Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3870 0 пікір 23 Қыркүйек, 2013 сағат 12:18

Ана тілін білмесең, адасасың...

Елбасының тапсырмасымен құрылған біздің қордың негізгі мақсаты - туған тіліміздің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға көмектесетін игілікті істерге қамқор болып, қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта атқарылатын жұмыс та сан-салалы. Соның бірі - тұрақты түрде өткізіліп, жақсы дәстүрге айналған жастармен кездесулер. Осындай алқалы басқосуларда көптеген түйткілді жайлардың беті ашылып, сыздаған сауалдарға сындарлы жауап беріледі.

         Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығы - Ақмол ауылына да елмен жүздесіп, көңіл-күйлері мен пікір-тілектерін білсек деген мақсатпен ат басын тіреген едік. Тіл жанашырларымен кездесу осы ауылдағы Саяси қуғын сүргін құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды мұражай кешенінде өтті. Осы мұражайдың Зерде орталығында ашылған "Тіл мен дәстүр мазағы" атты экспозиция тоталитарлық "қызыл империяның"  бір ғана зұлымдығының куәсіндей. Ал, ондай азаптың қазақ халқы талайын бастан кешті. Ашаршылық азасы, атом тозағы, қуғын-сүргін қасіреті, ауған қайғысы "Азаттықтың азапты жолындай" сайрап жатыр.

Елбасының тапсырмасымен құрылған біздің қордың негізгі мақсаты - туған тіліміздің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға көмектесетін игілікті істерге қамқор болып, қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта атқарылатын жұмыс та сан-салалы. Соның бірі - тұрақты түрде өткізіліп, жақсы дәстүрге айналған жастармен кездесулер. Осындай алқалы басқосуларда көптеген түйткілді жайлардың беті ашылып, сыздаған сауалдарға сындарлы жауап беріледі.

         Ақмола облысы Целиноград ауданының орталығы - Ақмол ауылына да елмен жүздесіп, көңіл-күйлері мен пікір-тілектерін білсек деген мақсатпен ат басын тіреген едік. Тіл жанашырларымен кездесу осы ауылдағы Саяси қуғын сүргін құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды мұражай кешенінде өтті. Осы мұражайдың Зерде орталығында ашылған "Тіл мен дәстүр мазағы" атты экспозиция тоталитарлық "қызыл империяның"  бір ғана зұлымдығының куәсіндей. Ал, ондай азаптың қазақ халқы талайын бастан кешті. Ашаршылық азасы, атом тозағы, қуғын-сүргін қасіреті, ауған қайғысы "Азаттықтың азапты жолындай" сайрап жатыр.

         Кездесуге жиналған жастарды толғандырған мәселе көп. Ел-жұрттың жүрегіндегі сөзді естіп, білсек деген біздің көңіліміз де ерекше. Соған орай кездесуге келгендер көкейлеріндегі ойларын жайып салды. Бәрінен де бізді қуантқаны, олар қазақ тілінің қолданылу аясының барған сайын кеңейе түскенін атап көрсете отырып, бұл жолда науқаншылдыққа бой алдырмай, жұмысты сабырмен атқаруды жақтайды. Ең бастысы, атамекеніміздегі тату-тәтті тұрмысты, өзімізбен қоян-қолтық өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерімен сыйластықты бәрінен де жоғары қояды. Патриот дегеніміз де осы кеңбайтақ өлкедегі бейбіт те, берекелі өмірге жанашырлық емес пе?!

         "Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін" - деген Н. Ә. Назарбаевтың жүрекжарды сөзі ешкімді де бейтарап қалдырмаса керек. Бірақ, халықпен кездесулерде, соның ішінде жаңағы кездесуде де, байқап жүргеніміздей, жұртшылық көбінесе тіл төңірегіндегі түйткілдерді бізге басқа біреу келіп шешіп беретіндей көреді. Сондықтан "неге бұлай емес?"- деп сұрауға бапандай болғандарымен өздерінің аса қозғала қойғылары,  білек сыбана қарекетке көшкілері жоқ.

         Ал, шындығында қазір ел басшылығы тарапынан мемлекттік  тілді лайықты тұғырына қондыруға қажеттің бәрі де жасалуда десек артық айтқандық емес. Туған тілімізде еркін сөйлеп, оны тұрмыста ғана емес, қызметте  қолдануға байланысты бөгет жоқ. Ата Заңымыз бұған кепілдік берсе, "Тілдер туралы" заң жан-жақты негіз қалайды. Бар мәселе, өзімізге келіп тіреліп тұр. Қазақ қазақпен шүлдірлессе, не шара?! Өзара туған тілімізде сөйлессек, оны кең қолдансақ, басқа проблемалар шешіле жатады. Тым құрыса отбасында ана тілімізде сөйлеспеген соң, кімге өкпелегендей халдеміз?!

          Осыны айтқанда Ақмолдағы аталмыш кездесуде бір жас жігіт айтқан сөз еріксіз ойыма оралды. Ол "біз қаракөз ағайындар көшеде мекен-жайды қазақша сұрамаса, жауап бермейміз және оларға мұны ашық айтамыз" деген еді. Бір қарағанда дөрекілік секілді көрінуі де мүмкін. Бірақ, олай ойласаңыз, қателесесіз. Себебі, дөрекілік қана емес, көргенсіздіктің көкесі өз қандасыңмен өзге тілде сөйлесу екені даусыз. Олай болса, жас жігіттің елжанды мінезіне елжіремеу мүмкін бе?!

         Себебі тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол қасиетті Ана сүтімен берілетін ұлттық болмыс пен бітім. Қазағымыздың қайсар да қаһарман, қайырымды да қамқор және кешірімді де кеңпейіл, намысшыл да наркескен мінезі оның тілі арқылы қалыптасады. Тіл  жойылса, халықтың өзі де жойылады. Күнделікті өмірде мұны баршамыз көріп те, біліп те жүрміз. Ана тілінен мақұрым ағайынға ұлттық діл мен дәстүр, намыс пен мәртебе деген жай ғана сөз болып қалады. Ондайлар үшін тіл де, туыс та, ұлт намысы мен өзара тілектестік те далада қалады екен.

         Мәңгүрттіктің ондай жүрекке шаншудай қадалар мысалдары толып жатыр. Айталық, қазақтың жігіттерінің өзіміздің қаракөз аруларымыз ілтипатпен иіліп тұрғанда өзгенің қыздарымен тағдыр қосуын, тіпті мың жерден махаббат болса да, түсіну қиын. Бұл да болса, кейбір "серілеріміздің" ана тілінен айырылып, ұлттық ерекшелікті естен шығарып, күнкөріс қамымен құр міскінге айналуын көрсетеді. Қазағымыздың бір қызын бақытты етудің орнына жеңіл сезім жетегінде кетудің салдары да. Бізде туған ұлтымызға қатыстының бәрі бірінші орында тұруы тиіс емес пе?!

         Ұлтжандылық отбасында қалыптасады десек, қазақша сөйлеспейтін жанұяларда ұлттық құндылықтар азып, тозады. Тіпті, тілден айырылған соң, ондай отбасыларында ата-анасы өзара түсінісе алмайды, ал балалары тіпті тіл ұғудан қалады. Ондайлар үшін бәрі де түкке тұрмайды. Бір-бірін ренжіте салу, ата-ананың ақылын құлаққа да ілмеу, өз пайдасынан өзгені ойламау әдетке айналады. Ұлдары қайта-қайта шетелден келін түсіріп, әке-шешелерін естен тандырған жай аз емес. "Не ексең, соны орасың" деген осы.

         Жоқ, қазақ жерінде адам баласы алалық көрген емес және көрмейді де. Ата Заңымыз қазақты, оның ана тілін ардақтай отырып қатар өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың өкілдерінің осынау қасиетті мекенде шат-шадыман өмір сүруіне жан-жақты кепілдік береді. "Тілдер туралы" заң да ешқандай қысымға төзбейді. Адамды, тіпті ұлтына қарай бөліп, жару мүмкін бе?! Бұл жағынан Қазақ еліне ешкім де кінә арта алмайды. Қазақстанда ұлттар мен ұлыстардың өзара түсінісіп, татулықта өмір сүру салты бүкіл өркениет үшін үлгіге айналды. Дүниежүзінің дінбасылары да қазақ жерінде жылма-жыл бас қосып, адамзаттың амандығына қатар тұрып, дұға оқиды.

         Олай болса, өркениеттен ешкім де бөлек тұра алмайды. Одан жырылып, жеке отау тігемін деу де бос әуре. Жаһандану үрдісі жан-жақтан орап, өз "ұйығына" тарта береді.

         Заңдылық.

         Алайда, адамзат өркениетін оны құрайтын ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттері байытып, кемелдендіре түсетіні белгілі. Бұл арада қазақ та өркениеттің өзіндік болмыс-бітімі бар ерекше өзегі болып табылады. Демек, жаһанда адаспай, өркениет көшінен лайықты орын алайық десек, алдымен Ана тілімізді ардақтай білейік. Ал, оған дейін, қазақша білмейтін қазақтардың көшеде қалып, адаса тұрғандары жөн. Бәлкім, сонда ой түсер. Ұлы көшке біздің ұлттық болмысымызбен қосылуымыз абзал.         

 

Азат Шәуеев,

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1529
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1391
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1157