Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3594 0 пікір 26 Қыркүйек, 2013 сағат 08:20

Азат Перуашев: «Кеден одағы жалтарма жауаптарға толып кетті»

«Кеден одағында біздің кәсіпкерлерді қолдау туралы қаншама сөздер айтылды, ал іс жүзінде – тек қана жалтарма жауаптар беріледі» – кедендік басқару ісі жөніндегі  үкіметтік сағат барысында  «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев ведомство жұмысын осылайша сипаттады.

А.Перуашев нақты мысал келтірді:

- Сіз қазір бізге, бизнес үшін қаншама көп нәрсенің жасалғаны және Кедендік одақты құрғаннан кейін Ресеймен қарым-қатынастың жеңілдегені туралы айтып тұрсыз. Ал екі апта бұрын Болат Бидахметұлы, мен Сізге Қостанай облысының кәсіпкерлерінің «Қайрақ» өткізу бекетінде   Қазақстан және Ресей арасында олардың тауарларын 5 сағатқа дейін ресімдегені жайлы үндеу-хатын жіберген болатынмын.

Ең таңқаларлығы, бүгін сіздің орынбасарыңыздан жауап келді, ол «бұл енді сіздердің құзырыңыздағы мәселе болғандықтан...» деп,  үндеу-хатты қараудан бас тартқан. Егер сіздің министрлік депутатты «әуре-сарсаңға салса», онда қатардағы кәсіпкерлерге олардың бизнесіне тек сіздердің мәселелеріңіз бойынша кедергі келтіретін болса, не істеу керек?

Болат Жәмішев бұған жауап бере отырып, жағдайдың түсініксіз екенімен келісті және болған жағдайды тез арада ретке келтіруге уәде берді. Осыған байланысты, Қостанай облысындағы Кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу Қоғамдастығының үндеу-хаты «Ақ жол» ҚДП фракциясымен Қаржы министрлігіне қайта жіберілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар