санымызды ұрып отырмыз. Тіл мен тәуелсіздікке заң бойынша мәртебе әперу бір басқа да, оны қағаз жүзінде қалдырмай, іс жүзіне асыру – бір басқа екен.Бұл күрес бұрынғы күрестен де тегеурінді болуы керек екен. Сондықтан, бұдан былай, Шеңгелдідегі сияқты оқиғаларға бармасам да, Алматыда отырып-ақ, оларға әрі кеңесші, әрі тілекші болуым қажет  екенін  бек түсіндім. 

–     Жарылқап бауырым, өзіңдей күрескерлер қатары көбейе берсін. Тіл білмейтін мәңгүрттермен күрес тыйлмайды. Құрметпен Нұрлыбай Қошаманұлы. Ақтөбе қаласы.

–     Рахмет, Нұреке! Сол күресте бәріміз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық»!

–     Кез келген нәрсенің бастауы аяқасты күтпеген жерден белең алатынындай, қазақ тілінің айы оңынан тууына дәл осы болмашы оқиға себеп болса қайтер едіңдер? Жатып алып табаламаңдар, мүмкін бұйығы қоғамды дүр сілкіндірер тылсымда тың күш пайда болар, азаматқа алдағы айқасына сәттілік тілейік! Жарылғапқа бір өтініш: сол ұшақ ішінде болған жағдайды жазып тұрған таспаны қолға түсіріп, интернетке таратыңыз, жұрт өз көзімен көрсін. Келешекте жеңіс тілеймін!

–     ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен СКАТ компаниясының сол күнгі ұшағының ішіндегі бортта түсірілген құпия бейнетаспаны сұратып отырмыз. Берсе, бәрі «тайға таңба басқандай» белгілі болар еді. Ал, менің асығыста түсірмек болған ұялы телефоным бейнекамерада емес, фото түсіру нүктесінде тұр екен.  Мен түсіріп жатқан сияқты болдым, бортсерік Айжан бірден оны түсіртпеуге тырысып, ұялы телефоныма жармасты. Қолын қағып едім, «міне, көрдіңіздер ме, маған ер адам күш көрсетіп жатыр» дегендей шу шығарды. Артынан олар полиция бөлімшесіне кірген кезде мен де ұялы телефонымды оңдап, бір-екі минут бейнетаспаға түсіріп үлгердім. Сондықтан менің қаралаушыларымның кім екенін білемін.

–     Жарылқап аға, қалай ойласыз, "Мемлекеттік тіл туралы" ҚР Заңы қашан қабылданады екен? Сізге сәттілік тілеймін! Әсет

–     Егер мен талап етсем, сіз талап етсеңіз, ол талап етсе, бүкіл қазақ Қазақстанның ірі қалаларында өткенде теледидардан көрсетілген Каталониядағыдай азаматтық көрсетіп қол ұстасып, бейбіт түрде бір күндік бас көтеруге шықсақ, өкімет орындаймыз деп уәде беретіні анық. Сонымен іс біттіге санап, қоя салмай, сол заңның жобасын дайындап немесе дайындатып және оны біз сайлаған «халық қалаулыларының» біз ойлағандай нұсқада қабылдауына бас-көз болып, қатты қадағалауға алсақ, заң қабылданады. Бірақ онымен де іс бітпейді. Енді оны жүзеге асыру үшін әр қазақ өзінің отбасы, еңбек ұжымы, жүрген жерінің бәрін де тұтынушы ретінде өз құқын қорғауды талап етсе, өзіне тек қана мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуін табанды түрде талап етсе, бір-екі-ақ жылда қазақ тілінің бағы жанып шыға келеді. Сол кезде әр қазақ өзін мемлекеттің иесі, толыққанды азаматы ретінде таниды және туған Отанының құндылықтарын әрқашан көзінің қарашығындай қорғауға дайын болады. Қазақ тілі – ғылым тілі, білім тілі, саясат тілі, бизнес тілі және т.б. тіл болып шыға келеді. Жасауға болады, ол үшін қазақ бірігуі керек. «Көп түкірсе көл болады». Ал, жекелеген адамдар ғана шұғылданып, қалың қазақ сырттан қызықтап қана отырар болса, онда ол адам Жарылқап Қалыбай сияқты «бұзақы» және т.б. болып абақтының төрінен шығады.

–     Жарылқап мырза, сіз өзіңізді зиялымын деп санайсыз ба? Егер жауабыңыз "иә" деген болса, онда зиялының міндеті нан табар кәсібін ғана өркендетіп, гүлдендіру ме? Әлде өз ұлтының мүддесі үшін де белсенді күресу ме? Өз кәсібін өркендетіп, ұлтының мүддесіне мүлдем араласпаған адам, сіздіңше кім? Азамат па? Серікжан

–     Әрине, азамат емес. Бірақ сіз мені мысалға алып отырсаңыз, «Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» сияқты халықтың ұлттық және тарихи сана-сезімін көтеріп отырған басылым арқылы да, қазақтың ақыл-ойын гүлдендіріп отырмын деп есептеймін. Себебі, мұндай журнал шығарудың жұмысын кез келген  кәсіптің иелері қанша күшенсе де жасап бере алмайды. Себебі бұл интеллектуалдық-шығармашылық қызмет. Халықты өсіремін деген Алаш азаматтарының барлығы ең алдымен газет-журнал ашып, еліне қызмет көрсеткен.

–     Жәке, рухани егемендік жоқ тұста толыққанды саяси және экономикалық тәуелсіздік болмайды. Ал рухани егемендік ұлттың тілінің үстемдік құруымен, дінінің сақталуымен, ұлттық дүниетанымының сақталуымен айқындалады.

–     Өте дұрыс айтасыз, сізге алып-қосарым жоқ.

–     Украинада, Латвияда шетелдік телеарналар жергілікті тілде хабар таратады. Бізде де сол бағытта жұмыс жасау керек.

–     Дұрыс айтасыз. Ол үшін қазақтың да украин мен латыш сияқты саяси күрескерлік талабы күшті болуы керек. Күшті болу үшін бірігуі керек. Өкімет біріктірмек түгілі он қазақтың бірігіп, алаңға шығуына мүмкіндік бермейді. Ал, тек Алматыда ғана емес, мәселен, 16-желтоқсан күні бүкіл обыс орталықтарында қазақтар мәдениетті түрде алаңға шығып, шынайы ұлттық мәселелерді талап етсе, телеарналар ғана емес, шалақазақ министрлер мен басшыларға дейін қазақша сайрап шыға келер еді.

–     Қазақ көшеде бөтен қазақтан жөн сұрарда: "здрасьте" дейді.Біз Якутия, Чукотка, Бурятия сияқтыРесейдіңбоданыемеспізғой. Қашан түзелеміз?

–     Ол «здрасьте» десе, сіз «сәлеметсіз бе» деңіз. Орысша сөйлеген орысқа ғана емес, біздің қазақ орыстілді қазағының өзіне  орысша сөйлеп, ыңғайына жығыла кетуге дайын тұрамыз. Біздің трагедиямыз да осында. Сіз өзіңізден бастаңыз, мен өзімнен бастайын, ол өзінен бастасын!

–     Ешқандай сұрақ жоқ менде, Жарылқап жолдас. Бәрі түсінікті. Сен қазақ тілі үшін күресіп, ешкімді жарылқамсассың. «Арсыздық екінші бақыт» деген сөз бар орыстарда. Сен бақытты жан екесің.ҚАБЫЛ

–     Қабыл мырза, еркек болсаң, аты-жөніңді толық жазып, көрсет. Және мені қаншалықты танисың? Қашан менімен бірге «барлауға» барып едің? Соны айт. Содан кейін барып қана мені жазғыра бер.

 

–     Жарылқап аға, 25 жылда өзі өмір сүретін елдің Мемлекеттік тілін үйрене алмаған адамдардың ақылында ақау бар деп ойламайсыз ба? Әйтпесе жапон да, кәріс те осы күнде 5-6 айда қазақша сайрап, әнімізді шырқап жүр ғой! Тіпті менің итім де қазір қазақша тым жақсы ұғады! Осыларға ойыңызды білдірсеңіз. Рахмет, Елік.

–     Айналайын, Елік! Бәрін бірауыз сұраққа сыйдырып отырсың. Сұрақ жауабын өзің айтып отырсың! «Өте дұрыс айтасың» дегеннен басқа саған не ой қоса аламын?! Тек сен сияқты азамат ұл-қыздар көп болсын деп тілеймін!

–     Жарылқап аға! Мен Сізді толығымен қолдаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіз!Сіз сияқты қазақ тілі жолында түрмеден қорықпайтын адамдар көбейе берсе, шіркін!

–     Рахмет! Сіздерге де Алла жар болсын!

–     СКАТ,басынуды қысқарт!Ешқандай сұрағым жоқ,журналдарыңыз ұнайды,әсіресе, «Аңыз адам». Шығармашылық табыс тілеймін!Н.М.М.

–     Сізге де дүниедегі барлық жақсылықтарды тілеймін!

–     Енді СКАТ әуекомпаниясының ұашақтарымен ұшасыз ба?

–     Өткен аптада Астанаға «Эйр Астанамен» ұшып барып келдім. Екі сағат кешіксем де, СКАТ-тың ұшағына билет сатып алудан бас тарттым.

–     Nege kirghiz, turkmen, azerbaizhan, ozbek, tazhik, sol siaktilarga klichka koimaidi. Al kazakhtardi BORAT dep mazaktaidi?

–     «Борат» дегізбеу үшін қазақ халқының әрбір өкілі өз ұлтының баласы болуға шындап талпынуы керек шығар. Өткенде шетелде оқып келген студенттердің пікірін тыңдадым. Оңтүстік Кореядағы бір университет 35 елдің тілін оқытады екен. Былтыр қазақ тілін оқытуды тоқтатып, орнына өзбек тілін оқытуды қолға алыпты. «Неге?» деп сұраса, «Қазақстанға бірнеше рет ғылыми экспедиция жасап бардық, қазақтар тек орыс тілінде сөйлейді екен. Ресейдің бір автономиялық республикасына  барғандай болдық. Ұлт ретінде өзіндік ерекшелігі сақталмаған. Ал, өзбек халқы өзінің ұлттық тілі мен ерекшелігін көздің қарашығындай аялап отыр», – деп жауап беріпті. Өзбек халқы қазақ туралы «орыс болу үшін алдымен қазақ болу керек» деп мысқылдайды. Шындығы жоқ деп айта алмайсың. Себебі, қазақ түркі халқының ішіндегі тәуелсіз елі бола тұра, өз тілін аяққа басып, орыстану процессін Кеңес Одағындағы 70 жылдан кейін де және 22 жыл бойы үдетпесе, тоқтатпаған халық.  «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген. Біздің орыстану үрдісімізге 92 жыл толыпты. Құдай ақырын берсін!

–     Сұрақтың сан түрі болады ғой. Шын сұрақ, жын сұрақ,сын сұрақ дегендей. Жоғарыда осының бәрі қамтылыпты. Дегенмен Жарылқап мырзаға қояр сауалымыз мынау: Ақиқатын айтыңызшы, Қазақ тілінің болашағына сенесіз бе? Сенсеңіз, оның қолданыс аясының өсуіне қандай шаралар жасалуы керек деп ойлайсыз? Балаларыңыз батырлар жырын біле ме? Келіндеріңіз бесік жырын айта ма? Немерелеріңіз асық ойнай ма? Зайыбыңыз ертегі айта ма?

Қыр баласы

–     Қазақ тілінің болашағына сенемін! Сенбесем, ол тіл үшін күресіп, екі журнал шығарып, қанша жылдардан бері өзімді-өзім құлдықта ұстағандай, басқа жаққа көңіл бөлуге шамам келмей, шектеулі әлемде жүрмес едім.Қазақ тілінің қолдану аясының өсуі үшін әрбір қазақ – қазақ тілінің жанашырына айналуы керек. Осы жолда бірігуі керек. Өкімет басындағы ат төбеліндей орыстілді халық орыс тілінің мүддесін қорғауда бір кісідей бірігіп отыр. Қарапайым қазақ олардан мың есе көп болса да, басы бірікпей, ыдырап жүр. Мемлекет атқаруға тиісті істі өкімет атқармағаннан кейін, мен сияқты жекелеген қазақтар атқармақ болып, Дон Кихоттың күйін кешуде. Бірақ мен сияқтылардың саны жүздеп, мыңдап көбейсе, өкімет амалсыздан өз азаматтарының талабын орындауға мәжбүр болар еді.

Ал, отбасым туралы айтатын болсам, сіз қойған сұрақтардың бәріне де «Иә» деп жауап беруіме болады.

–     Соңғы кезде қазақ тілділерге қарсы әр түрлі қиястық жасау белең алып барады. Қазақ тілінде сөйлейтін адам осы қоғамның ең артта қалған, тап бір жауы сияқты. Қазақша ән айтқызбау, қазақша сөйлетпеу нені білдіреді? Қайда бара жатырмыз?Бір қазақ екіге жарылып болды. Оны бізден бұрын ағылшындар зерттеп біліп алыпты. Олар өздерінің қазақ тілінің мемелекеттік дәрежеге ие бола алмай отыруының себебін бұрын басқа ұлттардың қарсылығынан деп келсе, соңғы зерттеулерінде қазақстанда еш бір ұлт қазақ тіліне қарсы емес, қазақ тіліне қарсылықты қатты көрсетіп жүргендер орысша оқыған қазақтар деп атап тұрып жазып қойыпты.Ал Жарылғап пен Қайрат Нұртас сол саясаттың құрбандары ғана.

–     Рахмет! Сенің жауабың сұрақтарыңның ішінде тұр.

–     Осы біздің тіліміздің жоғалып бара жатқаны рас па? Оны жоғалтпау үшін не істеу керек, қашан қолға алу керек? Елбасы айтқандай «қазақпен қазақ қазақша сөйлессін» деп отыра беру керек пе, әлде заңды түзету керек пе?

–     Самат, Алматыдан

–     Бұл сұрақтарға да жоғарыда жауап берген сияқтымын. Ал, Елбасының айтқан сөзіне келер болсам,ол кісі саясаткер ретінде қазақтілді халықтың көңілін аулау үшін анда-санда осындай бір сөз айтып қалады. Ол сөзді үкіметтік баспасөз одан ары насихаттайды. Дұрыс, қазақпен қазақ қазақша сөйлессін. Қалағандары ше? Осы сұраққа жалғастырып «Неге биліктегілер бір-бірімен қазақша сөйлеспейді?» деп мәселені төтесінен қоймаймыз. Әлде қазақпен қазақтың қазақша сөйлесуі қазақтілді қазақтарға ғана қойылған талап па?. Меніңше, сөз айтып қоя салу аз, сол сөзді тиянақтайтын нақты іс керек. Сөз бен істің бірлігі керек. Қазаққа теріс үлгі көрсетіп, Конститутцияның гаранты ретінде неге Елбасы мен биліктің үш тармағы 22 жыл бойы өз тілінде сөйлемей келеді?

Ал, отыра беру керек пе, деген сұрағыңа келсем – «Жыламаған балаға емшек қайда?!.»

–     Жәке, Сіздің талап-арызыңыз бойынша соттың отырысы қашан болады?

–     Әзірге сотқа жету үшіналғашқы екі соттың шешімін бұзатын прокурорлық наразылыққа қол жеткізу керек болып тұр.Ал біздің прокурорымыз, иә «жоқ», иә «бар» деместен, үнсіздікті әлі күнге созып келеді.

–     Жарылқап, кезінде ақшасын бермей қуып жіберген журналистерден ұялмайсың ба?«Тіл» деп,«ел» деп, өзіңе пиар жасап жатырсың ғой. Желтоқсанда қайда болдың? Қай жақта жүрдің?

–     Маған жала жауып отырған журналистер мен сен сияқты аты-жөнін көрсетпей, жала жауып отырған адамдар ұялсын, ұялса! Мен неменеге ұяламын?

Ал, Желтоқсанға келер болсам, айтайын.Менің курстасым Гүлнар Әшімова Желтоқсан алаңында мінберде тұрған бір топ жоғары оқу орындарының ректорларына олардың балалары қазақша білмейтінін, оқымайтынын беттеріне басып, сол үшін жазықсыз жазаға ілікті.       ҚазГУ-дың сол кездегі ректоры «Әй, сен қыз, біздің университетте оқымайсың ба осы?» деп сұрағанда, «Иә, оқудан шығарайын деп қорқытып тұрсыз ба?» деп бетіне студенттік сынақ кітапшасын лақтырып жіберген. Бірақ кітапша ректордан асып барып, көтерілісші-студенттердің қолына тиеді. Мен сол кезде журналистика факультетінің топ старостасы, Лениндік степендиат атанған үздік студент, коммунист-белсенділерінің бірі едім. Алдында ғана студенттік кеңестің төрағасы қызметін атқарғанмын, бұрынғы ректорымыз Өмірбек Жолдасбеков пен факультет деканы Темірбек Қожекеевті саяси қудалаған кезінде оның белсенді студенттерінің бірі ретінде мені де Лениндік степендиат қатарынан қасақана түсірген. Партжиналыста деканымызға араша түсіп, ректор мен деканды қудалаушылардың көзіне түскенім және бар. Сондықтан да, жаңа келген орыс деканымыз таңертең Желтоқсан алаңына студенттердің наразылық көрсетіп жинала бастағанын ести сала, осы оқиғаның ұйымдастырушыларының бірі мен деп ойласа керек, партком хатшысының орынбасары Сова деген орыс оқытушысының қасына мені қосып, екеумізді жатақхана есігіне бір күн бойы кезекші етіп тапжылтпай отырғызып қойды. Сол себепті мен Желтоқсан алаңына бара алмадым. Кешке Гүлнар Әшімова мені шақыртып, «Ойбай, Жарылқап аға, енді мені оқудан шығаратын шығар, етқызуымен ректорымыздың бетіне «зачеткамды» лақтырып жібердім. Себебі, мен өскен Шығыс Қазақстан облысының ауылында орысша білмейтін қазақтарға қатты қысым көрсетіледі. Бірнеше рет орыстар қазақтың намысына тигені бар. Сондықтан мен алаңда қазақ тілінің қазақ жерінде қатты қысымға ұшырап келе жатқанына наразылық білдірдім. Ректорлар «ал, сендер не айтпақшысыңдар? Наразылықтарыңды мына трибунаға шығып айтыңдаршы?!» деген соң мен шықтым да, Қазақстанда жылдар бойы қазақ тіліне қысым көрсетіліп, бәрімізді орысша сөйлеуге мәжбүрлеп бара жатқанына наразы екенімді ашық айттым. Мына тұрған ректорлардың өзі балаларын қазақша оқытпайды дедім. Сол кезде ректорымыз «мен сені танимын» дегендей «сен бізде оқымайсың ба осы?» деді. Мен «иә, оқудан шығарамын деп қорқытпақсыз ба, мә, алыңыз «зачеткамды» деп бетіне лақтырып жібердім», – деді. Енді мені оқудан шығаратын шығар деп жылап отыр.

Мен екі топтың жатақханада тұратын студенттерін жинап алып, «біз Гүлнарды оқудан шығартпай алып қалайық, ертең комсомол жиналысы болады, сонда бәріміз бір кісідей араша түсейік. Біздің жасаған азаматтығымыз осы болсын. Осыған келісеміз бе?» дедім. Барлығы келісті. Айтқанымыздай-ақ, сол күні түнгі үште ректоратта партжиналыс болды. Оған біздің топтың бес коммунист-студенті қатыстық. Орталық Комитеттен келген шолақ белсенділер бұл қазақ жастарының ұлтшылдығы – «махровый национализм» деп баға берісіп жатты. Компартия заманында «ұлтшыл» деген таңба басылған адам бүгінгі «террорист» деген атқа ие болғандардан да қауіпті жау саналатын. Г.Әшімованы жақтап қалу оңайға түспейтінін іштей сездік. Бірақ сөзімізде тұрдық. Бірде профессор Амандосов пен факультет комсомолдарының жетекшісі Әміржан Қосанов бастап келген жазалаушыларға Г.Әшімованы бермесек, екіншісінде орыс декан мен университет комсомолының жетекшісіне бермедік. Үшіншісінде біздің шешімімізсіз-ақ Г.Әшімованы өздері комсомолдан шығарды. Ол кезде комсомолдан шығарылған студент міндетті түрде оқудан шығып қалатын. Гүлнар да оқудан шықты.  Оны оқудан шығармаймыз деп екі жиналыс бойы студенттердің қарсылығын ұйымдастырушылар ретінде мені және топтағы басқа да коммунист-студенттерді тергеп-тексеруге алды. Ақыры мені партбюро мен факультет коммунистерінің (негізінен, оқытушы, профессорлар) жиналысында партия қатарынан шығарды. Бұл процесстер бірнеше айларға созылды. Іс ректорат жиналысына жеткен кезде университет парткомының мүшелері студенттерді жазықсыз жазалаудың арты не боларын сезгендей еді. Арада 3-4 ай өтіп кетті. Сондықтан болу керек, мені біржола емес, бір жылға ғана партиядан шығарды. Күзде деканат басшылары мені сырттай оқуға жіберді.

Ал, енді сіз неге Желтоқсанда алаңға шықпадыңыз десеңіздер, оның себебі бірінші күні түскі сабақтан кейін Совамен бірге түнге дейін жатақхана есігінде аңдуда отырдым. Түнгі үште партжиналысқа қатыстық. Ертеңіне әскери кафедраға сабаққа қатысып жүрген төртінші курс студенттерінің барлығы – үш жүздей студент үш күн бойы сол әскери кафедра ғимаратында қамауда болдық. Бәрі басылған кезде ғана жатақханаға жіберді. Сосын комсомол және партия жиналыстары сияқты тынымсыз қудалау жұмыстары жалғасты. КГБ (Халықтық бақылау комитеті) тергеушілері бірнеше рет түсініктеме жаздырып, тергеп-тексерумен болды. Желтоқсан көтерілісі 17-18 күндері болса, 25-терінен бастап, келесі жылдың көктем-жазына дейін қудалау процессі тоқтамады. 

Менің негізгі қаралаушым – факультет деканы және арнаулы парткомиссия төрағасы, тарих факультетінің профессоры Серік Жақыпбеков болды. Ол кісі ең соңында менен «Шыныңды айтшы, Михайл Сергеевич Горбачев бастаған КПСС жетекшілері расымен қателік жасап, қазақ студенттерін қасақана жазалап отыр деп ойлайсың ба? Біздің компартия өз съездері мен пленумдарында СССР-де ұлттық мәселе баяғыда шешіліп қойған деп жазған. Ал, сен болсаң, бізде ұлттық мәселе шешімін таппаған дейсің. Сонда сен ақылдысың ба, жоқ компартия көсемдері ақылды ма?» деп құйтырқы сұрақ қойды. Бөлмеде екеуміз ғана отырмыз. «Ағай, шынымды айтсам, ешкімге айтпайсыз ба?» дедім. Ол «айтпаймын» деді.

–       Шынымды айтсам, компартия қателесіп отыр. Бізде ұлттық мәселе шешімін таппаған. Олардың жазған партия қарарлары мен қаулысындағы сөздері басқа да, нақты өмір басқа. Горбачев өзі бастаған «Қайта құру» мен «Жариялықты» өзі жасамай отыр, – дедім.

Міне, осы сөзімді Жақыпбеков арнаулы партия комиссиясының жетекшісі ретінде жоғарғы жаққа жазып берген соң, мені әуелі бюрода, сосын факультет партия комитетінің жиналысында партия қатарынан шығарды, университет партия ұйымындағылар біржола емес, бір жылға уақытша шығарғанымыз дұрыс деп бекітті.     

–     Жарылқап аға, халық деген тобыр, ол айта береді, оның үстіне біз күншіл халықпыз, жасымаңыз алға , қазақ тілі үшін алға!!!

–     Рахмет, қолдауыңа! Өздеріңдей азаматтар тұрғанда тасада тұрып тас ататын бір-екі күншілдер мен шіріген жұмыртқалардың ірік сөздеріне мен неге жасиын, жасымаймын! Олар кім, мен кім, уақыт көрсетер.

–     kazakhta tarih jok gasairlar boi kuldin kuli bolgan.kuldin tili esh uakitta memlekettik til bola almaidi.dalaga shigip manainizdi karamiz .eshkim kazakhsha soilep Mambet bolgisi kelmeidi. KELISESIZBE?

–     Келіспеймін! Бірақ кейде қазақ тілінен жаппай безіп бара жатқан қандастарын көрген кейбір жас адам бұл қиындықтан сынып кетіп, өзі де сол дүрмекке ілесуді дұрыс көруі әбден мүмкін. Жастарды осындай қателіктерден сақтау үшін де есі бар азаматтар бас көтермесек болмайды. Бұдан әрі соза берсек, орыстанған қазақ саны қазіргіден де көбейіп, бой бермей кетеді.

–     «Жұлдыз ауруынан» сәтті сақтана алғандарды мысалға айтып бере аласыз ба?

–     Бұл енді жекелеген танымал адамның ой-өрісі мен ақыл-парасатының деңгейіне байланысты. Әншіге де білім керек, ақыл керек. Ал, «күш бар, ақылдың керегі не?!» дейтіндер ұзаққа бармайды.

 

–     «Аңыз адам» журналы Әміре Қашаубаев туралы шығармай ма? Биыл ол кісінің туғанына 125 жыл толды. Нағыз юбилей. Ән атасы атанған аңыз адамның біреуі солкісі еді ғой.

–     Біз ол кісі туралы «Жұлдыздар отбасы» журналының «Аңыз Адам» айдарында көлемді сұхбаттар жинағын бергенбіз. Болашақта үлкен «АҢЫЗ АДАМ» журналына да бас кейіпкер болады.

–     Бұл Жарылқап қазақ демографиясына қалай үлес қосып жүр? Қанша балаңыз бар?

–     Бес балам бар.

–     Рушыл,жершiлемессіз бе?

–     Емеспін.

–     Жарылқап аға, туған жеріңіз туралы бір ауыз айта отырсаңыз? Қай жердің қазағысыз?

–     Қазығұрттың қазағымын.

–     Жәке, қазақты рухани мәңгүрттіктің белгісі - ішімдік ішуден кері қайтару үшін қандай жұмыс жүргізбексіз? Тек бұл менің шаруам демеңіз. Бұл әрбір саналы азаматтың, соның ішінде ақпарат майданы өкілдерінің де парызы. Қазақ өз бастауына оралса, екі көршісіне жем болмас еді.

–     Дұрыс айтасың, жаман әдеттерден арылуымыз керек.

–     Жарылқап аға, қазақ тілін білу қазақтың ғана міндеті ме? Осыдан барып диаспоралар құтырып жатқан жоқ па! Сіз қалай ойлайсыз?

–     «Жақыныңды жаттай сыйла, жатжанынантүңілсін» деген қанатты сөз бар. Бұл – бір. Екіншіден, қазақ тілі атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра ретінде, ең алдымен қазақтың өзіне керек ең құнды, ең қасиетті дүние! Сондықтан оны қазақ болып туған адамның өздері қажет етпесе, басқалар қайтып ол тілдің қадіріне жетсін?! Ең әуелі әркім өз ана тілін білуі шарт және оны күнделікті тұтынуы керек. Содан кейін,  тілді дамытудың екінші, үшінші сатысында басқалардан, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындардан талап еткен жөн!  

Ең бастысы, қазақ тілін қолданудың қажеттілігін туғызуымыз керек. Өкінішке орай, үкімет дәл осы жерде жеңілдің астымен, ауырдың үстімен 22 жыл бойы созбақтап келеді. Тағы қанша созатынын Құдай білсін! Бірақ олардан дұрыс талап те алмаған халықтың да кінәсі бар. Үкімет ұлтшыл партияға айналып кете ме деп қорқып, ұлттық мәселені алға қойған қоғамдық ұйымдарды тіркемеудің барлық амал-шарғысын қарастыруда. Бірақ халық тегеурінді болса, тіркетеді және дегенін істетеді! Мін жалпы қазақтың жалтақтығын, жағымпаздығын, үлкенді сыйлағыштығын, бастықты тыңдағыштығын жек көремін. Бәрін Шаханов істеп берсе екен деген есек дәмеден арылу керек. Жалғыз адам ештеңе де істей алмайды. Шаханов сияқты мыңдаған азаматтар бұл істе «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» ғана іс нәтижелі болады. Бұл жерде де біздің үкіметтің арнаулы қызметі жіберген әккі адамдар тіл жанашырларын бір-біріне қарсы қойып, күш біріктірмеудің амал-тәсілдерін атқарып бағады. Тіл мәселесінде тегеурінділік керек.  Миллиондаған адам қарсы тұрса, жоғарыдағы ат төбеліндей шенеуніктер орынтақтарынан айырылғысы келмесе, көптің айтқанына көнеді. Махамбеттер керек бұл іске!!!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар