Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2187 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:20

Қарағандыда доңыз тұмауы пандемиясының алдын алу бойынша оқу-жаттығулар өтті

Қарағанды. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні  Қарағандыда қаланың екі емдеу мекемесінің негізінде  А/H1N1 тұмауы пандемиясының алдын алу және оның кезінде әрекет ету бойынша командалық –штабтық оқу- жаттығулары өтті.

Облыстық ТЖ жөніндегі департаментінің хабарлауынша, төтенше оқиға бойынша жаттығулар сценарий бойынша өтті. Оған сәйкес,  №1 емханаға тұмау белгілері бар бойжеткен келді. Анамнез пациенттің қалаға үш ай уақыт бойы Англияда болған соң келгенін көрсетті. Ол елде ауру белгілері бар адамдармен қатынас жасаған.

«Оқу- жаттығулардың мақсаты – барлық қызметтер – денсаулық сақтау, санэпидқадағалау, ТЖ, АҚ, атқарушы органдардың А /H1N1 пандемиясы туындағанда қалыптасатын төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерге дайындығын тексеру.  Алдын ала бағалау бойынша, барлық қызметтер нақты әрекет етті. Сырқат бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасының арнайы боксына жатқызылып, оқшауланды, онымен қатынаста болған адамдар анықталып, ғимараттар залалсыздандырылды. Қызметтер тұмаудың бас көтеруі кезінде әрекеттерге дайын екендерін көрсетті, деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Валерий Кривега.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637