Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4029 0 пікір 23 Қыркүйек, 2013 сағат 12:51

Айдос Сарым. Салпыншақ «соғысы», сөлкебай «жорығы»...

Қазақты бір нәрсе орға жығатын болса, даңғазалығы мен атаққұмарлығы құртады деп жүрміз. Өтірік болсын, шын болсын, көкірегіне бір салпыншақ, сөлкебай тақпаса, үлкенді-кішілі атақ я сыйақы алмаса, мүшайраға қатысып, орын алмаса, біздің ағаларымыздың іші өтіп кететін сияқты көрінетіні де шын. Сол сөлкебайлар мен салпыншақтар үшін талай адам адасып, арынан, намысынан, адами және қазақы болмысынан айрылып, біреуі сор, екіншісі қор болып жүр.
Ал егер мәселеге биология тұрғысынан қарасақ ше? Дарвин айтыпты, дүниеде ең ақылды да, ең күшті де емес, жағдайға ең мықты дағдыланғандар ғана сақталады деп. Осыған салсақ, талай ағаларымыздың салпыншақ «соғысын», сөлкебай «жорығын» бастап, соған бола жасаған ит тіршілігін түсінуге болар, бірақ кешіру қиын.
Мынадай дерек келтірейін.
Мысалы, Нобель сыйлығын алған ғалымдар өз әріптестерінен шамамен 10-15 жыл ұзақ өмір сүреді екен. Оскар сыйлығын алған әртістер басқа әріптестеріне қарағанда орташа есеппен 4-5 жыл артық ғұмыр кешетін көрінеді.
Атаққа, салпыншаққа таласу адам үшін, әсіресе қарт адамдар үшін аса маңызды болатыны осыдан. Өтірік болсын, шын болсын, бұл мойындаудың түрі. Тірі кезінде мойындалған, еңбегі еленген адамның көңілі тоқ болады, марқаяды, толады. Өмір жасы ұзарады.

Дейтұрғанмен ешбір салпыншақ, мемсыйлық, атақ, орден "нағыз азамат", "алаш азаматы", "мына кісі адал", "халыққа шын қызмет етті", "арда туған жігіт" "ешкімнің ала жібін аттамаған таза адам", "мәрт жан", "парасат биігінде жүрген тұлға" деген қазақы түсініктерге, пайымдарға жете алмайды.
Қолымызда мемсыйлық та, орден де жоқ. Сондықтан да қазаққа пайдасы бар, еңбегі сіңген, адал, арлы азаматтарға ең болмаса жақсы лебізіміз бен сөзімізді аямайық. Ондай азаматтар, құдайға шүкір, бар арамызда. Соларға дем берейік, жанына медеу болайық, осы арқылы оларды ар-намысын сатқандардың сопақ сүрлеуіне түсіргізбейік, сақтайық!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1312
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1066
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1118