Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 1664 2 пікір 9 Желтоқсан, 2023 сағат 15:12

МИТТАЛ МҰРАСЫ: «АМТ» компаниясының әлеуметтік нысандары кімнің қолына өтеді?

ҚР Өндіріс және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ArcelorMittal компаниясымен келісімнің аяқталғанын мәлімдеді: бұдан былай компанияның барлық қазақстандық активтері ұлттық инвестордың басқарылуына беріледі. Инвестор ретінде Allur компаниясы тобының иесі Андрей Лаврентьев аты аталды. Бұрынғы қожайын үнділік магнат Лакшми Миттал осыған дейін ешқашан нарықтан қайғылы себептерсіз кетіп көрмеген екен. Ендеше ол Қазақстанда өз артында қандай мұра қалдырды?

Лакшми Митталдың меншігіндегі ең басты өндіріс – бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты –  маңайына бірнеше қаланы топтастырған өндіріс ошағы болып саналады. Ол ондаған мың жұмысшыларды жұмысқа тартып, олардың жалақысын беріп отырған еді. Бірақ, ең өкініштісі, «АрселорМитталТеміртау» компаниясы өзі иелік еткен уақытта өндірістің дамуына айтарлықтай шығын шығармағаны былай тұрсын, ол өзіне Қарметтен қалған әлеуметтік нысандардан тезірек құтылуды жобалы түрде жүзеге асырып отырды.

АМТ‑ның шет елден келген басшылары да жергілікті жұмысшыларына шекеден қарады – компанияға жұмысшылар жұмыс істеуге қауқарлы және табыс әкеле алатын болса ғана керек болды. Нақты айтсақ,  2022 жылдың қазан айында жұмыс істеу қабілеті азайған шахтерлар өздеріне төленіп отырған мүгедектік төлемнің әділетсіз екендігіне наразылық танытты. Бұл шахтерлар шахталарда жұмыс қабілетінен айырылған, бірақ, сол кездегі жұмыс берушіден  мүгедектік үшін төленетін өтемақы мөлшері қайта қаралуына қол жеткізе алмаған. Сол кезден‑ақ сарапшылар АМТ компаниясының үш мыңнан астам бұрынғы жұмысшылары ауыр кедейшілік жағдайында қалып отырғаны туралы дабыл қаға бастаған болатын.

Биылғы тамыз тайында премьер‑министр Әлихан Смаилов Теміртау қаласы ауасының ластануы туралы мәселе көтерді. Ол: «Қаладағы ауа ластануының  88%‑ы АМТ еншісіне тиесілі» деп мәлімдеді. Соның әсерінен қалада онкологиялық және тыныс жолдары ауруларының саны күрт көбейген.

«Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорын өндірісті жаңғырту және жаңа технологиялыр енгізу  бағытында  ешқандай іс‑шара жасамаған. Осы басшылық келгелі отыз жыл уақыт өтсе, сол отыз жыл бойы  біз комбинаттың тек күйреп бара жатқанын ғана көрдік. Жекешеленген уақыттан бері кобинаттың оған дейінгі өндірістік көрсеткіштері жартыға дейін қысқарған. Өндірілетін өнім көрсеткіші екі есегі төмендеп, 6 млн тоннадан өткен жылы 3 млн тоннаға дейін құлдырады. Ал, көмір өндірісі төрт есе азайған», ‑ деп  премьер‑минстр Ә.Смаилов атап өтті.

Енді АТМ‑ның «жетістігі» не десеңіз, онда жыл сайынға орын алатын апаттар мен төтенше қайғылы оқиғаларды айтуға болады. Нәтижесінде үнділік инвестордың Қазақстанда болған уақытында 200‑ден астам шахтерлар ажал құшты. Мәселен, 2016-2022 жылдары АМТ кәсіпорындарында 18 апатты жағдай орын алып, 19 шахта қызметкері опат болды, 45 адам ауыр жарақаттар алған екен. 2021-2022 жылдары болат құю кәсіпорындарында болған апаттар салдарынан 12 адам ажалын тапты, 21 адам қатты зардап шекті. Осының бәрінің басты себептері деп сарапшылар  технологиялық процестердің ұйымдастырылуының қанағатсыз жағдайда болғандығын, қауіпсіздік талаптарының қаскөйлікпен ескерілмеуін және өндірістік бақылауды тиімсіз болғандығын, сонымен қатар, құрал‑жабдықтардың әбден тозып кеткендігін атап өткен еді.

Биылғы жеті айдың өзінде ғана АМТ‑ның көмір өндіруші кәсіпорындарында 957 өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Аудандықаралық маманданған экономиакалық сотқа 55 қауіпті өндіріс орындары мен қауіпті техникалық қондырғылардың  жұмысын тоқтату  турал жеті шағымдану арызы тапсырылған. Сот шешімімен 25 нышанның жұмысы тоқтатылған.

Мемлекет бұған тікелей араласып, көмек қолын созуға ұмтылды. Соңғы жылдары «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен өндірісті модернизациялау және өндірістік қауіпсіздік бойынша іс‑шаралар туралы көптеген стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды. Алайда кәсіпорын өзінің мойнына алған міндеттерді орындаған емес. Жыл сайынғы түсетін табыс қазіргі жағдайын қолдауға ғана жүмсалды. Мысалы, бірқатар кокстендіру батареялары мен хмиялық процестерді залансыздандыру цехтары қазір апатты жағдайда тұр. Пеш қондырғыларының қоры таусылуға жақын. Соған қарамастан жаңа пештерді орнату туралы бір де бір контрактілер жасалынбаған.  Мұның бәрі өндірістің қысқаруына алып келетін болады.

Осы мәселелерді ескере келе, Қазақстан үкіметінің ArcelorMittal компаниясының елімізде қалуының қаншалықты тиімді екеніне сенімсіздік  танытуы заңды екені күмәнсіз. 2022жылдың басында АМТ активтерін мемлекет меншігіне қайтару туралы келіссөздер басталды. Өкінішке орай, үкіметтің ол әрекеттері туралы мәліметтер кәсіпорында болған кезекті апаттан кейін ғана жария етілді: 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада жарылыстан кейін болған өрттен 46 шахтер қаза тапты.

Осындай қайғылы оқиғалар сабақ болған соң, Қазақстан үкіметі мүмкін боларлық жалғыз ғана шешімге келді, ол – қалақұраушы бұл кәсіпорындардың инвесторы қазақстандық кәсіпкер болуы тиіс деген шешім болды. Оны таңдау критерийлері белгілі еді: жаңа инвестор металлургия не онымен сабақтас өндіріс саласы өкілі, өзін жақсы көрсете алған, халықаралық басқару стандарттарын жетік меңгереген және  жеткілікті қор жинаған, бұрын‑соңды заңды даулы мәселеден таза болуы тиіс.

Осы критерийлер бойынша жүргізілген сұрыптауда Allur компаниялар тобының иесі Андрей Лаврентьев лайықты деп табылды. Бұл мәміле «Астана» Халықаралық қаржылық орталығы Биржасында жасалып, ол ХҚОА және қаржылық терроризм мен ақшаны заңсыз ақтауға қарсы халықаралы ұйымдар тарапынан қатаң бақыланды. Егер осы тараптар бұл мәмілені күмәнді санаса, онда  мәміле болмас еді.

Жаңа инвестордың барлық бизнесі Қазақстанда шоғырланған және ол АМТ мәмілесі бойынша қандай да болмасын өзге әріптестерінің  мақсатына жұмыс жасай алмайды.  Кәсіпорынның қаржылық қызметіне президенттің тапсыруымен қатаң бақылау орнатылатын болады.  Онымен қоса, Андрей Лаврентьев кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жоғалтпау, сонымен бірге, қазақстандықтар үшін жұмыс орнын сақтау, оларды  әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік жобаларды дамыту   жауапкершілігін өз мойнына алатын болды.

Ал, Қарағанды облысы тұрғындарын қолдау бонусы деп ArcelorMittal компаниясы тарапынан  бөлінген «қоштасу жарнасы» болғанын айтамыз. Үкіметтік келіссөзшілер Лакшми Митталға «Қазақстан халқына» Қорына  16 млрд тенге аудару қажеттігін мойындата алды. Ол қаржы осы өңір тұрғындарының өте өзекті мәселелерін шешуге және маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға жұмсалады. Соның ішінде, ол қаржының 50% Теміртау қаласына бөлінеді.

Әрине, бұл қаржы ArcelorMittal компаниясының осы өңірде болған ондаған жылдардағы қорланып қалған әлеуметтік шығындарын толық жаппайды. Бірақ, бұл өңірдің металлургия мен болат құю кәсіпорындарының қазақстандық жаңа тарихының дамуына серпін береді деп санаймыз.

Abai.kz

2 пікір