Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2447 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:18

Қазкоммерцбанк $76 млн-ға еурооблигацияларын сатып алды

Алматы. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазкоммерцбанк бұрын шығарған еурооблигацияларын қайта сатып алуды аяқтады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, банк 2007 жылдың қазанынан 2009 жылдың қырқүйегіне дейін 2009 жылдың қараша айында өтелетін номиналы бойынша  көлемі $76 млн болатын өзінің еурооблигацияларын қайта сатып алуды жүзеге асырды.

«Облигацияларды Kazkommerts International B.V еншілес  компаниясы 2004 жылдың 3 қарашасында $500 млн сомамен шығарған және банк кепілдендірген. Өтеу мерзімі – 2009 жылдың 3 қарашасы, купон – 7%. Қайта сатып алу 75,965,000 АҚШ долларына 91,8% орташа баға бойынша жасалды», - делінген банктің хабарламасында.

Қазкоммерцбанк қазақстандық банк жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда банктің активтері 2 802,5 млрд теңгені құрады, ҚАЗКОМ активтері бойынша нарықтағы үлесі 21% , Қазақстандағы депозиттері бойынша үлесі 21% болатын ірі банк болып табылады. Қазкоммерцбанктің негізгі акционерлері: «Орталықазиялық инвестициялық компания» АҚ және директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердин, Alnair Capital Holding, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы Қазақстан үкіметі және Еуропаның қайта құру және даму банкі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2238
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636