Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1285 0 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 18:03

Экс-депутат Әлтаевтың соты жабық режимде өтеді

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.

Прокурор Олжас Хайруллаев іс бойынша куәгер Әміровті “біреулер қорқытқандықтан” істі жабық өткізуді соттан сұрады. Алайда Әлтаев пен адвокаттары бұған қарсы шықты. “Әшімовті біреулер қорқытса іс қозғасын” деді Әлтаевтың өзі.

Әлтаевтың өзі сотқа таяқ ұстап келген. Адвокаттар оның денсаулығында кінәрат барын, егде анасы мен балалары барын айтып, сотталушыны үйқамаққа жіберуді өтінген.

Әлтаевтың өзі “ісім саясиланған” деп есептейді.

Сот Әлтаевты үйқамаққа жіберуге келіспеді. Прокурордың істі жабық режимде өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2172
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2572
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2458
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672