Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2481 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:25

БТА провизияларын қосымша 400 млрд теңгеге артырады

Алматы. 8 қыркүйек. ҚазТАГ – БТА банк несиелік портфелінің шетелдік бөлігі бойынша провизияларын қосымша 400 млрд теңгеге арттырады. Бұл туралы банктың сейсенбі күні таратқан хабарында айтылған.

«БТА банк бүгін провизияларын 2009 жылғы 30-шы маусымда тіркелгенге қосымша одан ары 400 млрд теңгеге арттыратынын жариялайды», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, мұндай шешім «жақында жүргізілген және KPMG-мен расталған БТА банктiң несиелік портфель жағдайына, әсіресе Қазақстаннан тыс жерге берілген несиелер мен сондай-ақ оффшорлық компанияларға берілген несиелерге жасалған ішкі шолуынан кейін» қабылданды. 

Бұрын хабарланғандай, БТА алдын 1,4 трлн теңгелік провизиялар құрған. Содай-ақ, БТА банк 3-ші қыркүйекте кредиторлар комитетімен қайта құрылымдаудың негізгі принциптері туралы алдын ала жоспарына қол қойылғанын хабарлаған.

Банк мәліметтері бойынша кредиторлар комитетіне ABN AMRO, Commerzbank, Export-Import Bank of the United States, Fortis Investment Management, ING Asia Private Bank Limited, JPMorgan Chase Bank, Standard Chartered Bank және Wachovia Bank өкілдері кірді.

«БТА банк» активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінің екіншісі болып табылады. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында банктің активтері 2,45 трлн теңгені, жеке капиталы – «минус» 1,02 трлн теңгені құрады. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарапайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланған болатын. 2009 жылдың 18 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігіндегі акциялардың көлемі 75,1% болды. Банк 2009 жылдың 20 сәуірінде өзінің кредиторларына негізгі қарыздары бойынша төлемдерін тоқтатынын және сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспарының барлығын мәлімдеді. Банк өзінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспарын шілденің ортасына жарияламақшы. Сондай-ақ ҰӘҚ «БТА банк» акцияларын ресейлік «Сбербанкке» сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

2009 жылы банк $4 млрд. сыртқы міндетін өтеуі тиіс болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661