Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4186 0 пікір 27 Қыркүйек, 2013 сағат 07:17

Үндеу: «Түрік мәдениеті мен тілі күні»

Түрік мемлекеттері мен үкімет басшыларына,

ЮНЕСКО, ТүрікСОИ

және түрік елдерінің мемлекетаралық

қоғамдық ұйымдарына, түрік халықтарына

 

 «Түрік мәдениеті мен тілі күні» мерекесін қалыптастыру туралы

 

Ү    Н   Д    Е    У

     ЕурАзияның ұлан-қайыр кеңістігін Тынық мухиттан Балканга дейін қоныстанған түрік халықтары біздің эрамызға дейін-ақ мәдениетке қол жеткізіп, әлем өркениетін бастап[1] жасасып, оның бүгінгі келбетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.

Бүгіндері түрік өркениеті – түрік мәдениеті жалпыадамзатқа ортақ мәдениеттің мызғымас бөлігіне айналған.

Түрік мәдениеті түрік этностарының кең тармақты субмәдениетінің сомдалған бейнесі ретінде, өзара алмасуға, дамуға деген ұмтылыспен келеді. Алайда бұл ұмтылыс соңғы ғасырларда империялық шекаралар мен үстем идеологиялардың шектеуіне ұшырады.

Түрік мемлекеттері мен үкімет басшыларына,

ЮНЕСКО, ТүрікСОИ

және түрік елдерінің мемлекетаралық

қоғамдық ұйымдарына, түрік халықтарына

 

 «Түрік мәдениеті мен тілі күні» мерекесін қалыптастыру туралы

 

Ү    Н   Д    Е    У

     ЕурАзияның ұлан-қайыр кеңістігін Тынық мухиттан Балканга дейін қоныстанған түрік халықтары біздің эрамызға дейін-ақ мәдениетке қол жеткізіп, әлем өркениетін бастап[1] жасасып, оның бүгінгі келбетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.

Бүгіндері түрік өркениеті – түрік мәдениеті жалпыадамзатқа ортақ мәдениеттің мызғымас бөлігіне айналған.

Түрік мәдениеті түрік этностарының кең тармақты субмәдениетінің сомдалған бейнесі ретінде, өзара алмасуға, дамуға деген ұмтылыспен келеді. Алайда бұл ұмтылыс соңғы ғасырларда империялық шекаралар мен үстем идеологиялардың шектеуіне ұшырады.

    Үстіміздегі информация дәуірі мен шектеулердің біршама босаңсуы бөлшектенген түрік мәдениетінің өзара және әлемнің басқа да халықтарының мәдениетімен именшектеп болсада әрекеттесуіне мүмкіндік бере бастады. Алайда бұл көптеген субмәдениеттеріміздің сақталып, бүткіл түрік мәдениетінің кезінде шыққан шыңдарынан көрінуіне жеткіліксіз.

    Түрік мәдениеті байырғы жетістіктері мен қазіргі мүмкіндіктерімізге сай, халықтарымыздың қажеті мен мүддесіне қызмет етер деңгейге көтерілуі үшін әрекеттесудің, алмасудың, жаңа үлгілер жасап, барымызды көпшілікке жеткізіп, сіңдірудің жаңа жолдарын да қарастыруы тиіс.

Бұл жолдар біздің мәдени мұраларымыздың сыны кетпес құндылықтар екенін жастарымызға, өркениетті әлемге, тіпті түріктердің жан дүниесін ұға алмай, мәдениетімізге күйе жағып, арзан атақ қуалаушы жергілікті, және басқа да жылпостарға көрсете білуі керек.

    Мәдениетіміздің сценалық, көрсетімдік шараларды ғана місе тұтып, төрт құбыламыз түгелденіп, толықсыдық деп, масаттанар жөні жоқ. Кейбір туыстарымыздың мәдениеті халықтан ұзап, тірегінен айырылып, басқыншы мәдениеттердің ұсқынсыз құйыршығына айналып барады.

Мәдениет халыққа бет бұрып, бірге тұрып, өмірі мен тұрмысын әрлендіріп, халықты өзінің басты қайнар көзіне айналдыруы тиіс.

Осынау дәрежелерге заманның тынысмен үйлесіп, нәзік сезімді тербелткен төл мәдениет қана жетіп, қарапайым түйсікті қытықтап тобырды қоздырушы мәдениетсымақты қоқырсықта қалдыра алады.

    Мұның бәрі түріктік рухани құндылықтардың мәдениетіміздегі түптөркіндігін мығымдап, оған өзіміз бен басқа халықтардың мәдени мұралары мен жаңа ағымдарын шеберлікпен түйістіре отырып, жаңғырған жарқын белеске жетелемек.

Сонда ғана мәдениетіміз адамдарға қуаныш пен өміршеңдік әкеліп, болашаққа ұмтылған жалпытүріктік мәдени кеңістікті қалыптастыра түсіп, өркениетіміздің қайта өрлеу жолындағы басты тірегінің біріне айналып, бұл дүниеден өз орнын алмақ.  

    Біздің мәдениетіміздің мұндай боларлықтай шынайы мүмкіндігі – мыңдаған жылдар бойы шыңдалған рухани негізі, сансыз мұралары, дамуға деген талпынысы, анасындай аяулы Отаны бар.

Біз бұл мүмкіндіктерді игілігіміз үшін қолданып, бұл өмірді басқа да халықтармен бірге жасандыра түсуіміз қажет. Мұндай еңселі мақсатты жақындатар жолдардың бірі, түріктер мекендеген шар тарапта тойланатын “Түрік мәдениетінің күні” мерекесін заңдастырып, баршамыздың әдет-ғұрыпымызға айналдыру болып табылады. 

Бұл мереке түрік мәдениетін сақтап, дамытып, таратып, әлем мәдениетінің қазынасына қосар үлесіміздің маңызды құралы болмақ.  

Осы іспеттес мерекені біздер Түрік Халықтарының Бүкіләлемдік Ассамблеясының аясында 2009 жылдың 20 маусымында түрік халықтарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда өткіздік.

    “Түрік мәдениетінің күні” мерекесін өткізу күні туралы әртүрлі пікір бар. Базбіреулер оны кейбір түрік елдерінде жыл сайын мамыр айында өтетін шахидтер күнімен бірге тойлаған жөн дейді. Бірақ бұлай етсек жаңа мерекені шахидтер күнінің мысы басып кетпей ме, ал басқа елдерімізде керісінше болуы да мүмкін ғой деген қауіп бар.

Оның үстіне шахидтар күні, қалай десеңізде, еске алу күні, ал “Түрік мәдениетінің күні” нағыз мейрам.

Әрине, егер біз ұсынып отырған мереке, мысалы “Түрік халықтарының күні”, немесе “Түрік халықтарының бірлесу күні” деген сияқты мағынада болса, онда екеуін біріктірсекте жөн болса керек. Бірақ олай аталса мереке саяси шараға ұқсастанып, оған түріктер бағынышты халдегі мемлекеттерде жол бермеуі де мүмкін.

Біздің ойымызша шахидтеріміздің күнін бұрынғыша атап өтіп, барлық түрік елдеріне де тарата түсу керек.

Ал ұсынылып отырған мерекенің де мамыр айында тойлануын қолдай отырып, оны “Түрік мәдениетінің күні” дегеніміз орынды деген ойдамыз.

Үстірт қарағанда мерекені нақты бір күнтізбелік күнге белгілемей, демалыс күндердің бірінде өткізуге де болатын сияқты. Алайда бұл оның маңызын төмендетіп жіберер еді.

Сондықтан да осы бір бүкіл түрік әлеміне ортақ болар мерекені өткізуге арнайы бір-екі күнді белгілегеніміз абзал. Түрік халықтарының әдеуір бөлігінің мемлекеттік-әкімшілік құрылымы болғандықтан бұл мерекені, егеменді түрік мемлекеттері бастаса, оларда белгіленген тәртіпке сай заңдыстыра бастар деген үміттеміз.

    Біздің пікірімізше “Түрік мәдениетінің күні” мерекесі алғашқы рет Түрік елдерінің парламенттік Ассамблеясы, ТүрікСОИ және басқа да мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен салынып жатқан түрік халықтарының тарихи-мәдени орталығы “Тұран” қалашығында түрік әлемінің мәдениет ұжымдары мен белгілі қайраткерлерінің, қалың бұқараның қатысуымен өткені орынды. Мереке сонымен бірге түрік әлемінің түкпір-түкпірінде салтанатты тойланып, тікелей эфирде көрсетіліп, БАҚ арқылы көпшілікке жеткізілуі тиіс.

Болашақта да “Түрік мәдениетінің күні” мерекесі өтер басты орталық,  Түркістанның үш республикасы түйіскен жердегі “Тұран” қалашығы болғаны жөн. Бұл, бізге рух берер бәріміздің ата-бабаларымыздың келбеті елестеп тұрған – қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, османдық, ахысқалықтар мен басқа да түрік халықтары мекен еткен тарихи аймақта түрік мәдениеті бағы заманнан бірге жасалып, жасанып келеді. Бұл үрдіс енді мерекелі болып, тиісті деңгейге көтерілмек.

Түріктердің мәдениеті өркендеп, әлемді әсемдей берсін!

Айтылған мәселе жөнінде өз ұсыныстарымызды ортаға сала отырып, Сіздердің бұл туралы – мерекені қалай атап, қай күні, қайда өткізу жөнінде ұсыныстарыңызды күтеміз.

 

Түрік Халықтарының  Дүниежүзілік

Ассамблеясының атынан, ұйымның президенті,

академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ

Тұран қалашығы, Қазақстан

Abai.kz


[1] Бодо Харенберг и др., “Хроника человечества”, 24,30 стр., Москва, 2000г.

0 пікір

Үздік материалдар