Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3242 0 пікір 16 Қыркүйек, 2013 сағат 07:53

Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы туған жерінде тойланды

Алтайдың баурайында жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдың мерейтойы өтті. Той жазушының туған ауылы Шыңғыстайдағы қаламгердің мұражайына саяхат жасаудан басталды.
 
Онда Оралхан Бөкейдің тұтынған заттары, киген киімдері, көзінің қарашығындай сақтап өткен сыршыл суреттері, ескі де есті кітаптары сақталған.
 
Мерейтойға Евразия университетінен келген ғалым Рахметқажы Берсімбай көпшілік алдында арнайы тапсырыспен жасалған кәдесый мен кітапты мұражайға  сыйға тартты.
 
Сондай-ақ, кезінде осы өлкеден кеткен, бүгінде Қытай елінде іргелі әулетке айналған қандастар да Оралхан мұражайына естеліктерін тапсырды. Сондағы белгілі радио жүргізушісі Серік Әбіл өз даусымен жазылған О.Бөкей шығармаларының аудиодискісін, жазушының Қытайдағы қазақтарға арналып төте жазумен басылған шығармалар жинақтарын табыс етті. Ал ақын Әлия Мағыперқызы төгілтіп өлең оқыды. Жазушының жиені Қанат Тойбазаров «Тау тұлға» атты төрт келі тартатын мүсін-кәдесыйларды тарту етті.

Мұражайдың қорын осы күні тұсауы ауылдың Мәдениет үйінде кесілген төрт кітап толықтыра түсті. Сол төрт кітаптың біріншісі – «Ел-жұрт» баспасынан жарық көрген жеті томдық шығармалар жинағы. Аталмыш жинақты құрастырып, жарыққа шығарған Дидахмет Әшімхан бұл құнды дүние Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің тікелей ұсынысымен жарық көргенін ерекше атады.
 
Ал Катонқарағай ауданы ел болып кеңесіп, жұрт болып жұмыла отырып жерлестеріне арнап, «Біздің Оралхан» атты ерекше кітап шығарыпты. Дидахмет Әшімхан қазіргі күнде бәрінен де осы кітапқа деген сұраныстың артқанын ескере келе, алдағы уақытта өз қаражатына тағы да мың данасын бастыртатынын мәлімдеді. Бір айта кетерлігі, оған Оралхан Бөкейдің бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары енгізіліпті.
 
«Қазақпарат» баспасынан «Әдебиет әлемі» сериясымен 1050 беттік «Оралхан Бөкей» атты кітап 2000 данамен жарық көрген.
 
Тұсауы кесілген төртінші кітап – Ресейдің Қосағашынан арнайы келген Пионер Мұқтасаровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» атты еңбегі. Жазушы өз кітабында шекараның арғы бетінде қалған Қосағаш қазақтарының шежірелі тағдыры, бүгінгі тыныс-тіршілігі қамтылғанын айтады.
Абай-ақпарат
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2469
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672