Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1178 0 пікір 31 Қазан, 2023 сағат 14:20

Қазақстанда 6 мың адам өзін банкрот деп жариялады

Елімізде өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың саны 6 мыңнан асты.

«Халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет», - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өзін банкрот деп жариялаған азамат оның қарызы жабылады деген түсініктен аулақ болу керек.

«Бүгінгі таңда банк саласындағы интернет-алаяқтық өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары мұндай фактілердің саны 5 есеге дейін көбейіп кеткен. Жыл басынан бері интернет-алаяқтыққа байланысты 15 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген зиянның мөлшері 13 млрд теңгені құрады. Оның 65%-ін шетелден келген алаяқтар жасаған», - дейді ол.

Одан бөлек, Премьер-Министр Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және мобильді байланыс компанияларымен бірге осындай жағдайларға мониторингті күшейтіп, алаяқтық фактісі бойынша азаматтардың өтініштерін жедел қарауы керектігін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2171
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2456
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672