Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2980 0 пікір 5 Қыркүйек, 2013 сағат 09:35

«Скаттың» жолсерігі: «Қазақ тілін білмеймін, білгім де келмейді!»

Мен, Алтынай Қабиденқызы, Жарылғап Қалыбайдың жарымын. Екі баласының анасымын. Кешеден бері үлкен әңгімеге айналып үлгерген оқиғаның шын мәнінде қалай өрбігенін нақты айтып бере алатын мен болып тұрмын.  26 тамыз күні кешкі сағат 21.00  шамасында отбасымызбен Анталия-Алматы бағыты бойынша «Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен елге қайтып келе жатқанымызда 1 жасар баламыз Махамбеттің кенеттен қызуы көтеріліп, мазасызданып жылай бастады. Сол себепті, әкесі яғни, менің жолдасым мен және менің сіңлім үшеуімізге баланы кезектесіп көтеріп, борттың ішінде түрегеліп жүруімізге тура келді. Ондай әрекетіміз (есімі есімде жоқ. Бірақ кейін белгілі болғандайұйғыр ұлтының өкілі) борт жолсерігіее ұнамаған болуы керек, бізді әрі-бері жүрген сайын итеріп өтіп, ашуланып, өктем дауыспен: «Сядьте, сядьте!» деумен болды. Біз "Еріккеннен түрегеліп тұрған жоқпыз, баламыз ауырып, жылап тұр" деп түсіндірмек болған едік, қазақ тілін түсінбегендіктен үндемей өтіп кетті. Кейін тағы бір итеріп өтпек болғанда күйеуімнің үстіне томат шырынын төгіп алды. Онсыз да баламыздың жылағанына не істерін білмей, сіркесі су көтермей тұрган жолдасым жолсерікке "Мынауың не?" деп еді, әлги жігіт "Орысша айтыңыз. Мен тіліңізді түсініп тұрған жоқпын" деді де жауап кутпестен кете берді. Сол кезде жолдасым оның артынан жолсеріктердің шағын бөлмесіне өтіп кетті.

Мен, Алтынай Қабиденқызы, Жарылғап Қалыбайдың жарымын. Екі баласының анасымын. Кешеден бері үлкен әңгімеге айналып үлгерген оқиғаның шын мәнінде қалай өрбігенін нақты айтып бере алатын мен болып тұрмын.  26 тамыз күні кешкі сағат 21.00  шамасында отбасымызбен Анталия-Алматы бағыты бойынша «Скат» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен елге қайтып келе жатқанымызда 1 жасар баламыз Махамбеттің кенеттен қызуы көтеріліп, мазасызданып жылай бастады. Сол себепті, әкесі яғни, менің жолдасым мен және менің сіңлім үшеуімізге баланы кезектесіп көтеріп, борттың ішінде түрегеліп жүруімізге тура келді. Ондай әрекетіміз (есімі есімде жоқ. Бірақ кейін белгілі болғандайұйғыр ұлтының өкілі) борт жолсерігіее ұнамаған болуы керек, бізді әрі-бері жүрген сайын итеріп өтіп, ашуланып, өктем дауыспен: «Сядьте, сядьте!» деумен болды. Біз "Еріккеннен түрегеліп тұрған жоқпыз, баламыз ауырып, жылап тұр" деп түсіндірмек болған едік, қазақ тілін түсінбегендіктен үндемей өтіп кетті. Кейін тағы бір итеріп өтпек болғанда күйеуімнің үстіне томат шырынын төгіп алды. Онсыз да баламыздың жылағанына не істерін білмей, сіркесі су көтермей тұрган жолдасым жолсерікке "Мынауың не?" деп еді, әлги жігіт "Орысша айтыңыз. Мен тіліңізді түсініп тұрған жоқпын" деді де жауап кутпестен кете берді. Сол кезде жолдасым оның артынан жолсеріктердің шағын бөлмесіне өтіп кетті. Онсыз да Анталияда демалып жатқан орыстілді қазақ отбасыларына жыны келіп, барімен дерлік осы тұрғыда сөзге келіп жүргенін көргендіктен, төбелеске ұласып кетпесін деп артынан мен де бардым. Сөйтсем, жолдасым жолсерік жігітке "Айналайын, сен қазақ елінде тұрсаң, қазақ тілін білуге міндеттісің. Тіпті, білмесең де менің құқымды шектеме. Түсінсең де, түсінбесең де, мен тек өз тілімде сөйлеймін" деп жатыр екен. Ал әлгі жігіттің "Мен қазақ тілін білмеймін, білгім де келмейді" дегеніне, шыны керек, менің де қаным қарайып шыға келді. Айжан есімді қыз екеуіне "Ұшақтан шыға сала әуекомпания басшылығына екеуіңнің үстіңнен арыз жазып, жұмыстан босатуларын талап етемін. Өйткені, сендер, біріншіден, өз қызметтеріңді дұрыс атқара білмедіңдер. Бізге келіп, баланың неге жылап тұрганын, біздің неге түрегеліп тұрғанымызды, бір сөзбен, мән-жайды сұрап, қандай да бір көмек ұсынудың орнына немқұрайлылык таныттыңдар. Екіншіден, мемлекеттік тілді қорлап, біздің құқымызды шектедіңдер. Сондықтан әуекомпания басшылығына шағымданамын" деп ескерттім. Олар болса, бізден кешірім сұрап, шай әкеп беріп, орнымызга жайғастырды. Бірак, артынша қолдарына бір парақ қағазды алып, оқиғадан бейхабар болып отырған алдыңғы жақтағы жолаушыларға біз отырған жерді нұсқап, әлгі қағазға қол қоюларын өтініп жатты. (Тағы да негізгі қызметтерін жайына қалдырып). Жолдасым ұялы телефонын қосып, олардың әрекетән түсіріп алмақшы болды. Бірак Айжан есімді жолсерік қыз телефонды қолымен қағып жиберді. Ұшак жерге қонуға шамалы-ақ уақыт қалғандықтан, бәрімізге орнымызға отырып, жанымызды шүберекке туйіп, аман-есен жерге қонуымызды тілеу ғана қалды. Ұшак әуежайға келіп тоқтағаннан кейін полиция қызметкерлері келіп жолдасымды алып кетті.

"Ұшақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіріпті" деп ақталыпты "Скат". Ондай болмақ түгілі, біз ұшақтың соңғы орындарында отырсақ, тіпті алдыңғы қатардағы жолаушылыр бұл мәселеден мүлде бейхабар болды. Ал, Гүлмира есімді келіншектің Ж. Қалыбайдың жанында отырған рас. Алайда оның "Закон. кз"-ке берген сұхбатын оқып, жағамды ұстадым. Шыны керек, түнімен ұйықтай алмай шықтым. Өзіміздің қаракөзіміз аяқастынан куәгер болып, өтірікті қиыннан қиыстырып сөйлейтін болса, бәрін де қоя салу керек екен деп ойладым. Бірақ, оған да Ж. Қалыбайдың "қазақша сөйле! қызыңды "қара орыс" етіп тәрбиелепсің, онсыз да!" деген сөзі өтіп кекенін байқағанмын. Ол келіншек өзі шу көтеріп, қызының жүйке жүйесінде ақау бар екенін айтқан кезде бойжетіп қалған қызы жылап жіберген болатын(нені түсініп жылаған білмеймін). Қызын жұбатудың орнына жарты сағат тоқтамай сөйледі. Соған қарап мына әйелдің өзінің де дені дұрыс емес-ау деген ойға қалғам. Ол болса, сөзін "қазақ болмай-ақ қояйын, қазақ болғым да келмейді!" деп аяқтады. Ешкімге де күйе жағып, ешкімді де жазғырғым келмейді. Бірақ, көпе-көрнегеу жала жабу заңға да, адамдыққа да тура келмейді деп ойлаймын. Ал, әлі орыс Иринаның қай жерде отырып, нені байқағанын білмедім... Бір білерім, біздің жанымызда ешқандай орыс отырған жоқ. Егер "Скаттың" осындай ұпай жинайтынын алдын-ала білсек, көңілде кірбің болса, біз де куәгер адамдардың координаттарын алар едік.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2131
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612