Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Абай.tv 6819 5 пікір 6 Желтоқсан, 2023 сағат 13:49

Қазыбек Иса: 46 трлн байлықтың үстінде жалаңаяқ отырмыз...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тіл жанашыры Қазыбек Иса «Usbanоv ARNASY» You Tube арнасындағы «Сәрсенбідегі сауал» подкасына сұхбат берді.

Журналист Нұргелді Әбдіғанимен өткен ашық әңгімеде 1994-1997 жылдары мұнай кен орындары келісімдерінің жасырын және заңсыз жасалғаны айтылды.

«Мысалы, Қашағандағы мұнай мұхитынан мемлекетке тиетіні тамшыдай ғана – 2 пайыз?! Ал Қашаған – Қазақстанда өндірілетін бүкіл мұнайдың 20 пайызын береді. Осы орасан мұнай кенішінен бізге түсетін пайда жоқтың қасы болса, бұл жерде ешқандай да инвестордың елге тигізер игілігі жоқ! Бұл – шетелдік инвестор мен сол кездегі президент Назарбаев үшін зор келісім болған шығар, халық үшін қор келісім болды!» – деп ашынды Қазыбек Иса.

Кеше-бүгінгі Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарындағы кен орындарындағы апаттар да – осы себептен. Депутат араға уақыт салмай, шетелдіктермен кен орындары жайлы жасасқан Өнімді бөлу Келісімдерін (ӨБК) ашық жариялау керектігін де айтты.

Толығырақ:

Abai.kz

5 пікір