Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Билік 1918 2 пікір 29 Қыркүйек, 2023 сағат 20:26

Мемлекет басшысы «BIKEN» І халықаралық театр фестивалінің қатысушыларына құттықтау хат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» І халықаралық театр фестивалінің қатысушыларына құттықтау хат жолдады.

Президент лебізін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев оқыды.

«Сіздерді Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» I халықаралық театр фестивалінің ашылуымен құттықтаймын!

Бикен Римова – төл мәдениетімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Ол театр және кино саласында аяулы жардың, асыл ананың, ардақты әженің бейнесін шебер сомдап, ұзақ жыл бойы көрерменнің көзайымы болды. Сахна саңлақтарының ғибратты ғұмыры туралы естелік кітаптар жазды.

Өмірде де, өнерде де өзгелерге үлгі бола білді», - делінген құттықтау хатта.
Cондай-ақ «Халқымыздың парасатты перзентінің еңбегін ұмытпай, жан-жақты насихаттау – ортақ парыз. Осы орайда тағылымдық әрі танымдық мәні бар халықаралық фестиваль өткізудің маңызы зор. Бүгінгі іс-шараға қатысып отырған Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан мемлекеттерінің өнерпаздарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осындай жобалар бауырлас елдердің мәдени-рухани байланысын нығайта түсері сөзсіз. Төл өнерімізді дамытуға арналған игі шаралар болашақта да жалғаса береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», - делінген құтықтау хатта.
Сондай-ақ Жетісу облысына сапары аясында фестивальге арнайы қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларды құттықтай отырып, бұл мерекенің маңыздылығын атап өтті.

«Фестивальді Бикен Римова есімімен байланыстыру оның талантына тағзым ету ғана емес, сонымен қатар, театр өнерінің дамуына үлес қосқан барлық ұлы адамдардың шығармашылығын насихаттау деп білемін. Аңызға айналған актрисаны ұлықтау үшін басқа елдерден келген достарымызға да алғыс айтамын.
Әрине, бүгінгі фестиваль әр театр труппасының әлеуетін көруге, жаңа тұлғаларды тануға, әртүрлі елдердің шығармашылық ұжымдары арасындағы қарапайым адами қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға тамаша мүмкіндік береді»,- деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына арналған «BIKEN» І халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара аясында еліміздің және шетелдердің театр ұжымдары қойылымдар қойып, республикалық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр.

 

Abai.kz 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2173
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2575
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2461
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672