Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Қоғам 3548 10 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 16:13

Құдыс пен Израиль: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандарының діни басқарамасы Израиль мен Құдыс арасындағы соғысқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан мұсылмандарының діни басқарамасы Құдыста орын алып жатқан қантөгіске байланысты қатты алаңдатушылық білдіріп, көптеген жылодарға созылып келе жатқан проблема өзара түсіністік диалогы арқылы бейбіт жолмен шешілуін тілейді.

Бұлтартпайтын бір факті адамзатты бірлік пен мейірімділікке шақыратын Пайғамбарымыздың із қалған қасиетті жер бүгінгі күні соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандар, оның ішінде балалар мен бейбіт тұрғындар оның құрбандығына ұшырады, әлбетте, бұл бізді қатты қапаландырады.

Біз кім ауыр жарақат алды және қауіп кетердің шырмауында жүргендердің тез арада айығып кетуін қалаймыз», - делінген мәлімдеде.

Бірлестік екі тарапты бейбіт келісімге келіп, дереу бейбіт тұрғындар арасынды қан төгісті тоқтатуға шақырды.

Ары қарай ҚМДБ: «Біз құдыс халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдаймыз мәлімдейміз», - деген жолдарды үстеді.

Abai.kz

10 пікір