Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2649 0 пікір 10 Қыркүйек, 2013 сағат 08:45

Көңіл бөлетін мәселе – инновация

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, энергияны үнемдеу, инновациялық жобаларды іске асыру, күзгі жиын-терін, мемлекет қаржысын тиімді пайдалану сияқты Парламенттің біріккен отырысында Президент жүктеген бірсыпыра міндеттер облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте кеңінен талқыланып, соған сәйкес жауапты орын-дарға тапсырмалар берілді.

Оның ішінде атап айтсақ, кәсіпкерлер кодексін жасау. Аймақ басшысы өз сөзінде бұл салаға қатысты біздің өңірде былтырдан қанатқақты жоба қолға алынғанын айтып, оның орындалуына талдау жасай отырып, Үкіметке, Парламентке тиісті ұсыныстар жіберу қажеттігіне тоқталды.

– Келесі көңіл бөлетін мәселе – инновация. Бұл орайда біздің облыс респуб-ликада алдыңғы қатардан көрінгенімен, инновациялық кеңестің қазіргі жұмысы нашар. Аудан-қалалардың әкімдерінен, кәсіпорын басшыларынан ұсыныстар аз. Өкінішке қарай, жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды қолданысқа енгізетін институттардың қызметі көңілден шықпай тұр. Әсіресе, өзіміздің технопарк («Алтай»), металлургия орталығы, жоғары оқу орындары және басқалар. Сондықтан өндіріс пен ғылымның байланысын нығайта түсетін шаралар ұйымдастырып, ұтымды инновациялық жобаларды «Ертіс» ӘКК арқылы қаржылай қолдау керек, – деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ геологиялық барлау, әкімшілік реформалар, қазына қар-жысын игеру, баламалы энергия көздерін пайдалану мәселелерін де қаперден тыс қалдырмады.

Қазіргі күн тәртібінде өткір тұрған мәселенің бірі – энергия үнемдеу. Оның ішінде үнемділікке шағын ГЭС-тер салу, желдің, күннің қуатын, биогазды пайдалану арқылы қол жеткізу.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ұлан ауданындағы В.Воропайдың биогаз өндіру тәжірибесін қарастырып, тиімді болса оны ары қарай жетілдіру қажеттігін еске салды. Әсіресе, бұл қуат көзі электр желісі тартылмаған шалғайдағы мал қыстақтарын, фермаларды жарықпен қамтамасыз етуде барынша ұтымды. Себебі, биогазға қажетті шикізат, яғни малдың қиы сол жердің өзін-де артығымен жеткілікті.

Сондай-ақ, жақында Астанада Президент жанындағы Орталық коммуника-циялар қызметінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ еліміздегі жетекші бұқара-лық ақпарат құралдары өкілдерімен өткіз-ген баспасөз мәслихатының қорытындысы шығарылды.

– Бұл баспасөз жиыны жақсы өтті. Қатысқан журналистер мен мамандар өздерінің ризашылығын білдіріп, жоғары баға беріп жатыр. Осы шараға атсалысқан орынбасарларыма, басқармалар басшыларына және басқа да адамдарға алғыс айтамын. Ендігі міндет – журналистер көтерген мәселелерді, айтылған сын-кемшіліктерді ескеріп, іс-әрекет жасаған дұрыс. Жалпы, БАҚ-тарда жарияланған материалдарды сараптап, талдау жүргізіп, жіберілген кемшіліктер болса, оны түзетуге жұмыс істеуі-міз қажет. Ал егер жеткен жетістіктерімізді айтып жатса, ол біздің ғана емес, бүкіл Шығыс жұртының еңбегінің жемісі, – деп сөзін түйіндеген өңір басшысы экология, моноқалаларды дамыту, медициналық кадрлармен қамту, күзгі жиын-терін мәсе-лелеріне көңіл аударды.

Жиын соңында қыркүйек айында облысымызда өткізілетін О.Бөкейдің 70 жылдық, Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойылары секілді айтулы шараларға дайындық жайы пысықталды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2095
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617