Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3802 0 пікір 10 Қыркүйек, 2013 сағат 11:15

Лама Шәріптің Буддаға қатысы жоқ!

Қайрат Лама Шәріп ағамыз Қазақстан Республикасы Дін істері комитетінің басына келгелі ол кісінің ата-тегіне қатысты біліп-білмей айтылған қаңқу сөз көбейді. Кейбіреулер іштерінде бір өші бар сияқты, кек ала алмай жүргендей жала жауып, «Будда шариф» деп мазақтағанын да көрдік.

Әрине, көпшілік қауым білместіктен қателесетін шығар. Бірақ, араб тілін білетіндердің өзі кейде әдейі өрескел сөз айтып, жұртты адастыратыны бар. Соның нәтижесінде «Лама Шариф – түсініксіз тұлға, лама – Будда дінінің «молдасы», ендеше, Лама Шариф те мұсылман емес, басқа дін өкілі, исламның жауы» деген пікір қалыптастыру – ол топтың мақсатына айналғандай.

Шындығында мұның бәрі – нағыз ғайбат, өсек, жала. Мұны шығарып, өрбітіп таратып жүрген дінбұзар мұсылмандар, терең ойламайтын ессіздер, ергіш жастар деп ойлаймын. Осы мақаланы жазуыма да себеп болған – Қайрат ағамызды «лама» деп кемсітіп сөйлеген кейбір молдекеңдердің сөзі.

Өз басым Лама Шариф фамилиясын баспасөз беттерінен алғаш көргенімде «кім қойса да атасына терең мағыналы есім қойыпты, мүмкін аталары дін ұстаған терең тақуа молда болған шығар, ия болмаса ғалым мұсылман тақуалармен жақын араласқан кісілердің ұрпағы ғой деп қатты қуандым. Бұл қуанышты жай. Өйткені «Лама Шариф» – терең мағыналы ұғым. Лама Шарифті көп адам түсіне бермейді ғой.

Сонымен, Лама Шарифтің негізгі мағынасына келейік. «Лама» сөзі – арабтың «лама'а» (ﻟﻤﻊ, ﻟﻤﻌﻪ) сөзінің қазақшаланған түрі. «Лама'а» – араб тілінен аударғанда «жарқырау», «жалтылдау» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің бірнеше синонимі бар: аллакун – ашық; барракун – жалтыр, жалтыл, жалтырақ; уамидун – нұр, нұр шашу, сәуле, шұғыла, тамаша, керемет, көз шағылыстыратын; ал «шариф» сөзінің мағынасы – атақты, ізгі, мейірбан, таза дегенді білдіреді.

Сонда, Лама Шариф – Нұр Шариф деген сөз екен. Дәстүрлі исламдық діни түсінігімізде ең әуелі Пайғамбарымыз Мұхаммед с:ғ.с.-ның нұры жаратылғаны айтылады. Басқа жаратылыс содан өрбіген. Міне, сондықтан біздің қазақ танымында Нұр шариф дегенде ең алдымен аса құрметті Пайғамбарымыз еске түседі. Сонда, Лама Шариф есімінің мағынасы – ең атақты нұр, ең атақты сәуле деген мағына болып шықты.

Біздің ата-бабаларымыздың ішінде Ислам дінінің тұнық бұлағынан сусындаған, өте терең рухани сырларға жеткен ғұламалар көп болған ғой. Араб жұртшылығының өзі де түгел сырын түсіне бермейтін «Лама Шариф» есімінің қазақ арасында кездесуі осыған дәлел емес пе?

Бір қызығы, біздің жаңа муфтиіміз Ержан қажы Маямеровтің аты-жөні де келмей жатып кейбіреулердің талқысына түсіп кетті. Шынында да, қазақ арасында кездесіп қалатын Майемер есімінің түп-төркіні – арабтың Мұғаммар (ﻣﻌﻤﺮ) – «ұзақ өмір сүретін», яғни біздің тілге жақын «Көпжасар» деген кісі аты болса керек. Мұғаммар – Құран Кәрімде кездесетін сөз, Сыр өңірінде өткен атақты Қалжан ахунның да Мұғаммар есімді ұлы болған. Ливияның тақтан тайдырылып, өлтірілген көсемі Каддафидің есімі де Муаммар еді.

Надандық – бұл бір дерт қой бізге жеткен,

Даналарға тыным бермей тентіреткен.

Тарихта надандардың кесірінен

Мұса Мәдианға қашып, Иса көкке кеткен...

Ендеше, таза рухани, ислами терең мағына беретін Лама Шариф есімін бұрмаламайық, оны өзгеге телімейік дегім келеді.

С.ЕСЕНТЕМІР,

Ақтөбе қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2088
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2158
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1613