Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 6 Қыркүйек, 2013 сағат 11:04

Елдос Есенгелдиев. Ши жин пиң келе жатыр... қарыз сұраймыз ба? Қазақ сұраймыз ба?

Бүгін Қытайдың мемлекет басшысы Ши жин пиң Қазақ еліне келеді. Орта Азияның төрт мемлекетін аралауға шыққан Президенттері жайында Қытай ақпараттары «Орта Азия бізге тәуелді» деген сыңайда жарыса жазуда. Бейресми деректерге қарағанда Қазақстанның соңғы жылдары ханзу жұртынан алған қарызы 40 миллиард доллардан асатын көрінеді. Яғни экономикамыз жағынан алып көршімізге әбден тәуелдіміз деген сөз. Оны Алматының үлкен базарлары мен ирек жазулы асханалары бар көшелерінен де анық байқауға болады. Тіпті қазақ мұнайының 40 пайыз Қытайдікі екендігі жайында да  аз әңгіме айтылған жоқ.

Иә, біздің Елбасымыз Қытайдың бұдан бұрынғы Президенттері Жаң зы мин мен де, Ху жин тау мен да ара қатынасын жаман ұстамады. Алыс-берісті, барыс-келісіті жиілетті. Тәуелсіздіктің 22 жылында екіге жарылған  қазақтың көш мәселесі реттелмегені болмаса, экономикалық салада тиісті жетістіктерге жетті деугеде болады.

Ал Қытай билігінің ендігі көсемі Ши жин пиң кім? Ол қандай адам?

Біздегі бар мәліметтерге сүйенсек, ол бір жарым миллиард елдің тізігінін ұстай сала, ең алдымен «жемқорлық жайлаған» билік дәлізін бір кісідей тітіретті. Министр дәрежелі 10-ға тарта шенеуніктің біреуін атқызды, біреуін жапқызды... Әйтеуір ішіп-жеп қойғандарды оңдырып жатқан жоқ. Яғни арам ақашға құмарларды аямайтын басшы ретінде көзге көрінді. Соған қарағанда «жемқорлық» дейтін ұғымды қатты жек көретін болса керек.

Шындығын айту керек Ши (өз елдерінде «Ши төраға» деп атайды) билікке келгелі Қазақстанмен қатынасты оңдырмады.

1)      Қазақстан азаматтарына Қытайға виза беру тәртібін қиындатты. Соның салдарынан Алматыдағы Қытай консулының алды жыл бойы ұзын-сонар кезектен арылған жоқ.  

2)      Бұрыннан беріліп келген 1 жылдық визаны тоқтатты. Яғни 3 айда бір рет қана Қытай асуға мүмкіндігіңіз бар. Оның өзін тиісті шақырулар алдырып жүріп әрең аласыз.

3)      Негізінен «топтық виза» тәртібін орнатып, бірнеше адамды бір-біріне тәуелді, бір-біріне бағынышты, бір-бірін бақылап жүруге мәжбүр қылды.

Бұл кедергілер ең алдымен Қытаймен сауда байланысын орнатып, нәпақасын тауып жүрген Қазақстандық кәсіпкерлерге қиындық әкелді. Есесіне қазақ жерінде жүздеп, мыңдап Қытай кәсіпкерлері қаптап жүр...

Міне, бүгін сол Ши жин пиң өзі атағандай «стратегиялық сенімді әріптесі» Қазақ мемлекетіне ат басын тірейді. Қарызын сұрап келді ме, жоқ, басқа «өтініштермен» келді ме? Оны бір Алла, сосын біздің Елбасы біледі. Мәселе Ши жин пиңнен біздің ел не қалайды? «Қонақ кәдеге» не сұраймыз? Әлде, баяғы қарызға қарыз жамаймыз ба? Соны анықтап алайық.

Біздіңше, Қазақ елі үшін Қытаймен арадағы ең маңызды мәселе «Қазақ көшінің» жайы болу керек.  Күлкілі болсада осылай айтуға тура келіп тұр. Күлкілі дейтініміз шындап келгенде ол жақтағы қандастарымызды Қытай аяқтан алып отырған жоқ. Бар бәлені біздің ел өзі жасап отыр... Тіркеуді қиындатты, ықтияр хатты бермейтін болды, қазаққа Қазақстан азаматтығын беруді алынбас қамалға айналдырды. Осының бәріне «Қытай азаматтығынан шығып келу», «сотталмағаны туралы анықтама» деген сияқты қитұрқы талаптар кінәлі. Есі дұрыс мемлекет қылмыскерге паспорт беріп, шекарасынан шығара ма? Есі дұрыс мемлекет өз азаматы басқа елдің азаматтығын қабылдамай тұрып оның төлқұжатын тартып ала ма? Осындай қарапайым сауалдарға жауап таба алмаған біздің заң жасап отырған, соны атқарып отырған құзырлы орын қызметкерлері қайдан келген? Қайдан оқыған? Бұған Ши жин пиң кінәлі емес шығар... Рас, ол жақтағы қандастарымыздың тілінен, дінінен айырылып бара жатқанын айтуға болар. Бірақ ол Қытай мемлекетінің өз ісі. Қытайша оқыта ма? Қытайша сөйлете ме? Өзедерінің еркі. Қазақастанның қолынан келер қайран – Атажұртына оралам деген қазаққа барлық жағдайды жасау, Қытай тарапынан кедергілер болып жатса дипломатиялық тұрғыда оң нәтижеге қол жеткізу.

Ал, Қытаймен экономикалық байланысты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, аймақтық ынтымақтастық... Оның бәрі өз сүрлеуімен келе жатыр. Анығы, олар үшін миллиардтаған қызыл юанмен қазақ жеріне жасыл шырақ жаға алса  болғаны...

Біз үшін ше? Біз үшін алып мұхитқа сіңіп бара жатқан бір тамшы қазағымызды аман-есен атажұртқа көшіріп алудан артық ештеңе жоқ. Ақшасын қолына ұстаған қытай табылады. Қазақтан көз жазып қалмасақ болғаны... Алаш мемлекеті Ши жин пиңнен осыны сұрасын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2187
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619