Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3606 0 пікір 9 Қыркүйек, 2013 сағат 04:45

Серік Боқан. Араб көктемінің ақыры бар ма?

                      

                                    Серік Боқан. Араб көктемінің ақыры барма?

                      

                                    Серік Боқан. Араб көктемінің ақыры барма?

 Әділетсіздік нормаға , зұлымдық батырлыққа, алдамшылық  іскерлікке  телінген  кезде адами ізгілікті бағалаудың өзі қиын...  Бір ғұламаның «Адамдар өтірікші емес, олардың ішіне өтірік толып қалған» дегені бар. Сонда әділет пен шындықты қайдан іздейсің?  Бүгін іштегі күйді шығарайын деп  азда болса сіздермен сыр шертуді ойладым.  Уақыт пен кеңістікті, байлаусыз саясат пен  ақиқатты ұштастыра  сонау қорланып жатқан бауырлас Мысыр елін  ойыма темірқазық қыла отырып ой бөлісуді жөн көрдім.  Қазақияның ашық алаңына  өз ойымды ашық білдіруге тырыстым. Демек, бүгінгі адамдар бұқаралық ақпарат құралдары не айтса соған құдайдай сенеді. Исламды қаралаған әлде бір ессіздің сөзіне бас иеді. Ұлтқа жала жауып тарихын бұрмалаған азғынға әулиедей табынады... Ұлт үшін күрескен ұлдарын әлгі тексіздің бірі:  «діні жат, халықтың дұшпаны»,  десе, «жоғалсын» дейтін ұраншыл тобырдан не күтуге болады?! Харам мен халалды айырмай осынша тексізденуге болама?!   Бұдан өткен нем кеттілік пен  білімсіздік болмас!  Адам баласына тән құндылықтардың жойылуына селт етпейді...  Мұндай хайуани сабырлылық бізді шыңырауға құлауымызға себеп... Ал, сабырлылыққа ылайық құндылықтың алдында ала шапқын болып тыраштанамыз.  Сонда не болды? Ізгілік атаулының алдында зормыз,  шәйтани дүниенің алдында қормыз.  Ергежейліміз.  Бұл туралы айта берсем том-том кітап жазуға болатын шығар...  Бүгінгі әлем ақпаратын кім ұстап  отыр дегенге бір сәт назар аударып көрдік пе? Сырты жылтырап, іші былыққа толған дүниелер...  Санамызды қарусыз жаулап жатыр... Сол батыстың Создеріне қарасаң шетінен Либерал, демократ, адам құқы сияқты әдемі жанға жағатын термиіндерді  жинап алған. Ал, жүзеге асатын шындық пен ізгілік қайда? Түк  Жоқ!..

       «Жалған демократияның астарында не бар?...»

            Египет  ықылым замандардан келе жатқан тарихы ең ұзақ мемлекеттердің бірі. Перғауындар заманынан басталған сол елдің қаншама құндылықты бойына сіңіргенін сезіну қиын емес. Бір кезде экономикалық байлығы шарқау биікке көтерілген Мысырдың бүгінгі халы не болды? Эконоикасы күйреген, рухани құндылығы құлдыраған, туристік айналым сарқылған, дүрбелеңнен тұралаған елге айналып шыға келген. Алғаш осы мысырдан басталған «арап көктемі» әлемді бір айналып басталу нүктесіне қайта оралғандай..

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы барған сайын үдеп келе жатқан шиленістерді жақсы білеміз.  Украинадағы, Қырғыздағы, қиыр шығыстағы бассыздықтардың қанды қырғыны көз алдымыздан өтті.  Шынында бұл елге нақты сабақ болуы керек.  Жыл бойы атыс-шабыстың қанды қасабы болған Ливия не болды? Муамар Каддафиді қорлап өлтіргенде бақытқа жеттіме сол ел?  Режиссері мен кейіпкері кім болды бәрі белгілі?!...    Батыстың мүддесіне қарсы келіп, халқының жайын ойлаған Каддафи шынында халықшыл патша емес пе еді? Ливия қайтты көзіміз көрді? Хосни Мүбаракті тақтан тайдырған Мысыр бір жылға жетпей қандай күйге түсті? Мұхаммед Мурси қандай болашағына жол аша алды? Ақыры барып бейкүнә халықтың «Қанды сәрсенбісіне» ұласты...  Екі рет патшасын елден қуып шыққан бауырлас Қырғыз елі дегеніне жетті ме?  Жоқ.  Екі тау соғылса ортасында шыбын өліпті деп, трексіз патша мен қара халық саясаттың құрбаны болып қала берді...Бұл күнде тұралап қалған мұсылман елдерінің  билігі әлде бір тегеуірінді, қатыгездің қолына өте бастаған.

 Жақында  Мысырдағы болған бейкүна халықтың қаны төгілуі  бәріміздің жанымызды ауыртты. Әйелдер мен балаларды қамтыған мыңдаған халық мерт болды. Мемелекет бойынша миллиондаған  қалықтың көтерілуіне апарды. Дүрбелең барынша ушығып, қан төгіс жалғасуда... Бұл әділетсіздік,  кімдердің қолымен жасалып отыр мұның бәрі белгілі... Бірақ сол өкінерлігі қара халық сұрқиялықтың  астарын білмей мерт болуда.  Менің ойым ол туралы сіздерге ақпаратын беру емес, сол бүлікті кім ұйымдастырып, пайдасын кімдер көретінінен хабар беру.

            Әлемнің әкесі болып отырған Еурейлер негізінен мұсылман мемлекеттерін басып жаншып, құлдықта ұстауға ат  салысып отыр. Массондық ұйыммен сыбайлас болып отырған бүгінгі Еуропа солардың қол шоқпары... Демократияны желеу еткен аталмыш елдер қырып-жоюдың алуан парағын ашуда...  Ұлы ғалым Платон сол туралы: «Демократия онша жақсы нәрсе емес, алайда, одан басқа оңды нарсе табылмай тұр», – дегендей.  Сол демократия бүгінге келгенде әтейістіктің ең жоғары үлгісіне айналды.. Сонымен демократия пайда болып әлемді улау басталды..  Жер бетінде заңсыз тіршілік етіп жатқан аталмыш елдер...  Әлсіз мемлекеттерге отарлық саясатын жүргізіп, мұсылман елдеріне тізесін батыруда...  Сол келеңсіздіктердің кесірінен әлем тұйықталып, жабыла бастады.

 2008 жылдан басталған түрлі дағдарыстар, экономикалық, әлеуметтік тұралалулар соның айғағы...  Мемлекет пен мемлекеттердің, ұлттар мен ұлттардың, діндер мен діндердің, мұсылмандар арасындағы мәселенің, араздықтың пайда болуын келтіріп отырғаны бүгінгі күн тәртібіндегі  шыңғырған шындық!..  Сол аузы қан сасыған державалар. Оларды өз сөзімен айтқанда: «Мәңгілік достық жоқ, мәңгілік мүдде ғана бар бізде»дегеніндей, осындай сатымсақ, сатылғыш сөздерінң неден дерек беретіні белгілі.

            Әлемге танылған 9 қыркүйек оқиғасын мұслмандарға жапқан. Америкадағы сол алып ғимараттың құлауы исламға жала жабумен дүние кеңістігін шарлап кетті...  Мұсылман елдерінің рухын басып тастағандықтан ба? Ешкім үн қатпады...  Сол кезде қазақтың қайсар ұлы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ислам дүниеге қауып төндіріп отырған жоқ, дүние исламға қауып төндіріп отыр», – деп, азат ойлы азаматтығын білдірді... Сол ерлігіне сүйінген араб патшасы естелік ретінде Нұр Астана мешітін салып бергендігі әлі есімде! Мұсылманға жасалған әлемдегі зұлымдықтан қаймықпай қарсы әділеттілігін біз еш ұмытпауымыз керек!  Елдікті ту етіп, патшаға қолдау көрсету  жөн шығар. Сол миллиардтаған халыққа жала жапқан олар неден именсін... Әлемді алақанында ұстағысы келіп отырған олардың мүддесі байлықты қалай тонап алудан   басқа түкте жоқ. 

         Дүрбелеңге шақырудың жаңа технологиялары

Айтпағым,  Әлгі ел ішіне келіп арандатушылықтарды кімдер ұйымдастырады?  Біз соны қарастырайық. Мысалы Ленин, Маркстердің де өзі бір мектеп. Еуропада 60 жыл болған құпия оқу орталықтары бар. Арнайы тарбиленген ішкі істер қызметкерлері сабақ береді.Тыныш жатқан мемлекеттерді қалай астан-кестең қылу, соның барын терең оқытылып,  арандатудың тәслдерін үйретеді...   Сол туралы жылына 50 миллион доллар бөлінеді. Сол ақшаны жаңағы Мысыр, Ливия сыяқты қанға бөккен елдерден бір сәтте, қайырып алады. Пайда үшін күндіз-түні  солардың арнайы модельін оқытады. Олар ең жақсы сөздерді халықтың жағында тұрып ұранға айналдырады.. .  Қарапайым халық пен жастар мерт болып отырады...  Бұл жобаға  әсіресе жастар жағын тартады.  Үстегі жылғы Түркияда болған қанды қақтығысқа себеп болған «он бес қана талдың кесірі...».   Олар сол болмашы нәрсені аспанға көтеріп түрлі сайттар арқылы жалған мәлімет таратты... Сонымен дүрбелең басталып кетті...  Мысалы Украиындағы дүрбелеңнің қалай басталатынын жасаушы адамдардың Лидерлері біліп отырды. Алдын ала автобустарды бояған, онда бұрын болмаған жаңа технология пайдаланылды. Ереуілшілер арасынан бір сұлу қыз гүл алып шығып, әскери сардарға ұсынды..Ол гүлді алды.. халықпен бірге деген мағынада еді...  Сонымен махабат пен рухқа шабуыл жасалды... Бір гүл, бір сурет рекатаның құнынан қымбаттады... Алайда, ақыры азаматтық соғысқа айналды...  Жаңа технология жүзеге еркін аспады. Бәрі бір олар жеңілмейді. Тағы да түрлі алуан парағын ойлап тауып отырады. Көбінде жеңіске жетеді. Арнайы шетелден келіп тегін демократия үйретеді.Қалай көтеріліс жасау, өз президенттін қалай сайлап алудың жолдарын үйретіп, оларға арнайы ақша бөледі. Қырғыздағы толқуда, алаңға шығып қырылып кеткен халық алданғанын артында бырақ біледі...

            Демек, демократия, адам құқы, бостандық  десе оның бәрі жалған... Еш қашан сенбеңіздер! Оппозиция дегенде өте күманді...  Оларда қазақтың түйір мүддесі жоқ екендігін көп рет байқадым. Көздегені өз пайдасы... Олардың шалғайын жел көтеріп сол баяғы арандатушы шетелдік топтармен сыбайлас келуі әбден мүмкін.

            Мысырдағы бүгінгі оқиғаға оралайық. Түркияның қайсар ұлы, бас министір Режеп Тайып Ердоған Мысырдағы әскери килігу жөнінде халықаралық қауымдастыққа үндеу тастады. Бас министр Ердоған батыстың шын пейілді әрекет етулері керектігін білдіріп, «Батыс қазірге дейін принципті бір тұғырлық  көрсеткен жоқ» деді. Осы саясаткер, әлемдік талай қақтығыстарда азаматтық, әділдік ұстанымын ашық білдіріп келеді.  Бір нәрсе мені ойландыра береді.

 Мұхаммад Мурси Мысыр билігін қолға алған әскерилерге қарсы азаматтық бағынбаушылық танытпау үшін митингтерді жалғастыруға жалпыны шақырған. Сонан соң халқы мен жақтастарын «Қасық қаны қалғанша» күреске шақырған.  Демек, Мурси күмәнді...  Ол шын мұсылман партиясын құрған халықшыл патша болса, халықын қан төгіс пен шыңрауға айдап салмас еді...  Оларға үндеу жасап дүрбелеңге шақырмас еді деп ойлаймын.

 Мысыр мемлекетінің бұрынғы басшысы да Хосни Мүбәракта  үнемі АҚШ қа болысып, ислам режіміне қарсы болды. Сол себепті Мысыр мен Иран арасын да келіспеушілік туындап жатты. Демек, Хосни Мүбәракта саяси ойынға басын бәй тігілген шахматтың тасы!.. Америкаға ауыз жаласқандығы, сенімге қарсы тұрғандығы саяси ойын...  Мұның астарында батыстың жасырын саясаты жатыр. Алайда, дүрбелеңнің арты не болды? Патшаны құлатқанмен ештеме өзгермей отырғой... Мысыр халқы ел ішіндегі  толқулардың теріс салдарын қазірдің өзінде сезіне бастады... Мыңдаған бейуаз халық   өлді, он мыңдаған адам жараланды, миллиондаған адам ереулге шыққан. Мұның бәрі біреудің көсеуі мен қол шоқпарына айналғанының нақты белгісі. Оны әділ  уақыт таразылайды әлі... Ал экс-президент Хосни Мүбәрак жақын күндерде тұтқыннан босайтын болса, саяси тұрақсыздық  барынша ушығып, мұсылмандардың басы дауға қалуы әбден мүмкін.

 Сауд Арабиясы, Иордания, Кувейт, БАӘ елдері уақытша үкіметтің  іс-әрекетін қолдайтынын жасырмайды. Сауд Арабиясы Королінің Мұхаммед Морси жүйесінің  алдамшылығын  ашық айтты. Түркияның бас уазыры Ердоғанның  өткен аптадағы оқиғаларға «Демократияға оралу үмітіне берілген соққы» деп баға берген. Ол батыстық әріптестеріне « Мен батыс елдеріне үндеу жасаймын. Сіздер Газаға қатысты жағдайда үнсіз қалдыңыздар, Сирияға қатысты жағдайда үнсіз қалдыңыздар, сіздер Египетке қатысты жағдайда үнсіз отырсыздар. Ендеше сіздер демократия, бостандық ғаламдық құндылықтар мен адам құқы жөнінде бұдан соң не демекшісіздер?», деді.

Осы үндеуді оқыған адамға бәрі белгілі. Кезінде «Мұсылман бауырлар» қозғалысын қолдап, оның демократиялы жолмен билікке келгенін мойындаған халықаралық қауымдастық енді саяси жүйенің күшпен ауыстырылуына наразылық не қарсылық көрсетпегені таң қалдырады.  Бір қарағанда, ішкі қайшылықтардан туындағандай  көрінсе де, Мысырға дендеп еніп жатқан сыртқы күштердің ықпалы күшейе бастаған. Осылайша Египет азаматтық соғыстың алғы шарттарын бастан өткеруде.

 Мысалы Түркия ақпарат құралдары саяси жағдайдың астарынан ислам дініне тұсау болу, мұсылман мемлекеттерін тұралатуға  бағытталған астыртын соғыстың елесін көреді. Түркияның  «Сабаһ» газетінің сайытында «Таяу Шығысты қайта құру(бөлісу) тұсында бұл төңкеріс Египетті қатардан шығару мақсатында жасалды. Осыған ұқсас жағдай  Гази қозғалысының көмегімен Таксим алаңында  Түркияға қарсы да ұйымдастырылып еді. Осылайша, аймақтағы екі маңызды мемлекет – Египет пен Түркияның аяқ қолы тұсауланды», -делінген.  Бір сөзбен айтқанда Түрік басылымдары исламды қорғауға күш салып жатыр. Олар барша адамзатқа жылы шырайлы  ислам құндылығын нәсихаттаумен бірге қорғауды міндетім деп біледі.  Батыс тарапынан берілген соққылар мен арантудан барынша сақтықпен қорғануды сезіне бастады.  Әмерикалық  христандар да діни мүдделері  жәйлі алаңдаулы. Жақында арнайы бір сайтта «Таяу Шығыста христиандық жойылама?» , деген мақала жарияланды. Лондонда бас қосқан дін басылар аталмыш елдердегі христан дінінің орны мүлде төменге түсіп кеткенін айтты.

                

 Адамзаттың бақыты  - бейбітшілік               

 Азаттықты  сүйетін болсақ қазақ  даласының дүрбелеңсіз  тыныш өмірі әр бір есті адам үшін маңызды. Қандай дәуірде де адамға керек басты бір құндылық бар екен. Онсыз адам тыныш өмір сүріп ештеме істей алмайды. Бәрімізге  ғибрат ретінде мына бір үлгілі  нәрсені  назарларыңызға ұсынамын.  Алланың досы ретінде танылған Ибраһим пайғамбар қасиетті меккеде  кағбаны тұрғызып болғанан кейінгі ең бірінші жасаған дұғасы, сол жерге бейбітшілік тіледі. Сонан кейін барып Екінші рет ризық тіледі. Демек, тыныштық болмайынша басқа жағынан бақытты болу мүмкін еместігін ашық көрсетеді.

 Алланың елшісіне дін дегеніміз не дегенде? Пайғамбар с.ә.у  «жақсы мінез» деген екен. Жаңағы сол жеке тұлғадан басталған бүлік, мемлекеттік деңгейге жол алса онда адам рухындағы көптеген  нығметтер мен құндылықтар тас-талқан болады.  Сонда барып бүліктің арандатушылықтың қасіретін тартамыз.  Айтпағым, қазірге дейін қанша мың жыл болсада сол жер бейбітшіліктің бесігі болды!  Осы мысалда білген адамға көптеген ғибрат бар.

 Қазірге дейін сәнге айналған сөз бар. Ол не деген де?  Қазақ байлығы шетелге кетіп жатыр, одан бізге пайда жоқ, бір грамм ешкімге бермеуіміз керек еді деген сияқты наразылық сөздер жиі айтылады. Менде бұрын солай ойлайтынмын...  Ол сөздердің де жаны бар, дей тұрғанмен сол байлық үшін бәрін салып отырған  державаларға белгілі мөлшерде  пайдасын бермесе  болмайтыны  шындық. Солардың белгілі  мүддесіне жол ашпағанда, біз сыияқты кәмелетке толмаған шағын мемлекетті қол жаулық   қылып талауға түсіруі әбден мүмкін... Бұл жан –жақтылы ойлағанан шыққан сөз.

 Сол жағынан қарағанда, кейде ұтылудың өзі тарихи жеңіске жеткізетіні сөзсіз!  Бұл жағына патшамыз   тыныштықты басты құндылық деп қарап мейілінше сол жағына жағдай жасағаны шындық. Әлемдік әренада ол кісі тыныштықтың тұлғасы ретінде қаралатыны ақиқат.  Байлықтанда  қымбат нәрсеміз бар ол  – Бейбітшілік!  Кейде сол ерекше байлықтың өзі такапарлықты арттырып, құдайды танымауға тіке себепкер болатын шындық... Төсекпен ұйқыны, байлық пен бақытты сатып алуға болмайтыны сияқты,  Сол байлықпен иманды халықты қалыптастыруға келмейді...  Бұл өз жүрек сөзім.  Біз сүю мен жағымпаздықты ажырата алмай жүрміз. Екеуінің арасы аспан мен жердей емес пе?  Маңдайдағы көзбен емес, рухтың көзімен қарасақ қалай болар еді?! Мұлде басқа ой келеді екен...

 Төрт масхабтың бірі Имам Ахмад залым патша мен әділ патшаның екеуінің де  қасында  өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Ол кісі қайтыс болғанан кейін баласы әділ патша болады.  Сол екі патшаның да қасында болып,  соңында солар туралы:  «Қасымда болғанда уағыз айттым, алыста болғанда дұға жасадым», -  дейді. Екеуінде бірдей көрген. Демек, сабыр мен ізгі ниет оларды бақытқа жеткізген. Яғни, өзі залым болғанмен баласы әділ болып олардың игілігіне айналды. Қашанда, айналамыздан жақсы дүние көруге тырысайық. Иса пайғамбар жолдастарымен бір жерде тұрғанда, бір ит алдарынан шыға келіпті, сонда қасындағы біреуі «не деген сасық»  десе, енді біреуі «Түрі не деген жаман» деген екен. Сонда Иса пайғамбар  «Тісі не деген аппақ»  деген екен. Жаңағы сөзімізге бұдан өткен жақсы мысал жоқ.  Тыныштықтан асқан бақыт жоқ!  Құран аятында: «Жүректің тыныштығы адамның бақыты», - делінген.  Демек ендігі күресіміз тыныштық  үшін болуы керек.

Бұл мақаламыз алуан парақты ой тастадық. Бауырлас мемлекетті шарпып жатқан сол арандатушылық біздің елімізден алыс болсын деген ізгі тілек. Қашанда, солай болуға Алла нәсіп етсін!  Мысырдағы қырғынды естіп көмекке, жиһадқа  кетіп жатқан Қазақстаннан мұсылман бауырлар  біраз бар көрінеді. Олардың олай істеуі ғалымдардың айтуынша дұрыс емес. Шейх Фаузанның  Сирияға соғысқа кетем деген азаматқа «Жиһадқа баруыңа болмайды. Семьяңа, бала-шағаңа кім көмектеседі?» деген. Ибн Баздың бір сөзінде «ислам үшін өлгеннен, ислам үшін өмір сүрген қиын», деген.  Қарағандылық белгілі дін танушы ағамыздың бір сөзінде: «жаудың оғынан емес, ширктің оғынан өліп жатқан бауырларымыз  қаншама? Жиһадпен ғибадат жасаймын деген адам таудан домалап намаз оқимын дегенмен бірдей. Өлуге емес, өліп бара жатқан адамды тірілтуге көмектесейік. Қаламмен жұмыс жасау, қылышпен жұмыс жасаудан өткірірек», - деген терең мәнді сөздері бар.

 Осы жерде өте маңызды Адамзаттың үлгісі Пайғамбар с.ә.у туралы бір жайды айтуды жөн көрдім. Өлімнен еш именбестен иманын сақтаған мұсылман бауырларға аты аңыз әйел сахаба Сумайя жайлы еді. Мүшріктер туысын өлтіріп, өзіне неше түрлі қинау жасаған, баласының көзінше ұятты жеріне найза шаншып өлтірген.  Мұндай зұлымдыққа шыдамаған  басқа мұсылмандар  Алланың елшісіне келіп «соғысқа шықпаймыз ба»,  дейді. Сонда пайғамбар с.ә.у жоқ деп одан тиым салған. Демек, бұдан көптеген үлгі мен ғибрат алуымызға болады екен. Ол кісі аз ғана мұсылманның өлмей исламды таратуын ойлаған.  Өлгенен, өмір сүрудің қиын екенін білдірген. 

Ислам бейбітшіліктің діні. Ол жағын әрбір азамат жақсы білуі керек. Елімізде қандай бір жағдай болсада суық ақыл мен сәулелі ойға ырық берейік. Сөзіміздің басында айтқандай жамандық емес жақсылықты,  көлдей жамандықтан, көздей жақсылықты көрейік.  Сырттың арандатушы күштерінің қол шоқпарына айналудан сақтанайық.  Дүниенің тартысынан көрі, тіліміз бен дініміздің жыртысын жыртайық!

Жезөкшелік пен  қызтекелікті нәсихаттайтын, дінсіздік тексіздікке  малынған құрлықтың арғы беті,  еш қашан бізге үлгі бола алмайды.  Әрі адам құқы, демократия деген жалған ұранында санамызға сіңіре алмайды. Жалған демократиясы асқынып қалай анархияға айналды... Сол жағынан  адам жанындағы  ізгі ахылақ  моральды талқандады.  Сонан барып әтейістік қоғамның апсолиятына айналады.  Жаһанданудың бораны есігімізден, тереземізден кіріп болды. Ол күндіз-түні рухымызға шабуыл жасауда. Біздің әрбірімізді сол алапат үстемдіктен сақтайтын бірақ нәрсе бар екен ол –  Иман. Кеудеміздегі жалғыз құндылығымыз жарқырасын! Адамдық кемелділігімізді биіктетсін! Құласақ адамдық биіктен құлайық!  Адамша өмір сүрудің өзі үлкен жиһад, жеңімаздық... 

 Өмір деген бір сөйлем сөз, сол бір сөйлем сөзді дұрыс жазу әр кімнің өз қолында! Қабылдың (Адам атаның екі ұлы)  төгілген қанымен Әбілдің есімін қашанғы жаза береміз... Тұлпардың тостақтай көзінде шер болып оқылып, сөз болып өлмейтініміз шындық!   Малым жанымның, жаным арымның садақасы деген халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпасақ бәрін  Алла біледі, жеңіп шығамыз! 

Abai.kz

           

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612