Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4811 0 пікір 1 Қазан, 2013 сағат 04:40

ҚМДБ-ның қасынан Ақпараттық насихаттық топ құрылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпараттық-насихаттық (АНТ) тобы құрылып топ мүшелерінің дөңгелек үстелі өтеді деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысатын басқосуда ҚМДБ АНТ мүшелері, белгілі теология ғалымдары, исламтанушылар «Дұрыс діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?» деген тақырып төңірегінде тренинг жүргізеді. Сондай-ақ, насихат жұмысында туындаған мәселелер талқыланбақ. Дөңгелек үстелге ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Дін істері агенттігінің сарапшы мамандары қатысып, баяндама жасайды.

Іс-шара Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде 2013 жылдың 2 қазанында сағат 9:30-да басталады.

Біз төменде  ҚМДБ-ның ақпараттық-насихат тобы (бұдан әрі – АНТ) туралы бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен ереже мен АНТ-тың қамтитын аумағын және оның тұрақты құрамын  Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарына таныстырғанды құп көрдік.

ҚМДБ-ның ақпараттық-насихат тобы (АНТ) туралы

ЕРЕЖЕ

  • Мақсаты:

-  Дәстүрлі дініміз – Исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру;

- Қалың бұқара арасында ҚМДБ-ның әлеуетін арттырып, алға қойған бағыттарымен таныстыру;

- ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру;

- Ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру;

-  Отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау.

  • АНТ-тың қамтитын аумағы:

-  Еліміздің облыс, қала, кент, аудан орталықтары мен шалғай ауылдары;

- Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелері.

  • Салалық байланыс:

- ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері;

- ҚР Дін істері агенттігі;

- Облыстық әкімдіктер, ішкі саясат басқармасы;

- Облыстық дін істері департаменті;

-  Үкіметтік емес ұйымдар.

  • АНТ-тың жұмыс бағыты:

-  Облыс, қала және аудандық активтермен, облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мүшелерімен кездесу;

-  Облыстағы ЖОО-да оқытушы қауым, студенттермен дидарласу;

- Облыстық телеарналардағы діни-танымдық, сараптамалық бағдарламаларға сұхбат беру;

- Өңірлік басылымдарға мақала жариялау;

- Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен кездесу;

- Жергілікті мешіттерге қатынап жүрген радикалды ағымды қолдаушы тұлғалармен жекелеген түсіндірме сұхбаттар өткізу;

- Шара соңында облыстық БАҚ өкілдеріне баспасөз-маслихатын өткізу.

АНТ-тың тұрақты құрамы:

I топ:

- Ершат Оңғаров -ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі

- Бауыржан Абдуалиев - ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері

- Еркебұлан Қарақұлов - ОҚО, Шымкент  қаласы, наиб имам

- Нұржан Даркулов - Алматы қаласы, «Сұлтан Қорған» мешітінің Бас имамы

- Асқар Мұқанов - «Орбита» мешітінің наиб имамы

II топ:

- Сансызбай Шоқанов - ҚМДБ-ның шәриғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

- Жасұлан Жүсіпбеков - ««Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің ұстазы

- Бақтыбай Бейсенбаев - «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы

- Серікхан Ахмадиев - Алматы қаласы, «Әл-Мадина» мешітінің Бас имамы

- Жолдас Қоспақов - Павлодар қаласы, «Ақмешіт» мешітінің Бас имамы

III топ:

- Рақымжан Әкімбеков - «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің оқытушысы

- Бауыржан Әлиұлы - ҚМДБ-ның БҚО-дағы өкіл имамы

- Нұрлан Бақбасаров - Астана қаласы Шұбар мешітінің Бас имамы

- Қазбек Ахметов - Алматы қаласы, «Мекке» мешітінің Бас имамы

- Берік Арынов - Жезқазған аймақтық мешітінің наиб имамы

IV топ:

- Әбсаттар Сманов - Сарыағаш медресесінің директоры

- Қабылбек Жұмағұлов - ҚМДБ-ның Жезқазған аймағындағы өкіл имамы

- Құрмет Смағұлов - «Нұр» университеті мешітінің Бас имамы

- Нұрбол Тағаев - Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы

- Қанат Жұмағұлов - Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы

V топ:

- Смайл Сеитбеков - ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

- Наурызбай Өтпенов - ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі

- Нұрмұхаммед Иминов - Алматы орталық мешітінің наиб имамы

- Арман Томантаев - Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-ғасыр" мешітінің наиб имамы

- Мақсатбек Мақсұтұлы - «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы 

VI топ:

- Алтынбек Ұтысханұлы - ҚМДБ-ның жалпы бөлімінің меңгерушісі

- Ерсін Әміре - Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы

- Оралхан Сейдманов - Алматы қаласы, орталық мешітінің  наиб имамы

- Әлижан Бекбауев - Ақтөбе облыстық мештінің наиб имамы

- Рүстем Сыздықов - Қарағанды қаласы, дінтанушы

- Бауыржан Отарбаев - Тараз қаласы, «Шейх Заннун» мешітінің Бас имамы

Abai.kz

0 пікір