Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3068 0 пікір 10 Қыркүйек, 2013 сағат 12:52

Тарбағатай тартуы

Облыс орталығындағы Металлургтердің мәдениет сарайы алдындағы Тарбағатай ауданының мәдени күндері әдеттегідей жәрмеңкемен басталды. Сауданың көрігін қыздырып жатқан қарақұрым халық ортасына облыс әкімінің орынбасарлары Ермек Көшербаев пен Владимир Кошелев келіп, аралады.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қала тұрғындарына 11 тонна ет, үш тонна балық, 500 литр қымыз, 3 центнер құрт, 150 келі сары май және нан-тоқаш өнімдерінің бірталай түрі арзан бағамен жеткізілгенін айтты. Жәрмеңкеде сиыр мен қой еті – 900-1000, жылқы еті – 1200 теңгеден саудаланды. Оған ауданның 17 ауылдық округімен қатар, тауар өндірушілері тайлы-таяғына дейін қалмай, түгел келген екен.

– Біз биыл бірінші рет көкөніс мәселесін жолға қойып отырмыз. Келесі жылы мемлекет тарапынан бөлінетін нақты қаражатқа аудандағы барлық су тоғандарын жөндеу-ден өткізбек ойдамыз. Мәселен, міне, жанымызда тұрған Құмкөл ауылдық округінің тұрғыны Сенбіхан Болысхан 2007 жылдан бері көкөніс өсіріп келеді. Ендігі жерде оның несие алуына жәрдемдесіп, томат цехын ашуына қол ұшын беретін боламыз, – дейді аудан әкімі.

Ата жұртқа келген қандасымыз өсірген бау-бақша өнімдерінің бағасы да көңілге қонымды көрінді. Оның қарбызы 25, қауы-ны 100, ал қызанағы 40 теңгеден саудаланып жатты.

Бір айта кетерлігі, тарбағатайлықтар базаршылап келген халықтың рухани демалысын ұтымды ұйымдастыруды да басты орынға қойған. Мәселен, аталған алаңда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, аудандық балалар өнер мектебінің директоры, «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша облыс Әкімі сыйлығының иегері Әлібек Шоқановтың «Күрең күз» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылыпты. Қыл-қалам шеберінің «Тарбағатайдағы той», «Балдәурен», «Шыңғыстай», «Бозша ауы-лы», «Сеңгір жазығы» және басқа да туындылары ешкімді бейжай қалдырмай, оларды сатып алушылар да шығып жатқанын байқадық.

– Менің көптеген топтамаларым туған жерге байланысты жазылған. Мақсатым – Тарбағатайдың тамаша келбетін көпшілікке жеткізіп, облыс көлемінде таныту, – дейді суретші.

Көрмеге сондай-ақ, балалар өнер мектебі оқушыларының қолөнер туындылары және зергер-дизайнер Серік Бәшеровтің туындылары қойылыпты.

Той-базарда тарбағатайлық өнерпаз қауым қойған концертке де көпшілік риза болысты. Бұған қоса көпшілік алдына сайдың тасындай жігіттер шығып, қошқар көтеруден бақ сынасты. Дегенмен, мықтының аты қашанда мықты екен, зайсандық Қуаныш-бек Қиарыстанов қошқарды 110 рет көте-ріп, соңында оны үйіне алып әкетті.

Нағыз думан кешкісін «Үлбі» мәдениет сарайында басталды. Онда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның мәдениет қай-раткері, Президент оркестрінің әншісі Клара Төленбаева, дәстүрлі әншілер Ержан Шүкіманов, опера әншілері Болат Қанағатов, Дархан Жолдыбаев, айтыс ақтангерлері Сара Тоқтамысова, Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов өнер көрсетіп, халықты риза етті. Осылайша Тарбағатай ауданының мәдени күндері барлық сән-салтанатымен, жоғары дәрежеде өтті.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1622