Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2417 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:11

ККМ жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауға лицензия енгізу мәселесін қарастыруда

Астана. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауға лицензия енгізу мәселесін қарастыруда, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі жеке автокөлігі барлар тиісті рұқсат құжаттарынсыз Астананың вокзал маңы мен басқа да аудандарынан Қарағанды, Көкшетау мен республиканың оңтүстік аймақтарына жолаушылар тасымалдаумен айналысатынын атап көрсетеді. ККМ мәліметтері бойынша аталған маршруттарда қаңтар-маусымда 73 ЖКО орын алды.

«Жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері көп жағдайда еңбек пен демалыс тәртібін бұзады, рейске шығар алдындағы медициналық және техникалық тексерістен өтпейді. Бұл ретте автобустар мен жеңіл автокөліктерді пайдалану мерзімі 15-20 жылдан асады», - дейді ведомстводан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйектің 9- мен 19-ы аралығында Астана-Қарағанды-Алматы-Тараз-Шымкент маршруттарындағы жолаушылар тасымалдауды реттеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету акциясы өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629