Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2437 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:53

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы Миссиясы

Қазақстандағы баспасөз бостандығы туралы мәлімдеме

Уақытша сенімді өкіл Кэрол Фуллердің Венадағы Тұрақты кеңестің отырысында сөйлеген сөзі

2009 жыл, 3 қыркүйек

Америка Құрама Штаттары ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Миклош Харастидің «Алма-Ата инфо» апталық басылымының бас редакторы, қазақстандық журналист Рамазан Есіргеповтің ісіне қатысты 11 тамыздағы мәлімдемесін қолдап, алаңдаушылығын білдіреді. Жабық сот процесі біткен соң, Есіргепіов мырза тағы да қоғам өкілдерінің қатысуынсыз өткен 8 тамыздағы отырыста мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, мұнымен қоса оған қамаудан шыққан соң екі жыл газет шығаруға тыйым салынды. Біз журналистің сотталуы және оған кесілген қатаң үкім Қазақстанның ЕҚЫҰ шеңберінде мойнына алған баспасөз бостандығы жөніндегі міндеттемелеріне қайшы келеді деп санаймыз.

Кез келген еркін әрі демократиялық қоғамдағы журналистің атқаратын ең маңызды қызметі - әділетсіздіктің ізіне түсу және жемқорлықты әшкерелеу. Қазақстан үкіметі бұл үкімнің елдегі барлық журналистерге аязбен қарығандай әсері болатынын мықтап назарда ұстайды деп үміттенеміз.

Біз Қазақстан үкіметін алаңдаушылық тудырған оқиға - Есіргепов мырзаны қамауға алудың жай-жапсарын қайта қарап шығуға шақырамыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету сияқты аса күрделі міндетті мойнына алуға дайындық барысында  Қазақстан ЕҚЫҰ-ның басты құндылықтарын және адамның негізгі құқықтарын, соның ішінде ой-пікір білдіру еркіндігін қолдайды және бұл салады көшбасшыға айналады деп үміттенеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658