Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4310 0 пікір 27 Қыркүйек, 2013 сағат 07:08

...Құнанбай болу не теңің?

Cуретте: ШҚО Жарма ауданының әкім Әнуарбек Мұхтарханов

Қолға қалам алуға бүкіл облыс жұртшылығы оқитын өзім қадірлейтін «Семей таңы» газетінің 2013 жыл, 6-тамыз, № 63 санындағы Жарма ауданының әкімі Ә.Мұхтарханов туралы «Халықтан биік емеспіз» деген ашық әңгімесі түрткі болды.

Газет Сіздің жымиып отырған, ойланып отырған, ежірейіп отырған, күжірейіп отырған 5 түрлі суретіңізге орын беріпті. Жарманың жағдайы Сіз барған соң жақсарып кеткендей-ақ «білдей бір дөкей газеттің бір бетінен өзіңіздің күндидарлы рәсіміңіз 5 рет орын алуы тегін емес-ау шамасы» деген уәж еріксіз қылаң беріп қалды. Мен солай болғанына әмсе тілектестігімді білдіремін. Төскейде малы, төсекте басы бір көршілік көңіл ғой бұл.

Сұхбатыңызды (ашық әңгіме) мұқият оқыдық және Сіз айтқан мынандай мәселелермен келіспейтіндігімізді білдірем. Осы мақаланы сіздің сырыңыз бен шыныңызды білмейтін Жарма ауданының халқы үшін жазып отырмыз.

Сіз сұхбатыңызда: «Мен ешқашан өзіммен кадр алып жүрмеймін. Қай ауданға барсам да сол жердегі кадрлармен жұмыс істеймін...» депсіз.

Cуретте: ШҚО Жарма ауданының әкім Әнуарбек Мұхтарханов

Қолға қалам алуға бүкіл облыс жұртшылығы оқитын өзім қадірлейтін «Семей таңы» газетінің 2013 жыл, 6-тамыз, № 63 санындағы Жарма ауданының әкімі Ә.Мұхтарханов туралы «Халықтан биік емеспіз» деген ашық әңгімесі түрткі болды.

Газет Сіздің жымиып отырған, ойланып отырған, ежірейіп отырған, күжірейіп отырған 5 түрлі суретіңізге орын беріпті. Жарманың жағдайы Сіз барған соң жақсарып кеткендей-ақ «білдей бір дөкей газеттің бір бетінен өзіңіздің күндидарлы рәсіміңіз 5 рет орын алуы тегін емес-ау шамасы» деген уәж еріксіз қылаң беріп қалды. Мен солай болғанына әмсе тілектестігімді білдіремін. Төскейде малы, төсекте басы бір көршілік көңіл ғой бұл.

Сұхбатыңызды (ашық әңгіме) мұқият оқыдық және Сіз айтқан мынандай мәселелермен келіспейтіндігімізді білдірем. Осы мақаланы сіздің сырыңыз бен шыныңызды білмейтін Жарма ауданының халқы үшін жазып отырмыз.

Сіз сұхбатыңызда: «Мен ешқашан өзіммен кадр алып жүрмеймін. Қай ауданға барсам да сол жердегі кадрлармен жұмыс істеймін...» депсіз.

Сіз Аягөзге келе салысымен артыңыздан іле-шала жанұясымен жедел жеткен Сүттібаев Қайратпен оның жарын жадыңыздан шығарып алғансыз-ау шамасы.  Сүттібаев мырза аудан әкімдігінің апаратында 1 жылда төрт рет орын ауыстырды. Бұдан кейін Мамырсу ауылдық округіне әкім жасадыңыз. Әйелін әкімшіліктің апаратына жұмысқа алдыңыз. Ол кісінің Зайсан жақтан жұққан әдеті ме қайдам, 1 күн жұмыста болса 2 күн келмейді екен. «Атың шықпаса жер өрте» дегендейін өзі отыратын кабинетті ішіндегі миллиондаған теңгенің заттарымен қоса өртеп жіберді. Әдейі емес әрине. Үйіне кетерде электр пешін тоқтан ажыратуды ұмытып кеткен ғой. Жалпы осы жанұяға сіздің жасаған қамқорлығыңыз керемет. Екі жыл ішінде Сүттібаев Қайратты өзіңізге бірінші орынбасар етіп бірақ шығардыңыз. Сол Қайратыңыз қызмет көлігін әлдеқандай себеппен аударып алғанда да оған ешқандай шара қолданған жоқсыз. Жабулы қазан жабулы күйінде қала берді. Енді Қайратты Жарма жаққа ерте кетіп, бір жәйлі орынға жалпита салсаңыз Аягөздіктер оған таңдана қоймас.

Аягөзде ауылдық округтің әкімі болып істей алатын азамат құрып қалғандай Сіз жан жақтан бес әкімді алдырғаныңызды неге ұмытасыз?

Сіздің құрылыс саласына басшылық жасау стиліңізге жұрт таңданарлықтай.

Біздер, Аягөздіктер Сіздің екі басқа жаңадан салдырған хан сарайындай  2-қабатты үйіңіздің салу тарихынан хабарымыз мол. Және бұл үй біраз «уголовкаға» жүк болатын заңбұзушылықпен салынды.

Кабинетіңіздің төр бөлмесінен туалет салдырғанды да естідік. «Патшалар жаяу жүретін жерге бара алмай неге, қадамы қата қалды екен бұл пақырдың» деп таң қалдық. Мұның өзі ел ішінде бір талай сыпсың тудырды. «Әкім сырқат екен. Дерті дәл қуықтан жабысыпты» деген сыбыс сырғақша сырғыған. Сіз сау басыңыздың сақинасын басқаға аудара салудың шеберісіз. Ақыры оны: «облыс әкімі сал деп айтты» деп мәселені Б.Сапарбаевтың атына сырғыта салдыңыз.

 

Аягөз ауданын сіз басқарған мезгілде (3 жылға таяу) сіздің үйіңізден басқа бірде-бір құрылыс нысаны салынып, пайдалануға берілген жоқ. Жиыны 1,5 миллиард теңгенің құрылыс объектілерін салу сын көтерместей сылбыр жүргізілуде. Олардың мезгілінен кеш бітеріне шүбәңіз болмасын.  Құрылыс нысандарына тендер мен конкурстар қылмысқа бергісіз заң бұзушылықпен өтеді.

Егер 1-тендердің өзі сәуір айынан бастап қазан айына дейін өткізілсе одан қандай нәтиже күтуге болады (240 млн балабақша) бұның басты себебі тендерді ұтқан мекемелер сіздің ыңғайыңызға келмей қалыпты.

Сіз күш-қуаты әлсіз «Алау» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстарын, Сіздің үйдің, 340 млн.дық балабақша, 818-млн.дық мектеп, 96 млн.дық мұражай  ғимараттары құрылыстарының тендерін ұтып алуын қалай түсіндіріп бересіз? Неге Сіздің қалау үнемі «Алауға» ғана ауып тұрады. Бұл мекеменің құрылыс нысандарының сапасы еш сын көтермесе де, Сіз бәйгеге қосқан соң тендер жеңімпаздығын шаппай алады. Мысалы  96 млн. теңгеге салынған мұражай әлі тұр. Себебі жобадан ауытқушылық бар. Құрылыс жұмыстарының сапасы нашар. Басқа құрылыстардың да оңып тұрғаны шамалы. Жөндеу жұмысына өзіңіз «бас-көз» болған аудандық әкімшілік ғимаратының сылағы салбырап қалыпты.

Өткен жылы жарты жылдықтың қорытындысында Аягөз ауданы мемлекеттік сатып алуда жарты млрд. теңгеге ( 487 млн. тг.) заң бұзуға жол берді. Сіз жеңіл-желпі сөгіспен құтылдыңыз. Бірақ соған қарамай аудан рейтингілік көрсеткіш бойынша 1-орында. Не үшін? Бәйгелі ауданның түрі мынау болса, соңғы орындағы ауданның келбетінен кісі шошитын шығар.

Сіз сұхбатыңыздың бір тұсында: «...сын әділ болса, қабылдауға, түсінуге, түзетуге болады және ондайға рахмет айту керек. Өкінішке орай, кейбіреулер өз есебі іске аспаған соң, пендешілікпен мұқату амалын осылай ойластырған сияқты» деп көлгірсіпсіз.

Аягөзде Сіздің атыңызға айтылған тұздығы удай  сындар болды. Сізде алты аласы, бес бересі жоқ, басқа бір шаһардың тұрғыны Рахат Алтай деген журналист газет бетіндегі ашық сынымен жоныңыздан таспа тілді. Ол көтерген мәселенің бәрі шындық. Бірақ соның біреуі түзелді ме? Түзеудің орнына, рахмет айтудың орнына сын айтқан газет тиражын түгел сатқызып алып, немесе өзге әдістермен ел арасына таралуға кедергі келтірдіңіз. Сіз өз адресіңізге сын айтқан адаммен ашық түрде болмаса да, астыртын есеп айырысуға шебер-ақсыз. Дәлел пішен-пішен. Және осы жәдігөй әрекетке жұмсаған қабылетіңізді жөндемді іске сарп етуге келгенде тасырқаған аттайсыз.

Сөйте тұра сұхбатыңыздың ауқымына әкелі-балалы-Құнанбай мен Абайдай алыптар-дан алған «ғибраттарыңызды» сыйғызып жібермек болыпсыз. «Сорлыға сойылдың жуан басы тиеді» демекші, дәл осы арада Сіз өреңіздің өлшемін танытып алыпсыз. Алты Алаштың азуын айға білеген азулы ғұламалары байқап-байқап баратын заңғарларға баға беру Сіз сияқты деңгейдегі әкімнің «тіске басары» емес.

Кеңгірбай би қартайған шағында өз кіндігінен жаралған Ералы, Төлеу, Қотанбұлақ  деген ұлдарынан гөрі Тобықтыны билеуге ел қамын ойлайтын ақылды, әділ, парасаты мол деп Өскенбайды ұсынады. Өскенбай Кеңгірбайдың ойынан шығып, елді адал, әділдік жолымен басқарады. "Ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға бар" деген нақыл содан қалса керек. Өскенбай би дүние салған соң ел-жұрты оның орнына баласы Құнанбайды би етіп сайлайды. Жастайынан әке жанында жүріп, ел басқару ісіне араласып, жөн-жосық көріп қалған Құнекең билікті тез игеріп дөңгелентіп алып кетеді. Оның ел билеу әдістері Өскенбайдан ерекшелеу, кейбір кесім-байламы әкесінен өзгеше болды. Қатал-қайсар мінезді Құнанбай бетінен қайтпайтын, алысқанын жықпай тынбайтын, ел арасындағы дау-жанжалдарға билік айтарда бұлтармай, жалтақтамай билікті батыл айтатын адуындылығы басым би болған. Сіздің мінезіңізден Аягөз елі Құнекеңе ұқсаған жалғыз тал қылықты көрдік деп айта алмас. Орыстардың ботаны «Түйе болам деп бола алмай қалған түйе» дейтіні осындайдан екен-ау сірә.

1822 жылы Ресей патшасы "Сібір қазақтарын басқарудың уақытша ережелері" деген заң шығарды. Осы заң бойынша хандық жойылып, оның орнына аға сұлтандық орнады. Аға сұлтан төрелер тұқымынан белгіленуге тиісті еді. Бұл кезде тобықты елі ауқымы кеңейіп, оған Қарқаралы округі де қарайтын. Осы округке аға сұлтан болып Құнанбай сайланады. Оның аға сұлтан боп сайлануына өзінің ықпал-абырой, беделі себеп болады. Сондықтан да оның аға сұлтандық дәрежеге қолы жеткен. Халық "қарадан сайланған хан" деп Құнанбайдың атақ, даңқын бұрынғыдан да асқақтата көтеріп әкеткен.

Аға сұлтан болған жылдары Құнанбай Қарқаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өз қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балалар-ды оқытып мұсылмандыққа, имандылыққа баулиды. Жасы 70-тен аса бастағанда ел басқа-руды, билікті балаларына тапсырып, өзі Меккеге қажылыққа барады. Қазақ елінен, өзге мұсылман жұртынан түсіп, қонып тұрсын деп өз қаражатына Меккеден "Тақия" деген қонақ үй салдырады. Сөйтіп, сол кезден бері көптеген келімді-кетімді мұсылмандардың сауабын алады.

Сіз сөз жүзінде үлгі еткен Құнекең осындай сауапты іс тындырыпты. Ал, Сіз болсаңыз «Мөлдір сана» үнпарағының таралуына қолыңыздан келген кедергіні (иттік деуге аузым бармайды) іс жүзінде жасап келіпсіз. Бұл туралы Сіз Аягөзден кеткен күні өзіңіздің қол астыңызда істеген азаматтардан естідік. Естіген құлақта жазық жоқ екені белгілі ғой.

Сіз киелі ұғым-уәдеге тұрақсыз, пікірінен қайтқыш, қабылдаған шешімін өзгерткіш әкім екенсіз. Сөзде тұру, серттен таймау адамның кісілік қасиетімен бірге, оның мінезінің де өнегелі екенін білдіретін ерекшелігі. Бұған да дәлел жеткілікті. Оны кезі келгенде оқушыға білдіре жатармыз. Айтқанынан айнығыш, сөзінде тұрмайтын адамның бойында кісілік қасиет аз болады. Сіздей адамға бүтін бір ауданның билігін тапсыру, мәймөңкелеп айтқанда,  өзіңізді осы орынға қонжитқан адамның жауапсыздығы шығар.  Сіздің қолы-ңыздан бұтты-шатты әкімдік келсе келер, Құнанбайлық келуіне бәсім бар. Алла бермеген абырой мен ақыл алысатын жау емес, тыртысатын дау емес. Оны күшпен де, пұлмен де көндіре алмайтының анық.

Құнанбай сияқты алыпқа Сіз сияқты шүкімайттар ілессе таңы айрылатыны белгілі іс. Бір мысалға жүгінелікші. Құнанбаймен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдан кейін Құнанбайды паналап, арып-ашып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, "мына Торқанды тәрбиелеп, бақ" депті. Абай: "Тәте, бұл адам неңіз еді?" - дегенде, Құнекең:

Қажымас, қате баспас хан бола ма,

Таусылмас, табан таймас жан бола ма.

Бәйгеден қосқан сайын келсе -ағы,

Тұлпарда арықтаса сән бола ма? - деп, "бұл кісі қиын жағдайда бірге қиналған жолдасым еді",-депті. Міне кісілік деп, мәрттік деп осыны айт. Ал, Сіз болсаңыз, өзіңізге сенген өрімдей-өрімдей төрт жігітті істі қылып, тағдырларына балта шабылуына себепші болыпсыз. «Көп болса бір сөгіс аласың, қалғанын өзім реттеймін» деп, түс аумай жатып тайқып кетіпсіз. «Қылығыңа қарап қыз емес екеніңді біліп едім» деп Қожанасар әпенді айтқандай Сіздің талай-талай қырыңыздан хабардар болып жатырмыз.

АБАЙ: «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға» деген екі-ақ шумақ өлеңімен бүгінгінің жетесіз ұлықтарына тәкаппар тектілікпен маңдайға ұрғандай ескерту жасапты-ау. Бұл мұңдарлардың Абайдың «Алшаңына» теңесем десе, бұттары айрылып кетпей ме? Құрметті Әнуарбек Мұхтарханұлы, осы қимылдан Өзіңізді өзгеше сақтандырғым келеді.

Абай шындықты айтқанда жауырды жаба тоқымай, жаты түгіл жақынының жүзін айғыздап айтады. Ұлы тұлға өмірінің аяқ кезінде шындыққа жан айғайын қосып айтса да, үкімі зілді нүсқауын,  Мұхтарханов мырза, Сіз қаперіңізге алмапсыз. Меңіреу менмендік пен көркөкірек надандыққа бір сәт бой алдырып қалдыңыз ба қалай, демократ, гумманист, ағартушы Абайды коммунистендіріп жіберіпсіз. Санасы жұтаң ұлықтардың Абай сынаған қуыс кеудесі, мәнсіз маңғаздығы, үкі жүніндей салмақсыздығы Сізге ой салмағаны қалай? Абай олардың санасыз-ойсыз паңдығын сірестіре сынаса да, тексізге де тектілік жұқтыруға ұмтылған қормалдығын ұмытып, Сізге не болып қалды? Байламы баянсыз, тірлігі жетесіз, қадамы құтсыз, көңілі кеселді адамның түптің түбінде Алла қаһарына, тағдыр қарғысына ұшырайтынын да ҚАРАШАЛ  екі шумақ өлеңінде құран сөзіндей айтпап па еді. «Қайран сөзі Тобықтының тағы бір езіне қор болған» қайран Абай-құтып-ай десеңші!!!

Кәдірбек Салқымбаев

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар