Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6882 0 пікір 2 Қыркүйек, 2013 сағат 07:54

Әскерхан Ақтай. «Қайдасың, қасқа құлыным!»

        Біз Оралхан Бөкейді көрген жоқпыз. Бірақ тағылымын алып, қасында жүрген адамдай жақынбыз. Пір тұтамыз. Жабықсақ жұбатуды, қайрауды Оралханның шығармаларынан іздейміз. Оралхан ең бір қимас жақын адамым секілді. Бізбен дәлірек айтсақ бүгінгі буынмен Оралхан арасын жалғап тұрған қандай дәнекер десеңіз...ол, әрине, Оралхан ағамның телегей теңіз мұрасы. Мұра болғанда да, ғасырлар өткен сайын тот баспай жаңғырып отыратын асыл да, өміршең туындылары дер едім.

     Оралхан аға ақын еді. Қолтаңбасына үңілсеңіз тылсым сезім құдіретімен бедерленген түйдек-түйдек өзгеше сарынмен көмкерілген сөздері құдды бір өлең әлемінен әлдилеп, таңғажайып дүниенің сырлы әуенін естіркендей еді. Түркі жұртының төл мекен төр Алтай шынында да өзін жырлайтын, өзімен үндес, тылсым сезім иірімдеріне бай асқақ дарынды ұлды туғызды. Ол Алтайдың төл перзенті еді. Табиғат ананың қасқа құлыны болатын. Ғұмыр бойы сол Алтай анасын жырлады. Асқақ Алтай былайғы адам түсіне бермейтін ғажап сұлулығының сырын терең түйсінетін, сыр қалтарыстарына парасат шамшырағымен үңілетін сол ұлымен сырласты. Сол бір айрықшы дарынды перзентінің бойына сарқылмас сәулелі дарын құйды. Бүгінде өаңғар алтай Алтай Оралханды сағынатын секілді. Кербұғыдай кербез де, текті ұлын ақбас Мұзтау күте - күте күрсіне ме, қалай...

     Оралхан Бөкей артына сол бір асқақ Алтайдың мұзарт шыңдарындай асқар, әрі тылсым сыры мол, аласармас, заңғар туындыларын қалтырды. Оның шығармаларында асқар Ағажай Алтай бедерленді. Алтайдың бауырында өскен байырғы жұрттың қоңыр тірлігі сол қалпында бейнеленді. Ұлы өзендердің гүрілі, сарқыраманың сарынымен, күркіременің күркірі өзгеше бір сұлу сөзбен сиқырлы сұлулыққа көмеріліп суреттелді.

         ...«Атау кере»!.. Ғаламат дейміз, бас шайқап. Тамаша деп таңдай қағамыз. Классикалық ұлы дүние деп асқақтатамыз. Шынында да бұл ғасырда ғана сирек туатын дарындар жазатын, сирек жазылатын дара туынды. Бүгінде әлем мойындайды. Бір жерден естігенім бар еді. Оралхан аға өзі айтыпты деседі: - «Атау кере Оралхан жазғандықтан ғана Атау кере ғой, егер Шыңғыс Айтматов жазса ол Нобель сыйлығын алар еді» депті. Ақиқат сөз. Алайда «Атау кередей» асқар туындының даңқы әлдеқашан құрлықтарды аралап кеткен еді.

         Оралхан ағамыз табиғаттың төл перзенті дедік. Оның бойында табиғатқа тән тазалық, сұлулық айрықша кірпияздық бар еді. Сол үйлесімділік оның шығармаларында да көрініс тапқан. Мазмұны бай, терең мағыналы болатыны содан. «Атау кере», «Мұзтау», «Сайтанкөпір», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Өмір жыры», «Өз отыңды өшірме» қай қайсысын алсақта табиғаттың өзгеше бір бегзаттық дара қалпын кестелей бейнелейді.

     Алтай түркі жұртының от жағып, ошақ орнатқан мекені. Адамзат өркениеті Алтайдан басталады. Түркінің төл мекені сол төр Алтайды Оралхан төгілдіре жазды. Алтайға жолым түскен сайын асу арынды Бұқтырма мен Қатын суын жағалаймын.Асау өзеннін алапат гүрілі құдды бір Оралханның шығармаларын Алтайға оқып беріп жатқандай әсерде қалдырады. Шыңғыстайдың сәмбі талдары мен сұңғақ қарағай, сүмбі теректері Алтайдың самалымен сыбырлап сол Оралханның сиқырлы туындыларын ақбасты Мұзтауға оқып тұрғандай... Өзгеше бір сазды әуен естігендей боламын. Өйткені Оралханның шығармаларында Алтайдың даусы бар. Ол дауыс мәңгілік.... Алтайдың даусы болып күллі жаһанды жаңғыртады.

        ...Қатонқарағайдың Аршаты ауылы Қазақстанның ең шеткі нүктесі, шекарасы десек, оның арғы жағы да жайылған дастархандай Қазақтың жері. Алтайдың арқасында созылып жатқан ала сызықтың ар жағында да Қазақтар мекендеп отыр. Ресейдің қазақтар қалың шоғырланған өлкесі Қосағаш ауданы осы шекарамен түйісіп жатыр. Ал осы Аршатыдан Алтайдың оңтүстігіне сәл ойыссаңыз Қытайдың Алтай аймағындағы қазақтардың қонысы басталады. Сұлу Қанас қойнауына қарай ене бересіз. Тағы сол Аршатыдан шығар күнді маңдайға алып тура тарсаңыз ет асым уақытта Моңғол ұлысының қазақтар мекендеп отырған Бай Өлке аймағының шеті Қызылкезеңнен шыға келесіз. Алдыңызда жарқырап асқақ Мұзтаудың серігіндей болып биіктігі 5000 мертлік мұз құрсанған Бестәңір шыңы тұрар еді.  Отыкен мен Үкөк бойы - Жазатырдан Қосағашқа дейінгі асқар таудың саласын мекендеп жатқан Ресей қазақ ағайындарымызда, Бай Өлкедегі қарағайдың қарсы бұтағындай қалың қазақта, Өр Алтайдың өр мінез қазағыда асқар шыңдарға қарап: «Біздің Оралхан жазған Алтай осы»,деп мақтанады. Кербұғының сауырындай керілген ала таң жоталарға ұзақ қарап: «Біздің Оралхан а-нааа ----ууу жоталардың ар жағында туған» деп,тебірене айтар еді. Сағынышпен. Мұңлы жанарын бөтен елдерге телім-телім болып бөлінген қайран Алтайдың ақ шыңдарына қадап күрсінер еді. Ботаның көзіндей жәудіреген жанарлардан Алтайдың кербез кербұғысындай ұлдарына деген сағынышты, атажұртқа деген үміттің сөнбес қоламтасын байқар едіңіз...

Abai.kz

0 пікір