Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3242 0 пікір 2 Қыркүйек, 2013 сағат 08:15

Айдос Сарым. Ресейлік әртістерді әлдақандай қылғанды қояйықшы, а?

Бір сайт әзілкеш Тұрсынбек Қабатов орыстың КВН-ында ойнайды екен деп байғазы сұрап жатыр екен.
Осы да жаңалық па? Онда Тұрсынбек талай тойда тамада болып жүргенін де жазайық. Тұрсынбек Мәке мен Сәкенің тойын өткізді деп.
Қазақ түсіріп жатқан киноға бір орыс келіп жатса, оны әлдеқандай етеміз. Барлық телеарналар көрсетіп, барлық газеттер жазып шығады. Осы да жаңалық па? Маған тіпті солардың келмегені дұрыс! "Жаужүрек мың бала" фильміне Ресей әртісі қатысқан жоқ, кассасы жаман болды ма?
Кеше қайсыбір каналдан "Ақан Сатаев Бауыржан туралы фильм түсіріп жатыр" деді. Құлағым елең ете қалды. Сюжеті мынаған саяды: сценарий бойынша Бауыржанды орыс генералы Пафиловтың тәрбиелегенін көрсету маңызды екен. Бір орыс әртісі соны жыр қылды. Соңында жыным келгені, журналист: "Бауыржан түсініксіз персонаж, тәйірі, бір жағынан батыр, екінші жағынан - әумесер" дегенге саятын комментарий беріп отыр. Бұл не? Бауыржан туралы қазақ жұртының пікірі баяғыдан бері анық емес пе?
Қысқасы мынаған келіссек.
Егер қазақтар өз фильмдеріне, концерттеріне әлемдік элитаға, ондығына кіретін әртістерді, әншілерді, режиссерлерді шақырып жатса, оны жыр қылуға тұрады.
Ал екінші, үшінші сорт ресейлік әртістерді шақырып, соны әлдақандай қылғанды қояйықшы, а?

Қазақ фильміне Ресейден әртіс келіп түспесе оның бағы ашылмайды деген жалған қағидаға қарсы шығайықшы. Қытай, Иран, Жапония, Түркия, Үндістан, Еуропа бар. Неге солардан әртіс алдырмаймыз? Жағдишия қайда, мысалы, жұрт білетін? Фильміне бір ресейлік түспесе ішкен асы батпайтын продюсерлер мен режисерлердің тас-талқанын шығарып отырсақ.
Мысалы, қазақтың киноларына түсуге құмар Панин деген әртіс Қырымда аузына келгенін айтып, ақыры Укринада қарабет болып жатыр,.
Ең бастысы, біздің продюсерлер мен режиссерлердің Ресей нарығына шығамыз деген тезистері қирап жатқаны анық қой! Қай орыс түскен қазақ фильмі Ресей прокатына шығып, жеңіске, қомақты нәтижеге жетіп жатыр? Яғни, бұл жалған үрдіс.

Abai.kz

0 пікір