Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2635 0 пікір 18 Қыркүйек, 2013 сағат 06:59

ҚазҰАУ студенттері: Ашық хатқа әлімжеттік жасап, қол қойдырған

Редакцияға қыркүйектің 16-сы күні ҚазҰАУ-ның 147-і студенті қол қойған жатақхана жағдайына қатысты ашық келіп түсіп, іле «ҚазҰАУ студенттері: «Жатақханадағы жағдай қиын. Енді бізді қудалауы мүмкін» (http://old.abai.kz/content/kazyau-studentteri-zhatakkhanadagy-zhagdai-kiyn-endi-bizdi-kudalauy-m-mkin) деген тақырыппен порталымызда жария болған еді.

Бүгін сол хатқа қатысты Университет студенттері тарапынан материал келді. Екі тараптың да уәжін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Abai.kz

   Біз, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің жастары, өзегінен суырылып шығып, жасындай жарқыраған белсенді студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтор беттерінде киелі қара шаңырағымыздың абыройына нұқсан келтірілген, қате пікірдегі мақалаға қарсы ой білдіреміз. Осы хатты қолдап қол қойған студенттер бұл хаттың мазмұнынан мүлде бейхабар екендігі және олардың басым көпшілігіне әлімжеттікпен қол қойғызғаны айдан анық. Осындай, 83 жылдық тарихы бар, ғалым-ғұламаларды түлеткен киелі білім ордасы, яғни университетіміздің атына айтарлықтай «кір келтірген мақала» біздің, көкірегі ояу, көзі ашық, мақсаты анық, қадамы нық студенттердің төбесінен жай түсіргендей болды.

   Біз, «Ата сөзі – парыз» деп өскен халықтың ұрпағымыз. Осы тұрғыда «Тәртіпке бас иген – құл болмас» деген аталы сөзді көңілге тоқи отырып жатақханамызда орнатылған тәртіпке сай 23:00 де жарықты сөндіру туралы ортақ шешімге университетіміздің студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің белсенділері бірауыздан келді. Бұған себеп: студенттерден келіп түскен мәліметтер бойынша сырттан келген қылмыстық топтар университет аумағында өздерінің қылмыстық үстемдігін жүргізгісі келгені анықталды. Сол себепті, студенттердің шағымын қаперге алып, қолайлы тәртіп жүйесін орнатқан басшылыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

   Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің белсенділері:

Мұраталиұлы Залқарбек

Калимолдинова Асел

Хамитұлы Бақытжан

Әнібекқызы Марфуға

Тағай Ержігіт

Жанибекова Гүлжахан

Құрманжан Самат

Темирова Гаухартас

Сансызбаева Бибігүл

Шолпанкулова Талшын

Жолдасбайұлы Асқар

Тұртай Асқар

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2167
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2446
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1671