Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4212 0 пікір 27 Қыркүйек, 2013 сағат 06:48

Әлемде «крокодилден» көз жұмғандар саны көбейіп барады

«Крокодил» немесе «дезоморфин» деп аталатын бұл есірткі синтетикалық опиумға жатады. Героин, кокаин сияқты қымбат нашаға қолы жетпейтіндердің ойлап тапқан арзан алданышы. «Кедейлердің кәйпі» деп те атайды кейде мұны. Қазір бүкіл әлемде есірткінің осы түрінен көз жұмғандар саны қатты көбейіп кеткен. Қазақстанда бұдан сырт қалып отырған жоқ. Себебі «крокодилдің» бір рет дәмін татқандар, сондағы рахат сезімді тағы бір мәрте қайталауға құмартып тұрады екен. Ал оны үнемі қабылдайтындар ары кетсе екі жылдан артық өмір сүрмейді. Өйткені Ол адамның денесін ірітіп-шірітіп, ақыры ажалынан бұрын көрге апарып тығады. Құдай мұндайды ешкімнің басына бермесін. Мына бейнероликте (http://www.youtube.com/watch?v=mVohlJD058chttp://www.youtube.com/watch?v=eDzVfdBUv0k) сол «крододилдің» құрбанына айналған адамдар көрсетілген. Кездейсоқ көріп қалып, есірткі туралы азда болса жазып, ескертіп өткім келді.  Мұны көргендер ойланып, темекіні де біржола тастауы мүмкін. Себебі шылым да «кіші наркоманияның» қатарына кіретінін білеміз. Сондықтан мұндай зиянды дүниелерден дер кезінде бойыңызды аулақ ұстап, денсаулығыңызды осы бастан күткеніңіз дұрыс болады. Дене - Алланың адамға берген аманаты. Ал аманатқа қиянат жасау- харам! Ойланыңыз ағайын!

Дайындаған - Жолымбет Мәкішев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар