Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1523 4 пікір 29 Қыркүйек, 2023 сағат 15:26

Ташкенттегі жарылыстан 163 адам зардап шеккен

Ташкент әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умурзаков қоймадағы жарылыстан қанша пәтер зардап шеккенін жариялады.

Оның сөзінше, 26 көп қабатты үйдегі 592 пәтерге, 8 сауда және қызмет көрсету орнына, бір мектеп және екі балабақшаға зиян келген. 24 көп қабатты және 25 жеке үйдің шатыры бұзылған.

Президент тапсырмасымен вице-премьер-министр Ачылбай Раматов жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылды.

Ташкенттің Сергелі ауданындағы қоймада болған жарылыстан 16 жастағы жасөспірім қаза болып, 163 адам зардап шекті. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мекеме мәліметінше, 24 адам ауруханаға жатқызылған.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2172
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2573
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2459
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672