Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2438 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:20

Қостанайда бірнеше пәтер тоналды, ұры ұсталды

Қостанай. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Қостанай қаласының ІІБ Солтүстік ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері биылғы жылдың шілде-тамыз айларында жасалған пәтер тонау оқиғаларын ашты. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлайды.

Биылғы жылдың шілде-тамыз айларында қаланың солтүстік бөлігінде бес пәтер тоналды, келген жалпы шығын 1 млн теңгеден асты. Ұрылар үйлер мен пәтерлерге терезе арқылы немесе есіктерін бұзып кірген. Ұялы телефондарды, аппаратураны, алтын бұйымдарды олжа қылған.

Тонаушылық әрекеттерді ашу мақсатында қылмыстың осы түрін тергеуде тәжірибесі мол қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстардың барлығы бір әдіспен жасалған.

Оперативті жолмен нашақор ретінде тіркеуде тұрған  30 жастағы қостанайлық анықталды. Оның айтуынша, ол қылмыстардың барлығын өзі жалғыз жасаған және бір жолы ғана сыбайлас қажет болған. Ол да нашақор болып шықты.

Ұры ұрлаған заттарды кездейсоқ адамдарға арзан бағаға сатып отырған. Полицейлер одан заттай айғақтардың бір бөлігін тәркіледі. Күдікті қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2233
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634