Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2277 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:23

ҚР елшісі Исабаев Қырғызстан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Астана. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – ҚР төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев 8 қырқүйекте Бішкекте Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын табыс ету рәсімінен кейін тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы және келешегі бар бағыттары турасында пікір алмасты.

«Қ.Бакиев Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы ерекше қарым-қатынастарды атап көрсетіп, «біздің елдер тарихи тамырлары бір жақсы көрші және сенімді әріптестер болып табылады» деді. Оның пікірінше, екі елдің бауырлас қатынастары стратегиялық одақтастық мәнге ие және осыған байланысты жақын келешекте ынтымақтастықтың барлық салаларын белсендендіре түсу қажет», - делінген СІМ хабарламасында.

«Біз елдеріміздің мемлекетаралық қатынастарына жаңа серпін беруге тиіспіз және бұл істе біздің елшіліктеріміз үлкен қызмет атқаруға тиіс» - деп мәлім еткен Қырғызстан президентінің сөздері хабарламада келтірілген.

Өз кезегінде, елші Б.Исабаев қазақстан-қырғыз қатынастарының ары қарай дамуы үшін бас күшін салуға әзір екенін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1660