Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3407 0 пікір 26 Қыркүйек, 2013 сағат 09:18

Ақордада Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесу өткізді.

 Бұл туралы  Президенттің  баспасөз қызметінен хабарлады

Кездесуге Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясникович, сондай-ақ Украина Премьер-Министрі Николай Азаров пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиев қатысты.

Кездесуге қатысушылар еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету, сондай-ақ 2013 жылы 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшыларына ықыласын білдіре келіп, олардың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына сенімді екенін айтты.

- Мен сіздердің отырыстарыңыздың күн тәртібімен таныстым. Атап айтқанда, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша, соның ішінде жаңа мүшелер мен бақылаушыларды қабылдауға қатысты одан арғы жұмысымызды талқылау міндеті тұр. Мұның бәрі оңай мәселе емес. Мен сіздер бұл жөнінде ортақ шешімге келесіздер деп сенемін. Кең ауқымдағы кездесу - еуразиялық интеграцияға зор көңіл бөлініп отырғандығының дәлелі, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Қазақстан Премьер-Министрі С.Ахметов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі негізгі тармақтар туралы баяндады.

- Алдағы отырыстың күн тәртібі айтарлықтай ауқымды. Бірінші кезекте мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдерін іске асыруға байланысты мәселелер қаралатын болады. Біз кедендік-тарифтік реттеуге байланысты Кеден одағы комиссиясы шешімінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешімінің орындалу барысын да қарастырамыз, - деді С.Ахметов.

Сондай-ақ, отырыста одан арғы интеграция мәселелерін, өзге де түрлі бағыттар мен экономика саласында өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылау жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар