Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2490 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:57

Талдықорғандықтарды тітіркендірген сұмдық қылмыс ашылар емес

Бүгінде қылмыстың қатыгездігімен, қылмыскерлердің тым шектен шыққандығымен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Өткен жылы күзде бір айда бірнеше адам айуандықпен өлтірілгенде жағаларын ұстап, жандарынан түңілген талдықорғандықтар арасында тамыздың 30 күні тіркелген сұмдық оқиғадан соң туындаған түрлі әңгіме асқынбаса, бәсеңсіген жоқ. Сондықтан да болар, сейсенбі күні Алматы облыстық ІІД-де журналистермен ұйымдастырылған брифингте де негізінен осы қылмыс төңірегінде әңгіме қозғалды. Облыстық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы мен Талдықорған қалалық ІІБ бастығының орынбасары артта қалған апта - 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығындағы ққылмыстық ахуалға шолу жасады. Облыс аумағында жеті күн ішінде барлығы 116 қылмыс тіркеліп, олардың 102-сі ашылып, ашылу көрсеткіші 87,9 пайызды құрапты. Тіркелген қылмыстар ішінде 3 кісі өлімі бар. Олардың екеуі: Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында орын алғандары бірігіп арақ ішудің соңынан туындаған жанжалдың кесірінен болғаны анықталды. Ал облыс аумағындағы кезекті қоғамдық пікірге өзек болған Талғар ауданындағы 15 жасар қыз баланың жоғалуына байланысты хабарға орай жедел-іздестіруді қолға алған талғарлық тәртіп сақшылары жасөспірім қыздың зорлықтан өлген денесін Тереңқара ауылы маңындағы терең сайдан тапты. Күдікті ретінде 20 жасар жігіт ұсталып, қазіргі кезде сот-дәрігерлік сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Үшінші қыркүйек күні Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш селосында жеке кәсіпкер Жалалованың үйіне түн ортаса ауа баса-көктеп кірген бірнеше белгісіз адам, кәсіпкерді күйеуімен бірге еденге етпеттеп жатқызып қойып, ішінде 3 000 000 теңге мен алтын бұйымдар сақталған темір жәшікті көтеріп кетеді. Үй қожайыны тыныс жолдарына құсық кептеліп қалғандықтан оқиға болған жерді көз жұмған. Тура осыған ұқсас оқиға алтыншы қыркүйек күні Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында да орын алды. Осы ауылда тұратын Асланованың үйіне бетперде киіп, басып кірген үш жігіт үй иесін пышақпен жарақаттап, тығулы тұрған 1 800 000 теңгені алып кетеді. Екі қарақшылық та әлі ашылған жоқ.  Сондай-ақ өткен аптада жеті тонау, он бөтеннің мүлкін ұрлау деректері тіркеліп, іздеуде жүрген бір қылмыскер қолға түсіпті. Облыс автожолдарында 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 9 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алыпты.

Соңғы кездері қолға алынған жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бұрындары жасалған 19 қылмыс ашылса, оның бірі - 22 тамыз күні Қапшағайдағы «Фламинго» ойынханасына жасалған қарақшылық шабуыл. Бұл қылмыста жүздерін бетпердемен жасырған белгісіз адамдар ойынханаға баса-көктеп еніп, күзетшілерді қаруысыздандырып, ойынханадағыларды қорқыту үшін төбе мен қабырғаларға оқ атып, кассаны сындырып, ондағы 30 миллион теңгені алып кеткен болатын. Қылмыстық полиция қызметкерлері мен «Арлан» арнайы жасағының жігіттері үш күдіктіні Қапшағай қаласынан, төртніші сезіктіні Байқоңыр қаласынын ұстады. Қазіргі кезде олардан алынған атыс қаруларының басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Енді, сөзіміздің басында айтып кеткен жантүршкітірер қылмысқа тоқталайық. 30 тамыз күні кешқұрым Талдықорған қаласының маңындағы шағын ауылдың тұрғын үйлерінен біршама қашықтықтағы арық жағасынан 1949 жылы туған, жолаушы тасып, нәпақа тауып жүрген азаматтың автокөлігі табылады. Иесіз тұрған автокөлікті тексеру барысында оның капотынан әйел адамның өткір нәрсемен ойылып алынған қос анары шыға келген. Автокөлік ішінен табылған саусақ іздері мен тағы басқа заттарға жүргізген сараптама барысында кесіліп алынған омыраулардың осыдан бірнеше күн бұрын жоғалған, үш баласы бар 1964 жылы туған әйелдікі екені анықталады. Ал машина жүргізуші де, оның көлігінен саусақ іздері табылған жолушы әйел де әлі күнге табылған жоқ. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігіндегі «А» және «З» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісіне облыстық ІІД тергеу басқармасының мықты деген тергеушілері жұмылдырылыпты. Брифингке қатысқан Талдықорған қалалық ІІБ бастығының орынбасары Берлінбаевтың айтуына қарағанда, қазіргі кезді тәртіп сақшылары бірнеше жорамал бойынша іздестіру және тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыс тіркелгеннен бергі уақыт аралығында белгісіз адам  жоғалған жүргізушінің туыстарына оның өзінің ұялы телефоны арқылы шығып, төлем талап етіпті. Өкінішке қарай, полиция қызметкерлері телефонның қай жерден шалынғанын анықтап үлгермеген. Полковник Берлінбаев болса, күдіз-түні жұмыс істеп жатқандарын, жақын күндері қылмыстың ашылатынына сенім білдірді. Ал Талдықорғандықтар арасын бірінен-бірі өтетін сұмдық дақпырттар кезіп жүр. Олардың арасында былтырғы сияқты «маньяк» пайда болғаны жайлы да қауесет бар.

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2144
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1657