Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2239 3 пікір 29 Қыркүйек, 2023 сағат 15:05

Назарбаевтың мәртебеден айырылуы: Министр не дейді?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның тұңғыш президентін барлық мәртебесі мен қызметінен айыру туралы айтты.

Журналист министрден бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын артықшылықтар мен мәртебелерден айыруға қатысты парламенттің белсенді жұмысы туралы сұрады.

Министр осы жылдың ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп танылуы туралы» заңға тоқталды.

«Бұдан айтарлықтай себеп көріп тұрғаным жоқ. Бұл – қалыпты заң шығару процесі, қаңтарда қабылданған заңның жалғасын табуы. Артықшылықтарға келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті туралы конституциялық заңымызда экс-президентке тиісті кепілдіктер берілгенін анық айта аламын. Ол дегеніміз экс-президентті тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз етуге кепілдік беру деген сөз» – деп жауап берді Есқараев.

20 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңда Назарбаевты Қорды басқару жөніндегі кеңес құрамынан шығару туралы түзетулер де бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672